|
|
|
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 665 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң мәртебесi туралы" 1993 жылдың 9 қаңтарындағы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң Қамқоршылар кеңесi құрылсын. 2. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң Қамқоршылар кеңесi туралы Ереже (№ 1 қосымша) және оның жеке құрамы (№ 2 қосымша) бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 маусымдағы № 540 қаулысына № 1 қосымша Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң Қамқоршылар кеңесi туралы Ереже I. Жалпы ережелер 1. Бұл Ереже Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетi Қамқоршылар кеңесiнiң (бұдан былай - Қамқоршылар кеңесi) негiзгi мақсаты мен қызмет аясы, ұйымдық құрылымы, сондай-ақ атқарар функциясы hәм құқы мен мiндеттерiн айқындайтын бiрден-бiр құжат. 2. Қамқоршылар кеңесi университет жұмысын қоғам мүддесiмен келiстiру, университетке қаржылай көмек көрсету, оның материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн құрылды. 3. Қамқоршылар кеңесi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулыларын, Премьер-министрдiң өкiмдерi мен осы Ереженi басшылыққа алады. II. Қамқоршылар кеңесiнiң мақсаты мен мiндеттерi 4. Қамқоршылар кеңесiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн университеттiң интеллектiлiк мүмкiндiгiн тиiмдi пайдалану, сондай-ақ университеттiң бұдан былай да дами беруiне жәрдемдесу, оған қажеттi материалдық немесе ұйымдастырушылық көмек көрсету болып табылады. 5. Осы басты мақсатқа жету үшiн Қамқоршылар кеңесi төмендегiдей негiзгi мiндеттердi алға қояды: университетте жоғары білім саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру; университет дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау; университеттiң дүниежүзiлiк білім беру жүйесiне енуiне атсалысу; бiрiншi кезекте фундаментальдық ғылым мен жаңа технологиялардың басым бағыттарына қолдау көрсету; ерекше қабiлеттiлiк көрсеткен азаматтардың сапалы жоғары білім алуына жәрдемдесу; ҚазМҰУ-дың студенттер, профессорлар мен оқытушылар құрамына, олардың интеллектiлiк және мәдени дамуының сұраныстарын қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасау; негiзгi қызметтiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi заңға қайшы келмейтiн басқа да функцияларды iске асыру. 6. Қамқоршылар кеңесi университет жұмысына: университет басшылығымен, оның бөлiмшелерiмен, оқытушылармен, студенттермен және қызметкерлермен тұрақты жұмыс байланысын жасап тұру; университеттiк iс-шаралар өткiзуге қатысу; университет қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар жасау арқылы қатыса алады. III. Қамқоршылар кеңесiнiң құқықтары 7. Қамқоршылар кеңесiнiң: халықаралық деңгейде мамандар даярлау саласындағы университеттiң қызмет бағытын анықтауға; университеттiң кадрлар әлеуетiн, материалдық және әлеуметтiк базасын күшейтуге, оның халықаралық байланыстарын дамытуға, Қазақстанның дамуының өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзуге бағытталған ұсыныстар енгiзуге; демеушiлiк көмектiң, оның iшiнде шетел демеушiлерiнiң көрсеткен көмегiнiң бағыты мен тиiмдi пайдаланылуын бақылауға; тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiлген өндiрiстiк және басқа да объектiлердiң тиiмдi пайдаланылуын тексеруге; университет қызметiнде орын алған кемшiлiктер бойынша ескертпелер айтуға, оларды жою жолдарын көрсетуге құқылы. IV. Қамқоршылар кеңесiнiң құрамы, құрылымы және функциясы 8. Қамқоршылар кеңесiнiң құрамына: мемлекеттік мекемелердiң, басқару органдарының; кәсiпорындар мен инвестор-ұйымдардың (концерндер, акционерлік қоғамдар, ассоциациялар, банктер, бiрлескен кәсiпорындар, бiрлестiктер); мамандарға сұранысы барлар мен университетке ол жөнiнде тапсырыс бергендердiң; жинақ кассасына ақша салған жеке адамдардың; қоғамдық ұйымдар, қорлар, ассоциациялар мен қозғалыстардың; шет мемлекеттердегi және Қазақстандағы ұйымдар мен әрiптес оқу орындарының өкiлдерi ене алады. 