Заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және екiншi деңгейдегi банктер қызметiн реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалау функцияларын күшейту мақсатында қаулы етемiн: I. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 2155 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 11-баптың 1, 2, 3 бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық жыл iшіндегі пайдасы iс жүзiнде алынған кiрiстерi мен осы қаржылық жылға қатысты, үмiтсiз және күмәнды қарыздарды есептен шығару мен активтер амортизациясын, соның iшiнде айналысқа шығарылған банкноттар мен тиындарды қоса алғанда, шығыстары арасындағы айырма ретiнде анықталады. Қазақстан Ұлттық Банкінің пайдасы жарғылық және резервтiк қорлары, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген өндiрiстiк-әлеуметтiк даму қорын абсолюттiк сомада қалыптастыруға жұмсалады. Нақты алынған пайданың қалған бөлiгi келесi қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады. Нақты алынған пайда Қазақстан Ұлттық Банкінің осы Жарлықта көзделген қорларын қалыптастыруға жетiмсiз болған жағдайда, пайда болған айырмашылық келесi қаржы жылындағы республикалық бюджет қаржысы есебiнен өтеледi". 2. 12-баптың үшiншi бөлiгi алынып тасталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|