|
|
|
Су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау туралы ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. № 144 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 29 сәуірдегі № 600 қаулысымен Бекiтiлген Су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау туралы Ереже ҚР Үкіметінің 1996.08.20. № 1031 қаулысымен Ереженiң мәтiнiне өзгерiс енгiзiлдi 1. Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудың мақсаты - барлық министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, меншiк нысанына қарамастан, ведомстволар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтардың су ресурстарын пайдалану және оны есепке алу, суды қорғау, оның зиянды ықпалын болдырмау және оны жою жөніндегі белгiленген тәртiптi сақтауын қамтамасыз ету. 2. Су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды: Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитет, Экология және биоресурстар министрлігі, жергiлiктi әкiмшiлiктер, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдық актiлерге сәйкес өз құзыры шеңберiнде арнайы уәкiлдiк берiлген мына мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі (жер асты суларын қорғау бөлiгiнде), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi, Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөніндегі комитетi, "Казселезащита" өндiрiстiк бiрлестiгi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі су ресурстарын мемлекеттік басқару органдарына және басқа да өкiлеттi органдарға суды ластанудан сақтау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға көмек көрсетедi. "Қазақстан Республикасының шекара әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шекара әскерлерi, қажет болған жағдайда өздерiнiң қызмет етiп жүрген аудандарында, су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн органдарға олардың Қазақстан Республикасының шекаралық өзендерiн, iшкi теңiз және аумақтық суларын кемелер мен жүзу құралдары арқылы ластануынан сақтау жөніндегі қызметiне қолдау көрсетедi. 3. Суды пайдалану мен қорғауға бақылау жүргiзетiн Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитет жүйесi органдарының құрамына: Су ресурстары жөніндегі комитет орталық аппаратының су ресурстары басқармасы; бассейндiк (аумақтық) су шаруашылығы бiрлестiктерi; бiрлескен пайдаланудағы су қоймалары дирекциялары кiредi. Аталған мемлекеттік органдар: министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, ведомстволардың, ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң, лауазымды адамдар мен азаматтардың суды пайдалану мен қорғау мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауына; су объектiлерiнiң ұтымды пайдалануына (оларды кешендi пайдалану талаптарын сақтай отырып,) суларды ластанудан, сорлану мен сарқылудан сақтауға, сондай-ақ су объектiлерiн берiлген мақсаттарға сәйкес пайдалануға; су ақысының уақтылы төленуiне; су жинау құрылыстарын, су шаруашылығы жүйелерi мен су қоймаларын, сондай-ақ көлдер мен су қоймасы ретiнде пайдаланатын су тоғандарын пайдалану тәртібін сақтауға; меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың есеп берудi жүргiзуiмен белгiленген мерзiмдi сақтауына, су объектiлерiнен алынған және оларға төгiлетiн сулардың мөлшерiне, төгiлген сулардың сапасын анықтауға бастапқы есеп жүргiзудiң дұрыстығына, тұтынылған және төгiлген сулардың есебiн алатын құрал-жабдықтар мен аппаратуралардың сақталуына және жәй-күйiне, осы құрал-жабдықтар мен аппаратуралардың белгiленген мерзiмде мемлекеттік аттестациядан өткiзiлуiне; су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың су қорғау шараларын, сондай-ақ судың зиянды әсерiмен (су тасқыны, су басуы, жер асты суының көтерiлуi, жағалардың құлауы және басқа зиянды құбылыстар) күресу шараларын орындауына; судың жай-күйiне ықпал ететiн кәсiпорындар, құрылыстар, және басқа объектiлер тұрғызу (қайта салу) жобаларында суды ұтымды пайдалану жөніндегі нормативтi талаптардың орындалуына; су тұтыну мен суды алып кету мөлшерi мен тәртібінiң, сондай-ақ суды пайдаланудың белгiленген режимiнiң сақталуына; кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға суды пайдалану мен қорғау саласында ғылым мен техника және озат тәжiрибе жетiстiктерiн, су тұтыну мөлшерiн азайту жөніндегі шараларды енгізуге бақылау жасауды жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетi жүйесiнiң су ресурстарын пайдалану мен қорғауға бақылау жөніндегі мемлекеттік органдары: мемлекеттік органдардың қорытындыларын ескере отырып табиғат қорғау, жерге орналастыру органдарының, санитарлық қадағалау, балық, жер қойнауын қорғау және басқа мүдделi органдардың келiсуге ұсынған: судың жай-күйiне ықпал ететiн, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, құрылыстардың және басқа объектiлердiң салынатын орнын анықтау жөніндегі ұсыныстарын; судың жай-күйiне ықпал ететiн кәсiпорындардың, құрылыстардың және басқа объектiлердiң, меншiк түрiне қарамастан, салынатын және қайта салынатын жобаларын; судың жай-күйiне ықпал ететiн, су объектiлерiнде жүргiзiлетiн құрылыс, су түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбалар мен су өсiмдiктерiн өндiру, кабель тарту, құбырлар мен басқа коммуникацияларды жүргiзу жөніндегі жұмыстарын, ағаш кесу сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылық авиахимиялық өңдеу және басқа жұмыстар туралы материалдарын қарайды; келісім алуға тапсырылған дара пайдалануға берiлген су объектiлеріндегі екiншi кезектегi су пайдалану шарттарын, судың зиянды ықпалын болдырмау және жою жөніндегі шараларын қарайды; су тасқынына қарсы құрылған комиссиялардың жұмысына қатысады; белгiленген тәртiппен су объектiлерiн өнеркәсiптiк, коммуналды-тұрмыстық, кәрiздiк және басқа ақаба суларды төгу үшiн, ауыл шаруашылығы жерлерiн ақаба сулармен суару үшiн рұқсатты қоса отырып, су объектiлерiн пайдалануға рұқсатты қоса отырып белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат бередi және оны жояды; сулардың (су объектiлерiнiң) жай-күйiне ықпал ететiн өндiрiстiк (оның iшiнде ауыл шаруашылық) және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлердi (iске қосылатын кешендердi) пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың құрамына кiредi; арнайы су пайдалануға келісімсiз және рұқсатсыз жүргiзiлген судың жай-күйiне ықпал ететiн су шаруашылығы, су қорғау және басқа объектiлердi қаржыландыру, жобалау мен салуды тоқтату туралы талаптарды белгiленген заңдық тәртiппен енгiзедi және Қазақстан Республикасының Су кодексi мен "Қазақ ССР-iнде қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы" Заңды бұзғандығы туралы тексеру материалдарын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кiнәлiлердi жауапқа тарту үшiн жергiлiктi құқық қорғау органдарына тапсырады. 5. Қоғамдық бiрлестiктер және азаматтармен өзара iс-әрекет жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Су ресурстары жөніндегі комитет жүйесiнiң су ресурстарын пайдалану мен қорғауға бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік органдары: су ресурстарын ластанудан, сорлану мен сарқылудан қорғау, сапасын сақтау, су пайдаланушылардың өз мiндетiн орындауына бақылау жасау жөніндегі қоғамдық акцияларды қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың жүзеге асыруына барынша қолдау және ықпал жасайды; су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласында арнайы білімi мен жұмыс тәжiрибесi бар азаматтарды қоғамдық инспекторлар ретiнде жұмысқа тартады; қоғамдық ұйымдар мен азаматтарды олардың сұрауы бойынша су ресурстарын тиiмдi пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы хабардар етедi; қоғамдық табиғат қорғау бiрлестiктерiнiң жұмыстарына қатысады. 6. Суды пайдалану мен қорғауды реттеуге жауапты Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасының орынбасары лауазымы бойынша сонымен бiр мезгiлде Суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторы, ал су ресурстары басқармасының бастығы - оның орынбасары болып табылады. Бассейндiк (аумақтық) су шаруашылығы бiрлестiктерiнiң бастықтары лауазымы бойынша Суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі бассейндiк (аумақтық) бас мемлекеттік инспекторлар, ал олардың орынбасарлары - Суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі бассейндiк (аумақтық) бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары болып табылады. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитеттiң су ресурстары басқармасы бастығының орынбасары, бас және жетекшi мамандары лауазымы бойынша тиiсiнше Суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік инспекторлары және мемлекеттік инспекторлары болып табылады. Бассейндiк (аумақтық) су шаруашылығы бiрлестiктерiнiң учаске, бөлiм бастықтары және гидрохимиялық лабораториялардың меңгерушiлерi лауазымы бойынша сонымен бiр мезгiлде Суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөніндегі бассейндiк (аумақтық) аға мемлекеттік инспекторлары болып табылады. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитет бекiткен тiзбеге сәйкес су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитет жүйесiнiң басқа қызметкерлерiне де су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі мемлекеттік инспектор құқығы берiледi. 7. Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың өз құзыры шегiнде мынадай: министрлiктерден, мемлекеттік комитеттерден, ведомстволардан, ведомстволық бағыныстылығына, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан, лауазымды адамдардан және жекелеген азаматтардан мiндеттi түрде орындалуға тиiстi суды пайдалану мен қорғауды жақсарту жөніндегі, су мен су тоғандарына, ақаба суларға лабораториялық бақылау ұйымдастыру жөніндегі және Қазақстан Республикасының су ресурстары жөніндегі комитет және Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген көлемде, еседе және номенклатурада суды төгудiң мүмкiн шегiне бақылау жасау жөніндегі тиiстi шараларды жүргiзу бойынша талап қоюға; суды пайдалану және оны қорғау тәртібі бұзылған жағдайда не су объектiлерiн көзделген мақсатта пайдаланбаған жағдайда кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге және азаматтарға берiлген арнайы су пайдалануға рұқсаттың күшiн белгiленген тәртiппен пәрмендiлiгiн тоқтатуға; белгiленген нұсқадағы қызмет куәлiгiн көрсетiп тәулiктiң кез-келген уақытында кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және басқа объектiлерге кедергiсiз кiруге, суды пайдалану мен қорғаудың бұзылуын жоюға мiндеттi түрде орындауға тиiстi талап қоюға құқылы. Қажет болған жағдайда (авариялық төгiлу қаупi, су объектiлерiн ластау қаупi, рұқсатсыз су жинау және т.