9. Қамқоршылар кеңесiнiң құрамы 5 жыл мерзiмге бекітіледi. Қажет болған жағдайда Қамқоршылар кеңесiнiң құрамына оның президиумының шешiмiмен жекелеген өзгерістер енгiзiлуi мүмкiн. 10. Қамқоршылар кеңесiнiң мәжілісiнде сайланған төраға Кеңестiң басшысы болып табылады. Кеңес төрағасы кеңес атынан арнаулы өкiлетсiз-ақ iс-әрекет жасайды. Кеңес атынан университет, мемлекеттік органдармен және басқа да барлық жауапты адамдармен қарым-қатынаста болады. Төраға Кеңес жұмысын Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеге сәйкес ұйымдастырып, iске асыруды қамтамасыз етедi. 11. Кеңес төрағасының орынбасарлары Кеңес төрағасының ұсынысы бойынша сайланады. Университет ректоры Қамқоршылар кеңесiне төраға орынбасарларының бiрiнiң құқығымен енедi. Орынбасарларының құзырларын төраға айқындайды. 12. Кеңестiң жауапты хатшысы Кеңес төрағасының ұсынысы бойынша сайланады. Ол Кеңестiң iс-қағаздарын жүргiзуге, оның мүшелерiнiң қызметiн үйлестiруге жауап бередi. 13. Қызметтi ұйымдастыруды үйлестiру және тiкелей басқаруды iске асыру үшiн тұрақты негiзде Қамқоршылар кеңесiнiң ұсынуымен құрамында Кеңес төрағасы, оның орынбасарлары, университет ректоры, Кеңестiң жауапты хатшысы және Кеңестiң үш мүшесi бар Қамқоршылар кеңесiнiң Президиумы құрылады. 14. Кеңестiң мәжілістерi оның жұмыс жоспарына сәйкес, кемiнде жылына бiр рет өткiзiледi. Жоспардан тыс мәжілістер қажеттiгiне қарай Кеңес төрағасының шешiмiмен немесе Кеңес мүшелерiнiң төрттен бiрiнiң талабы бойынша өткiзiледi. Қамқоршылар кеңесiнiң мәжілісiне оның мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысуға тиiс. 15. Кеңес шешiмдерi мәжіліске қатысушы Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 маусымдағы № 540 қаулысына № 2 қосымша ҚРКМ-нiң 16.05.1994 ж. № 525 қаулысымен құрамға өзгерiс енгiзiлдi; ҚРҮ-нiң 20.05.96 ж. № 615; 18.11.96 ж. № 1400 қаулыларымен құрам өзгертілді және толықтырылды Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетi Қамқоршылары кеңесiнiң құрамы Назарбаев Н.Ә. - Қазақстан Республикасының Президентi, Қамқоршылар кеңесiнiң құрметтi төрағасы (келісімi бойынша) Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары, аталған Кеңестiң төрағасы; Нәрiбаев К.Н. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң ректоры, Кеңес төрағасының орынбасары; Мансұров З.А. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң проректоры, Кеңестiң жауапты хатшысы болып; Аталған Кеңестiң мүшелерi болып: Әбiшев С.Ж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқарушысы (келісімi бойынша); Алшанов Р. - "Тұран-Азия" холдинг-орталығының президентi; Досмұхамбетов Т.М. - Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм мен спорт министрi; Жандосов О.Ә. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісімi бойынша); Жұрынов М.Ж. - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi; Қалабаев Н.Б. - Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi; Кох Карл Хайнц - профессор, Көмек қорының президентi (Бельгия) (келісімi бойынша); Нәбиев Ж.Ж. - "Қазақстан-Коммерция" акционерлік компаниясының президентi (келісімi бойынша); Құлмаханов Ш. - Алматы қаласының әкімі; Павлов А.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi; Сұбханбердин Н.С. - "Қазкоммерцбанк" акционерлік банкi басқармасының төрағасы; Тоқаев Қ.К. - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi; Хедлоу Мартин - ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы өкiлi (келісімi бойынша); Школьник В.С. - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi; Шөкеев О.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика министрi; Сәрсенбаев А.С. - Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iсi жөніндегі ұлттық агенттiгiнiң төрағасы (келісімi бойынша) Зана Е.Н. - "Теңiзшевройл" бiрiккен мекемесiнiң бас директоры (АҚШ) (келісімi бойынша) Тайсон Дж.М. - "Солтүстiк-батыс сулары" фирмасының қоршаған ортаны қорғау менеджерi (Ұлыбритания) (келісімi бойынша).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |