|
|
|
Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды Тұрғын үй қорын ұстаудың жағдайын жақсарту, оны пайдаланудың ұзақтығын созу және халыққа тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету деңгейiн арттыру мақсатында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дотациясыз жұмыс iстеу режимiне көшiру бөлiгiнде "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. 1996 жылы тұрғын үй-коммуналдық қызметтiң тарифтерiне бұл қызметтердi көрсетушi ұйымдардың шығасыларын жабатын деңгейге жеткенге дейiн кезең-кезеңмен көшiру қамтамасыз етiлсiн. I-кезең: 1996 жылғы 1 сәуiрден 1 шiлдеге дейiн - халық тұрғын үй-коммуналдық қызметтiң өзiндiк құнының 50 процентiн төлейдi; II-кезең: 1996 жылғы 1 шілдеден 1 қазанға дейiн - халық тұрғын үй-коммуналдық қызметтiң өзiндiк құнының 75 процентiн төлейдi; III-кезең: 1996 жылғы 1 қазаннан бастап тарифтердi тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiн көрсетушi ұйымдардың шығасыларын жабатын деңгейде белгiлеу. 2. Тұрғын үйдi ұстау және коммуналды қызмет үшiн ақыны көтеру жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен тұрғындардың аз қамтамасыз етiлген бөлiгiне нысаналы жәрдемақы беру түрiнде халыққа бiржолғы әлеуметтiк қорғау шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi: 1996 жылғы 1 қазаннан бастап тұрғын үй-коммуналдық саласын жұмыс iстеудiң дотациясыз негiзiне кезеңмен көшiру туралы шешiмдi мәслихаттармен жедел келiссiн және келісілген шешiмдi жүзеге асыруға кiрiссiн; "Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгiлiк құрылымы, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесi, қызметкерлерiнiң жалпы санының лимиттерi, қызметтiк жеңiл автомобильдерiнiң саны, еңбекақы қоры және қызметтiк iссапарларға арналған шығындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 30 желтоқсандағы № 1901 қаулысымен белгiленген жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлерi санының лимитi шегiнде мұқтаждарға тұрғын үй жәрдемақысын беру үшiн арнаулы қызмет құрсын: аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын-үй жәрдемақысын төлеуге арналған қаражатқа қажеттiлiктi жыл сайын айқындасын және оны бюджеттiң жобасын жасау үшiн белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын; пәтерлер (үйлер) иелерiнiң кооперативiн, тұрғын үйлер кондоминиумдарын (қоса иеленушiлердi) құру жөніндегі шараларын жүргiзудi қамтамасыз етсiн, 1996 жылдың 1 желтоқсанына меншiк иелерi кооперативтерiн ұйымдастыруды аяқтаудың мерзiмiн белгiлесiн, оларды құрудың кестесiн бекiтсiн; облыстық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен қаржыландырылатын шараларды (бiрiншi кезекте тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсету саласындағы) атқарушыларды таңдаудың тендерлiк принципiне көшудi қамтамасыз етсiн. 4. Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен және Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігімен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде тұрғын үй жәрдемақыларын енгiзудi ұйымдастыру жөніндегі үлгi тiзбесi мен құжаттардың нұсқасын жасасын және бекiтсiн. 5. Отбасылардың тұрғын үйдi ұстау (мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу, (жалдау) шарты бойынша төлеу) мен коммуналдық қызметке ақы төлеуге арналған шектi жол берiлетiн шығындарының үлесi отбасының жиынтық кiрiсiнiң 30 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға отбасылардың тұрғын үйдi ұстау (мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу, жалдау) және тұрғын үй коммуналдық қызметке ақы төлеудегi iс жүзіндегі шығындарын өтемдiк шаралармен бiрақ iс жүзiнде орналасқан жалпы алаң мен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шығындардың нормативтерiнен артық емес қамтамасыз етiлген тұрғын үй көлемi нормасының шегіндегі бұл мақсаттарға шығынның шектi жол берiлетiн үлесiне балама сомалардан арттыру кезiнде тұрғын үй жәрдем ақысы берiлсiн. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметi есепке қабылдайтын тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерiн облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi айқындайды. 5-тармақ өзгертiлдi және 3 абзацпен толықтырылды ҚРҮ-нiң 1997.08.28. № 1297 қаулысымен. 6. Тұрғын үй заңымен белгiлеген отбасының әрбiр мүшесiне мемлекеттік тұрғын үй берудiң баламды нормасындағы, бiрақ жалғыз тұратын азаматтар үшiн бiр бөлмелi пәтерден кем емес, пәтерлердiң (үйлердiң) пайдалы алаңы өтемдiк шаралармен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасы үшiн қабылдансын. Бiр пәтерде тұрғын үй және коммуналдық қызмет үшiн ақы төлеу жөніндегі бөлек жеке шоттары бар бiрнеше отбасылар немесе азаматтар тұратын жағдайда тұрғын алаңның нормасы жеке тұрғын бөлмеден кем болмайды. 7. Тұрғын үйге меншiк нысанына қарамастан көрсетiлген тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшiн төленетiн ақы, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу (жалдау) шарты бойынша ақы төлеу тұрғындар тарапынан заңда белгiленген тәртiпте бекітілген бiрыңғай ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.31. № 1759 қаулысымен. 