Қазақстан Республикасының Қоғамдық және Экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамалары туралы
ҚР Президентінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 471 Өкімімен күші жойылды
1. Мыналар мақұлдансын: Қазақстан Республикасының Қоғамдық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы (№ 1 қосымша); Қазақстан Республикасының Экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы (№ 2 қосымша). 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: -1996 жылдың 30 сәуiрiне дейiн қылмысқа қарсы күрестiң 1996-1997 жылдарға және 2000-жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн; - екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Экологиялық қауiпсiздiгiнiң тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі шараларды әзiрлесiн.
Қазақстан Республикасының Президентi
Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі № 2967 Өкіміне № 1 қосымша
Қазақстан Республикасының Қоғамдық Қауiпсiздiгi ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Егемен Қазақстанның Қоғамдық қауiпсiздiктiң тұжырымдамасын жасауы - пiсiп-жетiлген мiндет, оның мақсаты - қазiргi кезеңде республикада қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастардың қалыпты дамуы үшiн мемлекеттік деңгейде қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. Мемлекеттік құрылымдардың жұмыс iстеуіндегі ұтымды негiздердi iздестiру және демократиялық құқықтық мемлекетке тән басымдықтарды қайта саралау адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етумен, конституциялық құрылыс пен қоғамдық қауiпсiздiктi қорғаумен сипатталады. Мемлекеттiлiктi қалыптастыру мен нығайтудың, демократиялық реформаларды жүзеге асырудың өтпелi кезеңіндегі қоғамдық қауiпсiздiк адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттік өмiрлiк маңызды мүдделерiн құқыққа қарсы қол сұғушылықтан, дүлей апаттар мен өзге де төтенше оқиғалардан қорғауға бағытталған, мемлекетте ресми қабылданған нормалар жүйесiн бiлдiредi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|