|
|
|
Қазақстан Республикасының газ саласындағы мүлiктi жекешелендiру ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдары мемлекеттік меншiктi жекешелендiру және қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Қазақгаз" мемлекеттік холдинг компаниясы мен "Алаугаз" акционерлік қоғамының газ тасымалдау жүйесi объектiлерiн мүлiктiк жалдауға, сенiмдi басқаруға және жекешелендiруге беру жөніндегі ұсынылып отырған шаралар жоспары бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi заңда белгiленген тәртiппен: "Қазақгаз" мемлекеттік холдинг компаниясы мен "Алаугаз" акционерлік қоғамының газ тасымалдау жүйесi объектiлерi жөніндегі аталған шаралар жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн; газ шаруашылығы акционерлік қоғамдарының мемлекеттік акциялар пакетiн сату үшiн қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне берсiн; Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен және облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып "Қазақгаз" мемлекеттік холдинг компаниясы мен "Алаугаз" акционерлік қоғамының газ тасымалдау жүйесi объектiлерiн мүлiктiк жалдауға, сенiмдi басқаруға және жекешелендiруге беру жөніндегі шараларға байланысты жұмыстарды жүзеге асыруда өкiлеттi консультанттарға қажеттi жәрдем көрсетсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 17 қыркүйектегi № 1126 қаулысымен Бекiтiлген "Қазақгаз" мемлекеттік холдинг компаниясы мен "Алаугаз" АҚ газ тасымалдау жүйесi объектiлерiн мүлiктiк жалдауға, сенiмдi басқаруға және жекешелендiруге беру жөніндегі шаралар жоспары --------------------------------------------------------------------- Шаралар і Орындалу мерзiмi --------------------------------------------------------------------- I кезең. Дайындық кезеңi 1 Объектiлердiң қызметiне және бәсекелестiк 1996 жылғы қабiлетiне талдау жасау 20 қыркүйекке дейiн 2 "Қазақгаз" МКХ объектiлерiн мүлiктiк 1996 жылғы жалдауға беру жөніндегі негiзгi шарттарын 20 қыркүйекке дейiн (концессия) әзiрлеу 3 "Қазақгаз" МКХ объектiлерiнiң концессияға 1996 жылғы беруге жататын мүлiктiк кешендердi бөле 30 қыркүйекке дейiн отырып ұйымдастыру-құрылымдық, технологиялық және басқа қайта жаңғыртуларды әзiрлеу мен жүзеге асыру II кезең. Тендерлiк процесс 4 Тендерге қатысуға шақыруларды жiберу 1996 жылғы 1 қазанға дейiн 5 Ақпараттық меморандумды (тендерлiк 1996 жылғы құжаттарды) жiберу 1 қазанға дейiн 6 Инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру 1996 жылғы (ақпараттық бөлмелердi әзiрлеу, 15 қазанға дейiн объектiлерге бару және т.б.) 7 Тендерлiк ұсыныстарды қабылдау және талдау 1996 жылғы 30 қазанға дейiн 8 Жеңiмпазды анықтау 1996 жылғы 5 қарашаға дейiн 9 Тендер жеңiмпазымен келiссөздер жүргiзу 1996 жылғы 20 қарашаға дейiн 10 Шартқа қол қою 1996 жылғы 30 қарашаға дейiн III кезең. Қорытынды кезең 11 "Алаугаз" АҚ-ын тендер арқылы Жоғарыда көрсетiлген жекешелендiру жөніндегі шараларды жүргiзу шараларды өткiзгеннен кейiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 17 қыркүйектегi № 1126 қаулысымен Қосымша Мемлекеттік акциялар пакетi тендер арқылы сатылу жолымен жекешелендiруге жататын газ шаруашылығы акционерлік қоғамдарының ТIЗБЕСI Ақмола ГШАҚ Алматы ГШАҚ Жамбыл ГШАҚ Жезқазған ГШАҚ Қарағанды ГШАҚ Қызылорда ГШАҚ Көкшетау ГШАҚ Солтүстiк Қазақстан ГШАҚ Талдықорған ГШАҚ Темiртау ГШАҚ Торғай ГШАҚ Оңтүстiк Қазақстан ГШАҚ "Өскемен Алаугаз" АҚ "Павлодар газ шаруашылығы" АҚ Алматы iске қосу-ретте АҚ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |