Заң күшi бар "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн: I. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 202-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Кiрiспесіндегі "кәсiпорындардың, мекемелердiң", "қоғамдық бiрлестiктердiң" сөздерi алынып тасталсын; 2. 2-бапта: үшiншi абзац "әскери-саяси" сөздерiнен кейiн "және әскери" сөздерiмен толықтырылсын; жетiншi абзацтағы "және басқару жүйелерiн" сөздерi "ұйымдарын" сөзiмен алмастырылсын. 3. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: "3-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы туралы заңдар Қазақстан Республикасының қорғанысы туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заң және өзге де нормативтiк актілеріне негiзделедi". 4. II-бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "II-бөлiм. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары". 5. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: "4-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң құрамы мен мақсаты Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|