8. Тұрғын үй-коммуналдық саласы өз шығынын өзi өтеуге жеткенге дейiн пайдаланушы ұйымдардың нақты шығындары мен тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет үшiн ақы түріндегі түсiмнiң арасындағы айырмашылық жергiлiктi бюджеттен нысаналы жәрдемақы есебiнен жабылсын. 9. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарының оның дотациясыз негiзге кезең-кезеңмен көшiру процесіндегі шараларының негiздiлiгiн бақылауды қамтамасыз етсiн; облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп облыстар мен Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында оларды 1996 жылдың 1 қазанында аяқтау арқылы монополиясыздандыру және бәсекелес орта құру жөніндегі шараларды жүзеге асырсын, бұл үшiн шаралардың тиiстi кестелер бекiтсiн. 10. Қоса берiлiп отырған аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі туралы Уақытша ереже бекітілсiн. 11. Осы қаулының жүзеге асуына бақылау жасау Үкiмет Аппаратының Аумақтық даму, Қаржы, еңбек және ақша айналысы бөлiмдерi мен Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiне жүктелсiн (апта сайын). 12. Осы қаулыны жүзеге асыру мақсаттарында Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарды құрылыс салу министрлігімен, Әдiлет министрлігімен, Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығына және "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Iс-қимыл бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 13 желтоқсандағы № 2680 Жарлығымен бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл бағдарламасына өзгертулердiң жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды жоспары туралы" 1996 жылғы 12 қаңтардағы № 56 және "1996 жылға арналған өндiрiстi дамытудың және өнiмдердiң, жұмыстар мен қызметтердiң бағалары мен тарифтерiн өзгертудiң мақсатты индикаторлары туралы" 1996 жылғы 14 ақпандағы № 202 қаулыларына өзгертулердiң жобасын белгiленген тәртiпте әзiрлеу және қарауға ұсыну тапсырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудiң тәртібі туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ Ереженiң атауы мен 1, 2, 8, 15, 17-тармақтарында сөздер алмастырылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.28. № 1297 қаулысымен. I. Тұрғын үй жәрдемақысы 1. Тұрғын үй жәрдемақысы - аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау, коммуналдық қызметтердi тұтыну, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу (жалдау) жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшiн берiлетiн өтем. Тұрғын үй жәрдемақысы азаматтардың жекелеген санаттары үшiн тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі заңда белгiленген жеңiлдiктермен қатар халықты әлеуметтiк қорғау нысандарының бiрi болып табылады. 2. Тұрғын үй жәрдемақысы - республикада тұрақты тұратын тұлғаларға егер өтемақы шараларымен бiрақ iс жүзiнде тұратын жалпы алаңнан артық емес қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасы және коммуналдық қызметтерiн тұтыну нормативтерi тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шығыстар шегiнде тұрғын үйдi ұстау және ақы төлеу шығындары отбасының бюджетіндегі осы мақсаттарға жұмсалатын жол беруге болатын шектi шығындар үлесiнен асып кететiн жағдайда берiледi. Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтердi тұтынуға ақы төлеуге арналған жол беруге болатын шектi шығындар үлесi отбасының жиынтық табысының 30 процентi мөлшерiнде белгiленедi. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтерiн тұтыну үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.28. № 1297 қаулысымен. 3. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормасымен баламды. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi есепке қабылдайтын тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерi мен коммуналдық қызметтердi (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыстарды әкету және лифтiлерге қызмет көрсету) тұтынудың нормативтерiн облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi белгiлейдi. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.28. № 1297 қаулысымен. 4. Тұрғын үй жәрдемақысын тұрғын үй жәрдемақысы қызметi бередi. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметiнiң ұйымдық нысандары мен құрылымын облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi айқындайды. 5. Тұрғын үй жәрдемақысы сол аумақта тұрақты тұратын және тұрғын үйдiң иесi немесе тұрғын үйдi пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады. Ұйымдардың, мекемелер мен кәсiпорындардың қарауындағы үйлерде тұратын тұлғаларға тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындауды тұрғын үй жәрдемақысы қызметi жүргiзедi. 6. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi (пәтерлерi, үйлерi) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе жалға алып жалға берушi тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығын жоғалтады. Егер оларда күтудi қажет етедi деп танылған мүгедектердi күтудi жүзеге асырушы немесе 3 жасқа дейiнгi, сондай-ақ кiшi баласы бiрiншi сыныпты (бiрақ 9 жастан аспаған) бiтiргенге дейiнгi төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеумен шұғылданушы (бiр және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтiн және жұмыспен қамту қызметiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқы болмайды. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.28. № 1297 қаулысымен. 7. Шиеленiстi, даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы мәселенi шешу жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлдерiнен құрылатын әкiмдердiң аппараттарының жанындағы арнаулы комиссияның қарауына енгiзiлуi мүмкiн. 8. Тұрғын үй жәрдемақысы аударымсыз нысанда тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтер үшiн төлемдi тұрғын үйдi жалдаушыға (меншiк иесiне) есептелген сомамен салыстырғанда азайту ретiнде берiледi. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерi тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер үшiн iс жүзiнде есептелген ақының сомаларынан аса алмайды. Тұрғын үй жәрдемақысы ақшалай төлем түрiнде белгiленедi. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерiнiң жергiлiктi бюджеттерден осы мақсатқа бөлiнген қаражаттың есебiнен, азаматтардың салымдары бойынша шоттарға есептеуi жолымен тiзiмдерiн Қазақстан Ұлттық Банкінің келісімi бойынша Қаржы министрлігі бекiтетiн, екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi тиiстi банктер) арқылы жүзеге асырылады деп белгiленсiн. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеудiң тәртібі мен шарттары тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi мен тиiстi банктердiң арасында жасалған агенттiк келісімдермен айқындалады. Қазақстан Республикасының тиiстi банктердiң филиалдары жоқ елдi мекендерiнде көрсетiлген төлемдер агенттiк келісімдердiң негiзiнде тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi айқындаған органдар арқылы жүргiзiледi. 8-тармақ өзгертiлдi және жаңа абзацтармен толықтырылды ҚРҮ-нiң 1997.08.28. № 1297 қаулысымен. 9. Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөнiнде жеңiлдiктерi бар және осымен бiр мезгiлде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтiк қорғау нысандарының бiрiн таңдау мүмкiндiгi берiледi. 10. Тұрғын үй жәрдемақысы өтiнiш берiлген күннен бастап алты ай мерзiмге тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақыларын алушыларды қайта тiркеу ресiмдеудiң алғашқы процедурасы секiлдi жүргiзiледi. Отбасының тұрғын үйдi ұстау мен үй-коммуналдық қызметтер үшiн ақы төлеуге жұмсалатын жол беруге болатын шектi шығындар үлесi, отбасының табыстары, сондай-ақ коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтерi өзгерген кезде тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi бұрын тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жүргiзедi. 10-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.28. № 1297 қаулысымен. 11. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар өз тұрғын үйiнiң меншiк нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ жәрдемақының дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы тұрғын үй жәрдемақысы қызметiн 10 күн iшiнде хабардар етуге тиiс. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметiне жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәлiметтердi әдейi бергенi үшiн жалға алушы (меншiк иесi) бiр жыл бойы жәрдемақы алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы ретiнде заңсыз алынған сомалар заңда белгiленген тәртiппен қайтарылуға жатады. II. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу 12. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы шешiм тұрғын үйдi жалға алушының (меншiк иесiнiң) өтiнiшiнiң және оған қоса берiлетiн отбасының құрамы, тұратын үйiнiң пайдалы алаңының мөлшерi, тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары, отбасының жиынтық табысы туралы құжаттары негiзiнде қабылданады. 13. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесi бойынша отбасына шарт жасалады, оған жәрдемақыны есептеп шығарудың есебi енгiзiледi. Шарт екi данада жасалып, оның бiреуi тұрғын үйдi жалға алушыда (меншiк иесiнде) сақталады. Аталған шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшiн негiз болып табылады. 14. Ақпараттың растығына күдiк туған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысы қызметi сұрау салуға хақылы ол заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер тұлғаның табысы туралы ақпарат беруге мiндеттi. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға өтiнiш берген тұрғын үйдi жалға алушының (меншiк иесiнiң) отбасының еңбекке қабiлетсiз барлық мүшелерi заңды және жеке тұлғаларға оның табыстары туралы тұрғын үй жәрдемақысы қызметiне мәлiметтер беруге келiскендiгiн растау ретiнде көрсетiлуi мүмкiн табыс туралы ақпаратты ашуға арналған арнайы рұқсатқа қол қоюы қажет. 