Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде ашық тендерлердi өткізудiң ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 25.08.00 ж. № 195 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы № 2721 Заң күшi бар "Жекешелендiру туралы" Жарлығын орындау Мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі департаментi қаулы етедi: 1. Ұсынылған "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде ашық тендерлер өткізу тәртібі туралы Ереже" бекітілсiн. 2. Жекешелендiру жөніндегі аумақтық комитеттер: объектiлердi ашық тендерлерде сатуды Мемлекеттік комитетпен келiсе отырып, жоғарыда көрсетiлген Ереже негiзiнде жүргiзсiн; Сатып алушының коммерциялық тендер кезiнде - тендер шартын, инвестициялық тендер кезiнде - тендер шарты мен бағдарламасын орындауына бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн. 3. Әлеуметтiк инфрақұрылымдар объектiлерiн жекешелендiру басқармасы (Н.Ж.Махимовқа) мен акциялардың мемпакетiн сату басқармасы (Қ.С.Құттыбаевқа) ашық тендер арқылы сатылатын объектiлердiң жедел-аналитикалық есебiн жасасын. 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Төраға орынбасарлары Т.С.Сарабекова мен Ю.Е.Дуберманға жүктелсiн. Төраға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі департаментi 1996 жылдың 11 маусымындағы № 240 қаулысымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде ашық тендерлер өткізудiң тәртібі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы № 2721 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және жекешелендiру объектiлерiн сату жөніндегі ашық тендерлер өткізудiң тәртібін реттейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|