т.) кәсiпорындарды уақытша жабады; қажет болған жағдайда тиiстi зерттеу және авариялық жағдайларда қорытынды беру үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ғылыми-зерттеу мекемелерiн, лабораторияларды және басқа ұйымдарды жұмысқа тартуға; суды пайдалану мен қорғаудың жайын анықтау үшiн лауазымды адамдар мен жеке азаматтардан қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде лабораториялық зерттеулердi және т.б. алуға; адамдарға не су объектiлерiнiң өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне зиянды заттардың, осы заттар құрамына кiретiн қоспалардың белгiленген мөлшерден тыс суға тасталу себептерi мен жағдайларын анықтау үшiн кемелер мен басқа жүзу құралдарын тоқтатуға және қарап шығуға, осы заттар және қоспалармен операция жүргiзудiң кеме құжаттарында тiркелгендiгiнiң дұрыстығын тексеруге; жүргiзiлген тексерiс, қаралғаны және ұсталғаны туралы акт жасауға, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес белгiленген тәртiппен кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк жауапқа тартуға; Қазақстан Республикасында суды пайдалану мен қорғау саласында заңдылықты бұзғандығы үшiн әкiмшiлiк тәртiппен ақшалай айыппұл салуға; су тоғандарға белгiленген талаптарды бұзып, пайдаланылған ақаба су төгудi шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы, жекелеген өндiрiстiк қондырғылардың, цехтардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмыстарын тоқтатуға дейiн арнайы өкiлеттiгi бар мемлекеттік органдардың алдында өтiнiш жасауға; суды пайдалану мен қорғаудың белгiленген қалпы мен тәртібін бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы тиiстi министрлiктер, комитеттер мен ведомстволар алдына, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар басшыларының алдына мәселе қоюға сондай-ақ қажет болған жағдайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес су заңдарын бұзған кiнәлi адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн мәселенi шешу жөнiнде прокуратура органдарына материалдар беруге құқы бар. 8. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитет жүйесiнiң су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттейтiн органдардың лауазымды адамдары қажет болған жағдайда кiнәлi адамдарға қоғамдық шара қолдану үшiн су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы белгiленген қалып пен тәртiптiң бұзылғандығы туралы деректердi арнайы қоғамдық ұйымдардың назарына жеткізеді. 9. Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттейтiн мемлекеттік инспекторларға белгiленген үлгiдегi куәлiк, айырмашылығы бар пiшiмдi киім-кешек және кеудеге тағатын белгi берiледi. 10. Қызметтiк мiндетiн орындау үшiн су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттейтiн мемлекеттік инспекторларға барлық көлiк түрлерiне кезексiз билет алуына (iссапар куәлiгi мен жеке куәлiгi болған жағдайда) құқық берiледi, сондай-ақ тексерiлетiн кәсiпорындар оларды керектi көлiкпен, баспанамен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етедi. 11. Қызметтiк мiндетiн орындау кезiнде су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттейтiн мемлекеттік инспекторлар мемлекеттiң қорғауында болады. Қызметтiк мiндетiн орындауға кедергi келтiретiн кез-келген әрекет Қазақстан Республикасының белгiленген заңдарымен жауапты болады. 12. Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеуге мемлекеттік бақылау жүргiзу процесiнде қандай да болмасын лауазымды адамның немесе органның араласуына тыйым салынады. 13. Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттейтiн мемлекеттік инспектордың шешiмi мiндеттi түрде орындалуы тиiс, осы шешiм туралы жоғары тұрған су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттейтiн мемлекеттік инспекторға шағым түсiруге болады. Түсiрiлген шағым айыппұл төлеудi тоқтатпайды. Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттейтiн Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік инспекторының шешiмiн барлық министрлiктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер мiндеттi түрде орындауы тиiс және заңдық тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. 14. Су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзу барысындағы Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң, Геология және жер қойнауын зерттеу министрлігінiң, Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң "Казселезащита" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң органдары мен лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi мемлекеттік қадағалаудың (бақылаудың) тиiстi түрi жөніндегі ережелермен, қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыратын органдар жөніндегі ережелермен және қолданылып жүрген басқа да заңдық актiлермен белгiленедi. 15. Су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзу тәртібі су заңдарымен, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитет және өз құзыры шегiнде су ресурстарын пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн басқа да министрлiктер мен ведомстволар бекiтетiн ережелермен, нұсқаулармен басқа да нормативтi және ведомстволық актiлермен белгiленедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |