Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзiрлеу және ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 159 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзiрлеу және бекіту тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөніндегі комитет мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын жасау жөніндегі әзiрленетiн схемалар мен әдiстемелiк нұсқауларды келiсу тәртібін үш ай iшiнде әзiрлеп, бекiтетiн болсын. 3. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Суларды комплекстi пайдалау мен қорғаудың схемаларын әзiрлеу және бекіту тәртібі туралы" 1976 жылғы 30 шiлдедегi № 359 қаулысы /Қазақ ССР ҚЖ., 1976 ж., № 17, 54-бап/ күшiн жойған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы № 932 қаулысына Қосымша Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзiрлеу және бекіту ТӘРТIБI 1. Халықтың, экономика салаларының суға деген алдағы уақыттағы қажетiн қанағаттандыру үшiн және айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн суды сақтаудың негiзгi су шаруашылық және басқа да шараларын белгiлеу мақсатында суды кешендi пайдалану мен қорғаудың бас, бассейндiк аумақтық схемалары, шағын өзендердiң суын қорғаудың схемалары әзiрленедi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|