15. Жәрдемақы мөлшерi жалға алушының (меншiк иесiнiң) өтем-ақы шаралармен қамтамасыз етiлетiн нормалар шегiнде тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiн тұтыну үшiн нақты төлемi мен осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шектi деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде есептеледi. III. Тұрғын үй жәрдемақыларын қаржыландыру көздерi 16. Меншiктiң барлық нысандарындағы үйлерде тұратын тұрғындарға тұрғын үй жәрдемақыларын төлеудi қаржыландыру жергiлiктi бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады. 17. Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептiк-нормативтiк шығындарды анықтау баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитеттердiң және атқарушы өкiметтiң басқа уәкiлеттi органдарының бақылаумен жүргiзiледi. 18. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметi берiлген жәрдемақылар сомасын көрсете отырып негiзгi жалға алушылар мен меншiк иелерiнiң тiзiмiн жасайды және тоқсан сайын жиынтық ведомостарды шығынның орнын толтыру үшiн өзi тұрған жердегi қаржы органына ұсынады. 19. Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй жәрдемақыларын берумен байланысты шығыстарды өтеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайды. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.08.28. № 1297 қаулысымен. 20. Облыстық, қалалық, аудандық қаржы органдары жылына кемiнде бiр рет бастапқы құжаттар бойынша бюджет қаражаттың тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге жұмсалу дұрыстығына тексеру жүргiзуге мiндеттi. 21. Солар бойынша тұрғын үй жәрдемақылары заңсыз тағайындалған құжаттарды дұрыс ресiмдемегенi үшiн осындай жағдай өздерiнiң кiнәсiнен болған лауазымды тұлғалар заңда белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Тұрғын үй жәрдемақысы қызметi туралы ҮЛГI ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер 1. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметi "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығына сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық саласын жұмыс iстеудiң дотациясыз негiзiнде кезең-кезеңмен көшiруге байланысты халықты нысаналы әлеуметтiк қорғауды ұйымдастыру жөніндегі мiндеттердi жүзеге асыру үшiн құрылады. 2. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметiн құру туралы шешiмдi облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi қабылдайды. 3. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметi өз қызметiнде қолданылып жүрген заңдарды, осы Үлгi ереженi, сондай-ақ облыстардың және Алматы қаласы әкiмдерiнiң осы мәселелер бойынша қабылдаған актілерін басшылыққа алады. 4. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметi есептеулерге болжам жасау және жәрдемақы тағайындау бөлiмшелерiнен құрылуы мүмкiн. 5. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметi туралы Ереженi, оның құрылымын және штат санын облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi бекiтедi. II. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметiнiң негiзгi қызметтiк мiндеттерi 6. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметiнiң негiзгi қызметтiк мiндеттерi: тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтерiне ақы төлеу тарифтерiнiң көтерiлуi нәтижесiнде халықтың әлеуметтiк қорғалатын топтарының жалпы санын айқындау; тұрғын үй-жайларды ұстау мен көрсетiлген коммуналдық қызметтер үшiн әлеуметтiк қорғалатын отбасыларына шығынның бiр бөлiгiн өтеуге атаулы өтемақылар тағайындау; халыққа атаулы дотация жөніндегі шығындарды өтеуге арналған қаржы қаражатының көлемiн болжау болып табылады. III. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметiнiң мiндеттерi мен құқықтары 7. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметiнiң негiзгi мiндеттерi: тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтер тарифтерiнiң көтерiлу себептерi туралы, сондай-ақ тұрғын үй жәрдемақысы мөлшерiн әсер ететiн факторлар туралы халыққа хабарлау; жәрдемақы алудан үмiткер отбасының жиынтық табысы деңгейiнiң құжаттармен расталуын қамтамасыз ету; тұрғын үйде ұстау мен коммуналдық қызметтерге төлемдердiң есептелуiнiң дұрыстығын тексеру; әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға, соның iшiнде ведомстволық тұрғын үй қорында тұратын азаматтарға жәрдемақының мөлшерiн белгiленген мерзiмде айқындау; халыққа атаулы жәрдемақылар берiлуiне байланысты шығындарды өтеуге қаражатты жоспарлау үшiн әкiмдерге негiзделген есептемелер беру; тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау мәселелерi жөніндегі азаматтардың өтiнiштерiн, хаттары мен шағымдарын уақтылы қарау болып табылады. 6, 7-тармақтар өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.28. № 1297 қаулысымен. 8. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметi: тұрғын үй жәрдемақысына үмiткерлерден отбасы құрамы, отбасы табысы, тұру алаңы туралы сенiмдi ақпарат берiлуiн талап етуге; халықтың берген тұрғын үй жәрдемақысын есептеу үшiн қажеттi құжаттарының дұрыстығына тексеру жүргiзуге; азаматтардың тұрғын үй жәрдемақысын алудағы заңды құқықтарын қорғауға; күмәндi (жалған) құжаттарды әдейi берген адамдарды тұрғын үй жәрдемақысын пайдалану құқығынан айыруға; халыққа атаулы көмектi жүзеге асыру үшiн құжаттардың уақтылы түсуiне бақылау жасауға құқылы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |