Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн ашық ғылыми-зерттеу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн ашық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң және олар бойынша есептiк құжаттарды табыс етудiң осыған қосылған тәртібі бекітілсiн. 2. Республиканың министрлiктерi мен ведомстволары, кәсiпорындары мен ұйымдары аталған тәртiпке сәйкес 1994 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институтында ашық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстардың (бұдан былай - ҒЗТКЖ) тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі: ҒЗТКЖ туралы ақпарат материалдарының мемлекеттік қорын құрауды қамтамасыз етсiн және 2 айлық мерзiмде осы Қор туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн; аталған қордың негiзiнде республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiнiң жай-күйi мен оның даму үрдiстерiне, Қазақстанның технологиялық құлшынысының Ұлттық мемлекеттік бағдарламасы мен республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асырудың барысына талдау жасап, ақпараттық-талдама материалдарды Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік басқару органдарына жыл сайын табыс етудi ұйымдастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 қарашадағы № 1161 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн ашық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеу және олар бойынша есептiк құжаттарды табыс ету Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|