|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 ақпандағы № 169 ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiк туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 ақпандағы № 169 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 7, 43-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: Аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiк туралы ережеде: 5-тармақ мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын: "кредит берушiлер - мемлекеттік заңды тұлғалардың атынан, сондай-ақ белгiленген тәртiптi сақтай отырып, жарғылық қорында Қазақстан Республикасының үлесi (салымы) бар шаруашылық серiктестiктерiнiң атынан сенiмхатсыз уәкiлеттiк берiлген өкiл болады". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |