|
|
|
Қазақстан Республикасында өнiмдi (жұмысты, қызмет көрсетудi) ҚР Үкіметінің 15.07.97 ж. № 1112 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының "Стандарттау және сертификаттау туралы" Заңын күшiне енгізудiң тәртібі туралы" 1993 жылғы 18 қаңтардағы № 1887-XII қаулысын орындау үшiн және өнiмдi (жұмысты, қызмет көрсетудi) сертификаттауды адамдардың өмiрiнiң, денсаулығының, азаматтардың мүлкiнiң қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн стандарттың немесе басқа нормативтiк құжаттың мiндеттi талаптарына сәйкестендiрудi кезеңiмен енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн, алынатын және оның аумағына әкелiнетiн, бiрiншi кезекте мiндеттi сертификаттауға жататын бiртектес өнiмдер (жұмыс, қызмет көрсету) топтарының қоса берiлiп отырған Тiзбесi бекітілсiн. Ескерту. 1-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995. 09.13. № 1259 қаулысымен. 2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ лабораторияларын (орталықтарын) тiркеудiң барысына қарай аталған өнiмдi (жұмысты, қызмет көрсетудi) сертификаттауды кезең-кезеңiмен жүргiзудi жүзеге асыратын болсын. Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995. 09.13. № 1259 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет немесе сертификаттау жөніндегі ол өкiлдiк еткен органдар берген сәйкестiк сертификаттарымен расталады деп белгiленсiн. Тiркелген сынақ лабораториялары (орталықтары) болмаған жағдайда 1995 жылға дейiн өнiмнiң қауiпсiздiгiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетте тiркелген өндiрушiлердiң өтiнiш-декларациясымен растауға рұқсат етiлсiн. Ескерту. 3-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995. 09.13. № 1259 қаулысымен. 4. Мемлекеттік басқару органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөніндегі Бас басқармамен бiрлесiп, бекітілген тiзбелер бойынша оларға бекітілiп берiлген өнiмдi (жұмысты, қызмет көрсетудi) 1993 жылғы 1 шiлдеге дейiн анықтасын. Қолданылып жүрген нормативтiк-техникалық құжаттамаларда мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмге (жұмысқа, қызмет көрсетуге) талап қойылмаған кезде, олар Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөніндегі Бас басқарма келісімiмен айқындалады. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас кеден басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөніндегі Бас басқармамен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен келiсе отырып, 1993 жылғы 1 тамызға дейiн мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмге кедендiк бақылау тәртібін бекiтсiн. 6. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi мен Iшкi iстер министрлігі 1996 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттік автомобиль инспекциясы органдарында заңды және жеке тұлғалар импорттайтын жаңа және ұсталған автомобильдердi техникалық және экологиялық қауiпсiздiкке арналған сертификаты ұсынылмаған болса, оларды кедендiк ресiмдеу мен есепке қоюға тыйым салсын. Ескерту. Қаулы жаңа 6-тармақпен толықтырылды, 6-тармақ тиiсiнше 7-тармақ болып саналды - ҚРҮ-нiң 1996.04.29. № 529 қаулысымен. 7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөніндегі Бас басқарма мен оның аумақтық органдары облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп 1993 жылғы 1 шiлдеге дейiн тиiстi облыстардың аумағында мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдерге (жұмыстарға, қызмет көрсетуге) талаптың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бiрлескен жұмыс жоспарын әзiрлейтiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 мамырдағы № 411 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн, алынатын және оның аумағына әкелiнетiн, бiрiншi кезекте мiндеттi түрде сертификаттауға тиiстi бiртектi өнiмдер (жұмыс, қызмет) тобының Тiзбесi Ескерту. Тiзбе атауына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.09. 13. № 1259 қаулысымен. Балаларға арналған тауарлар Iшетiн су Тамақ түрлерi, ауыл шаруашылығы өндiрiсi мен жемшөп өнiмдерi Медициналық техника Дәрiлiк препараттар мен өсiмдiктер Терiнiң, тағам өнiмдерiнiң және iшетiн судың қосылуынан шығарылатын халық тұтынатын тауарлар Отын шикiзаты Тұрмыстық химия тауарлары Парфюмерия, косметика Улы химикаттар, минералды тыңайтқыштар Тұрмыстық қолданыстағы машина жасау және аспап жасау өнiмдерi Ауыл шаруашылық техникасы Жол және құрылыс машиналары Жеке қорғаныс заттары Электромагниттiк сыйысымдылығы мен қауiпсiздiгi сынақтан өткiзiлетiн электротехникалық, радиотехникалық, электронды бұйымдар Құрылыс материалдары және конструкциялар Байланыс құралдары Өрт пен жарылыс қаупi бар заттар, олардан жасалған материалдар мен бұйымдар Ұшу құралдары, олардың құрамдас бөлiктерi және әуе көлiгiн пайдалану Азаматтық теңiз кемелерi, өзен және шағын көлемдi кемелер, кемедегi тоңазытқыш қондырғылары, жүк көтергiштер мен контейнерлер, кеме жасауда қолданылатын материалдар мен бұйымдар Темір жол құрамы, жол, энергетика, белгi беру және байланыс қондырғылары Автомобиль көлiгi Тау-кен құралдары, кенiштiк электр бұйымдары, қопарғыш заттар мен қопару жұмыстарына қажеттi тетiктер, қысымды ыдыстар мен жүк көтеретiн машиналар Атом энергетикасы объектiлерiнiң жүйесiне кiретiн құралдар мен қауiптi негiздi өндiрiс
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |