|
|
|
Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 81 адам болып бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне министрдiң екi орынбасарын, сондай-ақ құрамында 11 адамы бар алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінiң орталық аппараты үшiн қызметтiк 3 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 9 қарашадағы № 1242 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптау-талдау жұмысы және баспасөзде заңдылықтың сақталуын бақылау Бас басқармасы Баспа қызметi, маркетинг және кiтап тарту жетекшi басқармасы Қаржы-экономикалық жетекшi басқармасы Өндiрiс, полиграфияны ғылыми-техникалық дамыту және сыртқы байланыстар жетекшi басқармасы Құқықтық реттеу бөлiмi Кадр бөлiмi Әкiмшiлiк-шаруашылық басқармасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |