|
|
|
ШЕТЕЛДIК IССАПАРЛАРҒА ВАЛЮТА ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫН РЕТКЕ КЕЛТIРУ ҚР 2003 ж. 11 ақпандағы № 148 Қаулысымен осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi "Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртібі және шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуын бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 630 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мемлекеттік басқару органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың лауазымды адамдарын шет елге iссапарға жiберу үшiн орталықтандырылған мемлекеттік көздерден валюта қаржысын бөлу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмдерi негiзiнде жүргiзiлетiн болсын. Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Вице-Президентi, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, сондай-ақ оларға ерiп жүретiн адамдар (Президенттiң, Вице-Президенттiң, Жоғарғы Кеңес Төрағасының, Премьер-министрдiң зайыптары), Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасарлары мен Жоғарғы Кеңес Төрағасының орынбасарлары, Президент Аппаратының Басшысы, Министрлер Кабинетінің Iс Басқарушысы, күзет қызметiнiң бастығы, күзет қызметi бастығының орынбасары немесе бекітілген күзет комиссарлары шет елге шыққан кезде көлiк шығыны 1-сынып бойынша авиабилет құны мөлшерiнде шет ел валютасымен өтеледi. Қазақстан Республикасының Конституциялық сот төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы, Төрелiк сот төрағасы, Президент жанындағы Қауiпсiздiк кеңесiнiң төрағасы, Президент жанындағы бақылау инспекциясының Басшысы, Жоғарғы Кеңес Бақылау палатасының төрағасы, Бас прокурор, Үкiмет мүшелерi мен оларға теңестiрiлген адамдар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Президентi Аппараты Басшысының орынбасарлары, Министрлер Кабинетi Iс Басқарушысының орынбасарлары, Президент Аппаратының және Министрлер кабинетi Iс Басқармасының бөлiм меңгерушiлерi, Жоғарғы Кеңес комитеттерiнiң төрағалары шет елге шыққан кезде көлiк шығыны "Бизнес" сыныбы бойынша авиабилет құнының мөлшерiнде шет ел валютасымен өтеледi. Мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының басқа қызметкерлерi, мемлекеттік холдинг және акционерлік компанияларының басшылары мен қызметкерлерi шетелге шыққан кезде осы шығындар "Экономикалық" сыныбы бойынша авиабилет құны мөлшерiнде шет ел валютасымен өтеледi. Жергiлiктi өкiмет органдарының валюта қорлары есебiнен шет елге iссапарға жiберу тиiстi облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң шешiмдерi бойынша жүзеге асырылсын. Ескерту. 1-тармақ 2,3,4 абзацтармен толықтырылды - ҚРМК-нің 1994.09.01. № 981 қаулысымен. 2. Iссапарға жiберушi ұйымдардың басшылары алынған валюта қаржысының пайдаланылуы жөніндегі аванстық есептердiң тиiстi қаржы органдарына iссапардан қайтып келгеннен соң бiр апталық мерзiмде берiлуiн қамтамасыз ететiн болсын. Есеп айырысу бойынша белгiленген валюта қаражатының жетiспеуiнен келген зиян есеп берiлген күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен өтеледi. Ескерту. 1 абзацта сөздер ауыстырылды, 2 абзац жаңа редакцияда - ҚРМК-нің 1994.09.01. № 981 қаулысымен. 3. Мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн шетелдiк iссапарларға жұмсалатын қаражат көлемi олардың қарамағында қалатын валюта түсiмiнiң 5 процентiне дейiнгi мөлшерде белгiленсiн. 4. Ескерту. 4-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996. 04.19. № 479 қаулысымен. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: валюта түсiмi бар мемлекеттік ұйымдар, мекемелер және кәсiпорындардың шетелдiк iссапарларға валюта қаржысын жұмсау тәртібі туралы Ереженi; шет елде қысқа мерзiмдi iссапарда жүрген қызметкерлердiң шетел валютасымен жұмсалған шығындарын өтеу нормаларын әзiрлеп, бекiтетiн болсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бұдан былай елшiлердiң лауазымдық жалақыларының белгiленуiне және өзгеруiне байланысты бекітілген нормаларға және тұрғын жайды жалдаудың тәулiктiк шығындарын өтеудiң шектеулi нормасына өзгерістер енгізу құқы берiлсiн. 6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртібі және шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуын бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 630 қаулысының 6-тармағының екiншi және үшiншi абзацтарының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |