Аттестациялау, тракторис-машинист мамандығын меңгерген адамдарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 ж. 29 қаңтардағы № 33 бұйрығымен күші жойылды Бекiтемiн Бекітемiн Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң орынбасары Ауыл шаруашылығы _________________ министрiнiң орынбасары 4 қараша 1993 жыл 29 қазан 1993 жыл 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 тамызындағы № 735 қаулысына сәйкес әзiрленiп, аттестациялау, тракторист-машинист мамандығын меңгерген адамдарға біліктiлiк берудiң бiрыңғай тәртібін белгiлейдi және Қазақстан Республикасы территориясында мiндеттi түрде iске асырылады. 2. Тракторист-машинистердi даярлау және қайта даярлау кәсiптiк-техникалық училищелерде, оқу-курстық комбинаттарда (бөлiмшелерде) және оқу орталықтарында, ал білім көтеру дағдыдағыдай оқу-курстық комбинаттарда (бөлiмшелерде), оқу орталықтарында және курстарда белгіленген тәртiп негiзiнде бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар оқу бағдарламасына сәйкес тракторист-машинист мамандығын жалпы білім беретiн орта мектеп, арнаулы орта ауыл шаруашылық оқу орындарының оқушылары және жоғарғы ауыл шаруашылық оқу орындарының студенттерi де меңгередi. Бағдарламада тыңдаушылардың агротехника мен машина пайдалану негiздерiн, тракторлар, басқа машиналардың құрылғысы мен техникалық пайдалануы, жол жүру, механикаландырылған және басқа жұмыстарды орындау кезіндегі қауiпсiздiк техникасы ережелерiн, еңбек ақы және оны ұйымдастыру, нарықтық экономика жағдайында жердi пайдалану және фермерлiк шаруашылық жүргiзу жөніндегі заң актілерінiң негiздерiн оқып бiлуi қамтылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|