Қазақстан Республикасының Жер мониторингi туралы Ережесiн бекіту ҚР Үкіметінiң 17.09.97 ж. № 1347 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Жер мониторингi туралы қоса берiлiп отырған Ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi 1993-1995 жылдар iшiнде: жер моноторингiн және мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу үшiн жерге орналастыру қызметiнiң құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ республиканың басқа да министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi мен ведомстволары атқарған аэрокосмостық cуретке түсiру, топографиялық топырақ геоботаникалық және басқа картографиялық материалдардың, iздестiрулер мен тексерулердiң жарамдылық дәрежесiн айқындау жөніндегі қажеттi жұмыстарды жүзеге асырсын; мүдделi министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың қатысуымен стационарлық учаскелердiң, полигондардың, топырақ құнарлылығын және жердiң ластануын зерттеу жөніндегі станцияларының қазiргi ведомстволық желiлерiн түгендеудi жүргiзсiн және оның нәтижесiн ескере отырып жер моноторингiн жүргiзу үшiн желiнi одан әрi дамытуды айқындасын; жер моноторингiнiң нәтижелерiн қорыту мен талдаудың бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiн ұйымдастыру жөніндегі республикалық бағдарламаны әзiрлеп, өндiрiске енгiзетiн болсын. 3. өздерiнде жер қорының жай-күйi туралы, оның iшiнде жердiң қауiптi уытты заттармен ластануы туралы материалдары бар министрлiктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар олардың көшiрмесiн жыл сайынғы есептерге және Жер мониторингi мен мемлекеттік жер кадастры жөніндегі мемлекеттік /ұлттық/ баяндамаға енгізу үшiн Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiне тегiн табыс етедi деп белгiленсiн. 4. Топырақты зерттеу iсiн жүргiзуде, жер мониторингi мен жер қыртысының сапасын бағалап көрсету мәлiметтерiнiң дұрыстығын қамтамасыз етуде қосарластыққа жол бермеу мақсатында: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|