|
|
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік iшкi займының ұлттық жинақ "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебiнен бюджет тапшылығын инфляциядан тыс толтырудың үлесiн арттыру және халықтың жинақтарын инфляция процесiне құнсызданудан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы Ереже бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасы мемлекеттік iшкi займның ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы Ережеге сәйкес 1996 жылы нақты құны бiр мың теңге, жалпы көлемi 1300 миллион теңге және айналыс мерзiмi 364 күн болатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығаруға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен Қазақстан Республикасының мемлекеттік iшкi займын шығару мен айналысқа қосуға депозитарлық қызмет көрсету туралы бас агенттiк келісім жасасын. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісім бойынша ұлттық жинақ облигацияларын орналастыру және оған көмекшi депозитарлық қызмет көрсету жөніндегі қаржы агенттерiн айқындау үшiн екiншi дәрежелi банктер арасында тендер өткiзсiн. 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне бас қаржы агентi ретiнде қаржы агенттерiмен агенттiк келісім жасау ұсынылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 21 мамырдағы № 619 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттік iшкi займның ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы Ереже 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы мемлекеттік iшкi займның ұлттық жинақ облигацияларын (бұдан әрi - Ереже) шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудiң шарттары мен тәртібін айқындайды. 2. Ұлттық жинақ облигациялары мемлекеттік бағалы қағаз болып табылады, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң тарапынан республикалық бюджеттiң ағымдағы тапшылығын материалдық емес тiркелетiн нысанда шығарылған уақытынан бастап 364 күн (52 апта) айналыс мерзiмiмен, мерзiмінен бұрын өтеу құқығынсыз қаржыландыру мақсатында тоқсанның кез келген айының үшіншi немесе төртiншi аптасында бiр рет шығарылады, бас қаржы агентiнiң депозитарийiне депо-шотқа жазу жолымен орналастырылады. ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 3. Ұлттық жинақ облигацияларына үш айлық мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi (бұдан әрi - МЕҚҚАМ) немесе үш айлық мемлекеттік индекстелген қазынашылық мiндеттемелердi (бұдан әрi - МЕИҚАМ) орналастыру жөніндегі тиiстi аукционда қалыптасқан ставка бойынша сыйақы (мүдде) есептеледi. Сыйақы (мүдде) тоқсан сайын он төртiншi, жиырма жетiншi, қырқыншы және елу үшiнші аптада, яғни эмиссиядан кейiнгi олардың айналысының 92, 183, 274 және 364-шi күнiнен бастап төленедi. ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 4. Ұлттық жинақ облигациялары бойынша сыйақы (мүдде) олардың айналысының әрбiр тоқсаны үшiн есептеледi. Ұлттық жинақ облигациялары айналысының бiріншi тоқсаны үшiн сыйақы (мүдде) ставкасы жазылым басталғаны жарияланған уақыттың алдындағы МЕҚҚАМ аукционында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең белгiленедi. Егер МЕҚҚАМ аукционы өткiзiлген күн мен жазылым басталғаны хабарланған күннiң арасында МЕИҚАМ аукциондары өткiзiлсе, сыйақы (мүдде) ставкасы осы кезеңде өткiзiлген МЕИҚАМ аукциондарының соңғысында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең белгiленедi. Кейiнгi тоқсандар үшiн ол - тиiстi тоқсанның бiрiншi аптасында өткiзiлген МЕҚҚАМ аукционында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең, ал мұндай аукцион өткiзiлмеген кезде - өткiзiлген МЕҚҚАМ аукциондарының соңғысында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең. Соңғы МЕҚҚАМ аукционы өткiзiлген күнi мен сыйақы (мүдде) есептелетін кезеңнiң басталуы арасындағы кезеңде МЕИҚАМ аукциондары өткiзiлсе, ұлттық жинақ облигациялары бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы осы кезеңде өткiзiлген МЕИҚАМ аукциондарының соңғысында қалыптасқан сыйақы (мүдде) ставкасына тең белгiленедi. ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 25.09.1996 № 1172 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 4-1. Сыйақының (мүдденiң) ставкасы МЕИҚАМ бойынша пайдаланылған жағдайда, ағымдағы төлеуге жататын ұлттық жинақ облигациялары бойынша сыйақының (мүдденiң) сомасы МЕИҚАМ ставкасы бойынша айқындалған сыйақы (мүдде) сомасынан басқа, сыйақыны (мүдденi) төлеу жүргiзiлетiн айдың алдындағы үш айлық кезең үшiн ұлттық жинақ облигацияларына салынған инвесторлар қаражатының инфляциясынан болған зиянды өтеу сомасын қамтиды және мынадай формула бойынша айқындалады: S=N*I/100+С мұнда С, теңге - МЕИҚАМ аукционында белгiленген сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша айналыстың тиiстi кезеңi үшiн есептелген сыйақы (мүдде) сомасы; N, теңге - сыйақы (мүдде) есептелетін ұлттық жинақ облигацияларының номиналды құны; S, теңге - ағымдағы төлеуге жататын ұлттық жинақ облигацияларының сыйақы (мүдде) сомасы; I, % - сыйақы (мүдде) төлеу жүзеге асырылған үш айлық кезеңдегi инфляция (тұтыну бағаларының индексiнен жүз шегерiлген). ЕСКЕРТУ. Жаңа 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 5. Ұлттық жинақ облигацияларының көрсетiлген құнын өтеу соңғы сыйақы (мүдде) сомасын төлеумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Мiндеттеме мiндеттеменiң шарттары мен заңның талабына сәйкес тиiстi дәрежеде атқарылуы қажет. Мiндеттемелердi атқарудан бiр жақты бас тартуға және оның шарттарын бiр жақты өзгертуге жол берiлмейдi. ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 6. Ұлттық жинақ облигациялары Қазақстан Республикасының аумағында еркiн айналыста болады және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес заңды тұлғалар да және жеке адамдар да - Қазақстан Республикасының резиденттерi де және резидентi еместер де оларды ұстаушылар бола алады. 7. Ұлттық жинақ облигациялары эмиссия белгiлеген көлемнiң шегiнде, әрқайсысы жеке шығарылым болып табылатын және бiр-бiрiне ұқсас ерекше нөмiрi болатын сериялармен шығарылады. Ұлттық жинақ облигацияларының әр шығарылымына бiреуi бас қаржы агентiнiң депозитарийiнде депониттелетiн, ал екiншiсi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде сақталатын ауқымды сертификат екi данада ресiмделедi. 8. Ұлттық жинақ облигацияларының әрбiр эмиссиясын жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге сәйкес ұлттық жинақ облигацияларын кодтау және оларға ұлттық бiр-бiрiне ұқсас нөмiрлер беру үшiн қажеттi ұсыныстар мен материалдар жолдайды. ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 28.10.2001 № 1369 қаулысымен. 9. 1996 жылға арналған ұлттық жинақ облигациялары эмиссиясының көлемi - "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес 1,3 млрд, теңге жалпы сомада, ал одан әрi тиiстi жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес айқындалады. 10. Ұлттық жинақ облигацияларын Қазақстан Республикасы аумағында орналастыру "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша бас қаржы агентi болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы жүзеге асырылады. Бас қаржы агентi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен жасалған агенттiк келісімге сәйкес ұлттық жинақ облигацияларының шығарылымына және айналымына түсуiне депозитарлық қызмет көрсетудi, ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың әрқайсысы бойынша депо-шоттар жүргiзудi, облигацияға меншiк құқығы мен осы құқықтың кез келген ауысуын есепке алуды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бас қаржы агентi тапсыратын жиынтық ведомостың негiзiнде сыйақы (мүдде) төлеудi және ұлттық жинақ облигацияларын өтеудi жүзеге асырады. Сыйақыны (мүдденi) МЕИҚАМ ставкасы бойынша айқындаған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жiберiлетін жиынтық ведомосқа, онымен бiрге сыйақыны (мүдденi) төлеу жүргiзiлетін айдың алдындағы үш айлық кезең үшiн тұтыну бағалары индексiнiң дәрежесi туралы мәлiметтер де енгiзiледi. ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 11. Ұлттық жинақ облигацияларын инвесторлар арасында орналастыру ұлттық жинақ облигацияларын орналастыру және айналымда болуына көмекшi депозитарлық қызмет көрсету туралы бас қаржы агентiнен жасалған агенттiк келісімдердiң негiзiнде, бас қаржы агентi депозиттарының көмекшi депозитарийi рөлiн орындаушы қаржы агенттерi - екiншi дәрежелi банктер арқылы жазылу жолымен жүзеге асырылады. 12. Қаржы агентiнiң депозитарийi осы қаржы агентi қызмет көрсететiн ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың әрқайсысы бойынша депо-шарттар жүргiзедi және облигацияларға меншiк құқығы мен осы құқықтың кез-келген ауысуының есебiн жүзеге асырады. 