Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен табиғи ортаны табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау саласында мемлекеттік саясат жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi бағдарлама бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi мемлекеттік бағдарламаның тапсырмалары мен шараларын жүзеге асыру жауапкершiлiгi мемлекеттік басқару органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бiрiншi басшыларына жүктелсiн. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестiру мен оның орындалу барысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiне жүктелсiн. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен. 2. Облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, республиканың министрлiктерi мен ведомстволары Төтенше жағдайлардың алдын-алу мен iс-қимыл жасау жөніндегі ұзақ мерзiмдi мемлекеттік бағдарламаның негiзгi бөлiмдерiне сәйкес, орындалу мерзiмдерi мен материалдық және қаржылық шығындары көрсетiлген нақты шараларды 3 ай мерзiмде әзiрлеп, бекiтетiн болсын. 3. Төтенше жағдайлардың зардабын жоюды жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады деп белгiленсiн. Ерекше реттерде төтенше жағдайлар жан-жақты және аймақтық ауқымда болған кезде жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тиiстi көмек көрсету туралы шешiм қабылдайды. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|