Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу тәртібін бекіту туралы Қазақстан ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Мемлекеттік су кадастрын жүргiзудiң ұсынылып отырған Тәртібі бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 қаңтардағы № 75 қаулысымен Бекiтiлген Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу тәртібі ЕСКЕРТУ. Тәртiптiң мәтiніндегі сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен. 1. Мемлекеттік су кадастры Қазақстан Республикасының бiртұтас су қорының құрамына кiретiн сулардың жай-күйi, пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жүйеге келтiрiлген, үнемi толтырылып және анықталып отырылатын мәлiметтер жиынтығын көрсетедi және судың мөлшерi мен сапалық көрсеткiштерi бойынша есебiн, су пайдалануды тiркеу, сондай-ақ судың пайдаланылуы туралы мәлiметтердi қамтиды және "Жер үстi сулары", "Жер асты сулары", "Судың пайдаланылуы" жайлы үш бөлiмнен тұрады. Мемлекеттік су кадастрының басты мiндетi экономика салаларын су объектiлерi, су ресурстары, оның режимi, сапасы мен пайдаланылуы, сондай-ақ су пайдаланушылар туралы қажеттi мәлiметтермен қамтамасыз ету болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|