Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 1, 1-құжат): 1. Кiрiспенiң бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы қазiргi шекарасында тұтас, оған қол сұғылмайды және бөлiнбейдi". 2. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: "1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз Қазақстан аумағының шегiн - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңiстiгiн айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн үстiңгi қабаты. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi". 3. 5-бапта: 1) үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiне жағалаудағы теңiз сулары жатады, олардың енi Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi"; 2) бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Каспий теңiзiнде - iшкi суларға жататын айдын Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi"; 3) алтыншы бөлiктегi "Жоғарғы Кеңесiнiң" деген сөздер "Парламентiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын. 4. 6, 9, 11, 13 және 17-баптарда "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкіметі" деген сөзбен ауыстырылсын. 5. 10-бапта: 1) баптың атауындағы "ұшып келуi (кіруi)" деген сөздер "келiп қонуы (кiруi)" деген сөзбен ауыстырылсын. 2) үшiншi бөлiк "кеден" деген сөзден кейiн "экологиялық" деген сөзбен толықтырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|