|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi N ҚР Үкіметінiң 12.08.00 ж. № 1253 қаулысымен күшi жойылды (ҚР Үкіметінің 28.08.00 ж. № 1316 қаулысымен күшi тоқтатылды) Сыртқы экономикалық қызметтi одан әрi ырықтандыру және оның заңдық-нормативтiк базасын Кеден одағы шеңберiнде жүйеге келтiру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының алдағы Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 302-бап) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1-қосымшаға: "Астық, ауыл шаруашылығы өнiмi, оның ұқсатылған өнiмдерi" деген 1-бөлiмнен мына жолдар алынып тасталсын: Сары май 0405 1 т Табиғи бал 0409 1 т Маралдың, киiктiң мүйiзi 050790 - Тоқал бұғының қыны, аюдың етi жыландардың улары 0510 - Балықтың дайын немесе құтыға салынған өнiмi 1604 1 т Iрi қараның терiсiнен өңделген терi 4104 5000 ш.дм. Ұсақ малдың терiсiнен өңделген терi 4105 4000 ш.дм. Ұн және жарма 1101-1105 20 т Ет 0201-0205 1 вагон Қызылша қанты 1701 1 т Тазартылмаған этил спиртi 2207, 2208 100 дал; аталған бөлiмге мына жол қосылсын: "жарма 1103-1105 20 т"; "Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм" деген 2-бөлiмнен мына жолдар алынып тасталсын: Цемент 2523 1 вагон Қара металдардың шойыны 7208-7217 20 т Көмiр, соның iшiнде кокстелетiнi 2701 10 вагон Ферроқорытпалар 7202 20 т Түстi металдар 7401-7405, 20 т 7407, 7408, 7501, 7502, 7504, 7601, 7603, 7604, 7801-7804, 7901, 7903-7905, 8001, 8004. Тыңайтқыштар 3101-3105 1 вагон Ағаш және одан жасалған бұйымдар 4401, 4403, 4407 1 вагон Аккумулятор 8507 500 дана Автошиналар 4011 500 дана 2. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағында аталған тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан шығаруды 1996 жылдың 5 наурызына дейiн тауар биржаларында жасалған контрактiлер бойынша биржалық тауарларды шығарудан басқа, экспорттық биржалық мәмiлелер жасау туралы куәлiктi ұсынусыз, жүктiк кеден декларациясының негiзiнде жүзеге асырсын, оларды шығару бұрынғы қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас салық инспекциясымен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiмен және Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасымен бiрлесiп 1996 жылдың 30 наурызына дейiн экспортқа шығарылатын өнiмдердi жөнелту алдындағы инспекция қызметiн iске асыру үшiн бiрлескен орган құруды ескере отырып, экспортқа шығарылатын тауарлардың бағасына бақылау жасауды ұйымдастыру жөніндегі қаулының жобасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |