Басшылар мен мамандардың еңбектi қорғау жөніндегі білімiн тексерудiң ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004.27.12. № 312-ө бұйрығымен күші жойылды ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен қолданылуы жойылды Басшылар мен мамандардың еңбектi қорғау жөніндегі білімiн тексерудiң тәртібі туралы Үлгi Ереже 1. Осы Үлгi ереже тiкелей өндiрiстегi жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзуге байланысты басшылардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлер мен мамандардың, сондай-ақ мекемелерде, оқу орындарында, ғылыми-техникалық институттарда, шаруашылықтар мен кәсiпорындарда (бұдан әрi - кәсiпорындар) меншiк және лауазымдық мiндеттерiмен және орындалатын жұмыстың сипатымен айқындалған біліктiлiк талабының ауқымындағы шаруашылық нысандарына тәуелсiз өндiрiстiк бірлестiктерде, ассоциацияларда, корпорацияларда, концерндерде, холдингтерде, ведомстволарда, министрлiктерде (бұдан әрi басқару органдары) жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуiне бақылау мен техникалық қадағалауды жүзеге асыратын, сондай-ақ адамдардың (бұдан әрi - басшылар мен мамандар) еңбектi қорғау жөніндегі білімiн тексерудiң мiндеттi тәртібін белгiлейдi. 2. Осы Үлгi ереженiң негiзiнде басқару органдары білімi еңбектi қорғау бойынша тексерiлуге жататын қызметкерлердiң лауазымдарының тiзбесiмен өздерiнiң салалық Ережелерiн әзiрлеп, бекiтедi, оларды Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінiң Еңбектi қорғау департаментiнiң Еңбектi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясымен (бұдан әрi - Еңбектi қорғау жөніндегі меминспекция) келiседi. Жоғарыда аталған басқару органдарына кiрмейтiн кәсiпорындар өздерiнiң Ережелерiн жасап, оларды Еңбектi қорғау жөніндегі меминспекцияның аймақтық органдарымен келiседi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|