13. Қаржы агенттерiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бас қаржы агентiмен бiрлесiп, екiншi дәрежелi банктер арасында тендер өткізу жолымен айқындайды. Бас қаржы агентi олармен ұлттық жинақ облигацияларын орналастыру мен айналысқа қосуға көмекшi депозитарлық қызмет көрсету туралы және ұлттық жинақ облигацияларының қаржы агенттерiнiң бас қаржы агентiнен агенттiк келісімдерде ескерiлген көлемде ұлттық жинақ облигацияларын сатып алу шарттары мен мiндеттемелерiн қоса есептегендегi қаржы агенттерiнiң ұлттық жинақ облигацияларын алуының барлық шарттары қарастырылатын әрбiр жеке шығарылымына арнап агенттiк келісім жасайды. 14. Қаржы агенттерiнiң ұлттық жинақ облигацияларын орналастыру мен айналысқа қосуға көмекшi депозитарлық қызмет көрсету, сыйақы (мүдде) тоқсандық сомасын төлеу мен облигациялардың көрсетiлген құнын өтеу жөніндегі шығындары бас қаржы агентiмен жасалатын агенттiк келісімдерде ескерiлетiн комиссиялық сыйақылармен өтеледi, сыйақының (мүдденiң) тоқсандық сомасын төлеумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң тарапынан төленедi. Қаржы агенттерiне төленетiн комиссиялық сыйақы олар орналастырған облигациялар көлемiнiң жылдық 5 процентiнен аспауы керек және оның iшiнде қаржы агенттерiнiң ұлттық жинақ облигацияларына көмекшi депозитарлық қызмет көрсетуге, жарнамаға және инвесторлар арасында түсiндiрме жұмыстарын жүргiзуге арналған барлық шығындары кiредi. ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 15. Инвесторларды ұлттық жинақ облигацияларына жазылудың басталуы және шығарылуы туралы құлақтандыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң тарапынан бұқаралық ақпарат құралдары және қаржы агенттерi арқылы жинақ облигацияларының кезектi эмиссиясына жазылу басталуынан екi күнтiзбелiк апта бұрын жүргiзiледi. Хабарланатын ақпаратта мынадай мәлiметтер: ұлттық жинақ облигацияларына жазылу және сатып алу жөнiнде нұсқаулық (осы Ережеден көшiрме) олардың айналымында болу тәртібі, эмиссияның күнi мен нөмiрi, айналымда болу мерзiмi, сыйақы (мүдде) төлеу мен өтеу күнi, сыйақы (мүдде) ставкасын есептеу әдiсi, жекелеген инвестор алатын ұлттық жинақ облигацияларының ең жоғарғы және ең төменгi мөлшерi, жазылуды жүргiзетiн қаржы агенттерiнiң тiзбесi, шығарылым өткiзiлгендiгiн тану шарттары болуы қажет. ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 16. Ұлттық жинақ облигацияларына жазылу он күнтiзбелiк күнге созылады және ұлттық жинақ облигацияларының айналымға қосылуы басталуына үш банк күнi қалғанда аяқталады. Инвесторлар ұлттық жинақ облигацияларына жазылуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекiткен нысан бойынша азаматтың тұратын жерiн, төлқұжаттық және нысан бойынша сұралатын, басқа да мәлiметтердi, алатын облигацияларының санын, тапсырыс берген күнi мен уақытын, осы жазылушыға қызмет көрсететiн қаржы агентiнiң атауын қосқандағы инвестор туралы толық мәлiмет көрсетiлуi қажет. Тапсырыс берумен бiр мезгiлде инвестор алынған ұлттық жинақ облигациялары үшiн тапсырыста көрсетiлген облигацияның санына сәйкес сомада ақы төлейдi. Тапсырыс бойынша ақы төлеу ұлттық валюта - теңгемен қолма-қол төлеу және аудару нысанында жүргiзiледi. 17. Инвесторлар ұлттық жинақ облигацияларын алуға бiр мезгiлде бiрнеше қаржы агентiне тапсырыс бере алады. Инвесторлар жазылу жүргiзiлетiн барлық мерзiм iшiнде өз тапсырыстарын керi сұрата және күші жойылған өтінім бойынша сатып алуға жататын ұлттық жинақ облигациялары үшін төленген ақшалар ала алады. Мұндай жағдайда қаржы агентi бiр банк күнi iшiнде керi шақырылған тапсырысты жоюы және инвесторға ол тапсырыс бойынша төлеген соманы қайтаруы керек. ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 18. Қаржы агенттерi инвесторлардан тапсырысты және алатын ұлттық жинақ облигациялары үшiн төлемдi агенттiк келісімдерде көрсетiлген көлемге жеткенше қабылдайды, одан кейiн тапсырыстар қабылдау тоқтатылады. Егер тапсырыстардағы облигациялардың жалпы сомасы осы қаржы агентi мен бас қаржы агентiнiң арасында жасалған агенттiк келісімде көрсетiлген көлемнен аз болса, ұлттық жинақ облигацияларының сол көлемге жетпей тұрған саны агенттiк келісімде көрсетiлген шарттарға сәйкес қаржы агентi тарапынан сатып алынады. 19. Жазылу мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi үш банк күнi iшiнде қаржы агенттерi агенттiк келісімдерде көзделген көлемде сатып алынған ұлттық жинақ облигацияларынан түскен қаражатты Қаржы министрлігінiң (№ 1141456 арнаулы шотына жiбередi, бұдан кейiн бас қаржы агентi қаржы агенттерiне осы ұлттық жинақ облигациясының шығарылымына арнап оған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берген ауқымды сертификаттың негiзiнде қаржы агенттерiнiң өздерi сатып алған көлемдердi қосқандағы олар орналастырған ұлттық жинақ облигацияларының көлемiне сертификаттар бередi. 20. Инвесторларға проценттер төлеудi осы Ережеге сәйкес белгiленген және шығарылымның ауқымды сертификатында көрсетiлген ұлттық жинақ облигацияларын шығару шарттарында көзделген ставкалар бойынша қаржы агенттерi тоқсан сайын жүргiзедi. Инвесторларға ұлттық жинақ облигациялары бойынша проценттер төлеу осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген күннен бастап он банкi күнi бойында жүргiзiледi. Егер осы мерзiм өткенде жеке тұлғалар-инвесторлар есептелген сыйақыны (мүддені) алмаған болса, қаржы агенттерi төленуге тиiстi сыйақыларды (мүдделерді) олар бойынша сыйақы (мүдде) қосып есептеу шартымен талап етуi арқылы берiлетiн арнаулы жинақ шоттарына салады және оны инвестор талап еткен бойда төлейдi. Ұлттық жинақ облигациялары бойынша заңды тұлғалар-инвесторлар талап етпеген сыйақының (мүдденің) тоқсандық сомасымен қаржы агенттерi инвестордың есеп айырысу (ағымдағы) шоттарына аударады. Бұл ретте Қаржы министрлігі талап етiлмеген тоқсандық сыйақыға (мүддеге) үстеме сыйақы (мүдде) есептеу жүргiзбейдi. ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 25.09.1996 № 1172 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 21. Ұлттық жинақ облигацияларының сыйақының (мүдденің) соңғы тоқсандық сомаларын төлеу және нақты құнын өтеу осы Ереженiң 3-тармағында белгiленген күннен кейiн отыз күнтiзбелiк күн бойы, осы Ереженiң 20-тармағында жазылған тәртiппен жүргiзiледi. Осы мерзiм өткен соң облигациялардың талап етiлмеген сыйақы (мүдде) сомасы мен нақты құнына осы Ереженiң 20-тармағында жазылған тәртiп қолданылады. ЕСКЕРТУ. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 25.09.1996 № 1172 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 22. Ұлттық жинақ облигацияларының операциялары сыйақы (мүдде) төлеу мен өтеудiң хабарланған мерзiмiне жетi күн қалғанда тоқтатылады. Осы уақыт iшiнде бас қаржы агентi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне сыйақы (мүдде) мен өтемдi есептеу жүргiзiлетiн ұлттық жинақ облигацияларының саны және әрбiр қаржы агентi бойынша төлем сомасы туралы мәлiмет кiретiн өтеуге арналған жиынтық ведомосты ұсынады. ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 23. Сыйақының (мүдденің) тоқсандық сомасын төлеу мен ұлттық жинақ облигацияларын өтеу үшiн қажеттi қаражаттарды Қаржы министрлігі қаржы агенттерiнiң корреспонденттiк шотына, бас қаржы агентi ұсынған мәлiметтердiң негiзiнде, сыйақы (мүдде) төлеу мен өтеудiң хабарланған күнiне дейiнгi бiр банк күнi iшiнде аударады. ЕСКЕРТУ. 23-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 № 1324 қаулысымен. 24. Ұлттық жинақ облигацияларына меншiк құқығының бiр ұстаушыдан келесiге ауысуы ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың жазбаша тапсырмаларының немесе электрондық тапсырмаларының негiзiнде сатушы мен сатып алушының депо-шоттарына тиiстi жазбалар енгізу жолымен тек қана қаржы агенттерiнiң депозитарийi арқылы жүзеге асырылады. Кез-келген ұлттық жинақ облигацияларына меншiк құқығының ауысуы қаржы агенттерiнiң электрондық тапсырмалары негiзiнде бас қаржы агентiнiң депозитарийiнде көрсетiледi. 25. Бас қаржы агентi қаржы агенттерiнiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады және олар бас қаржы агентiмен жасасқан агенттiк келісімдерде көрсетiлген өз қызметтерi мен мiндеттемелерiн қанағаттанғысыз орындаған немесе бұзған кезде олармен агенттiк келісімдi бiржақты тәртiп бұза алады. 26. Ұлттық жинақ облигацияларымен операциялар бойынша салық салу тәртібі "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес айқындалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |