Нормативтер Почталық жөнелтiмдердi және мерзiмдi басылымдарды ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен қолданылуы жойылды I. Нормативтер 1. Почта байланысы кәсiпорындары бағыттар жоспарларына сәйкес вагондармен, ұшақтармен және почталық автокөлiктермен почта алмастыру жұмыстарын атқарады. Поездар тiзiмiн, почта вагондарымен және автокөлiкпен жүргiзiлетiн алмастырулар санын облыстық мемлекеттік почта байланысы қызметi белгiлейдi және олар Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Мемлекеттік почта байланысы қызметiмен келісіледi. Темір жол станцияларында орналасқан почта байланысы кәсiпорындары (аудандық байланыс торабы, басқа байланыс кәсiпорындарының алмастыру пункттерi) почта вагондарымен күн сайын почта алмастырады. Почта кәсiпорындарының алмастыру пунктi болмайтын және аптасына үзiлiспен жұмыс iстейтiн басқа селолық байланыс бөлiмдерi почта вагондарымен байланыс бөлiмiнiң жұмыс iстейтiн күндерi почта алмастырады. Ондай байланыс бөлiмдерiнiң тiзiмiн облыстық мемлекеттік почта байланысы қызметi анықтайды. 2. Почта мынадай тәртіппен тасымалданады: 2.1. Ауданаралық маршруттар бойынша облыс қарауындағы қалаларға және аудандар орталықтарына дейiн - аптасына 6-5 күн. 2.2. Почта вагондарымен және әуе көлiктерiмен алмастырулар жүргiзу үшiн олармен жүргiзiлетiн алмастырулардың санына байланысты. 2.3. Iшкi аудандық маршруттар бойынша селолық байланыс бөлiмдерiне дейiн - кем дегенде аптасына 5 күн, ал алыстағы елдi мекендерге дейiн - кем дегенде аптасына 3 күн. 2.4. Iшкi қалалық маршруттар бойынша апта iшiнде үзiлiссiз жұмыс iстейтiн байланыс бөлiмшелерiне дейiн - күн сайын, үзiлiспен жұмыс iстейтiн бөлiмшелерге - демалыс күндерiнен басқа күндердiң бәрiнде. Рейстер санын қалалық байланыс бөлiмшелерiнде қабылданған почталық жөнелтiлiмдердiң жiберiлу тиiстiлiгiне қарай анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|