Қазақстанның темір жолдарында "Нөкер" тиектi қорғасын-таңбалау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2005 жылғы 8 ақпандағы № 69 бұйрығымен күші жойылды Көлiк және коммуникациялар министрлігімен тиектi-қорғасын таңбалау және көлiктегi Шығыс УГСК басқармасының сарапты-криминалдық қорытындысы бойынша темір жолдардан келiп түскен барлық материалдар қаралды. Қазақстан темір жолдарында тасымал құралдарын қорғасын таңбалауға негiзiнен жауап беретiн, сенiмдi құрал ретiнде, "Нөкер" фирмасының тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысын қолдану туралы шешiм қабылданды. Қазақстанның темір жолдарында тасымалданатын жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету мен қолданылатын тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысының бiрыңғай стандартын енгізу мақсатымен, бұйырамын: 1. Қазақстанның темір жолдарындағы вагондар мен контейнерлердi 1996 жылғы 1 қыркүйектен бастап, "Нөкер" фирмасының тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысымен қорғасын таңбалау енгiзiлсiн: 2. Жол бастықтары: 2.1. Осы жылдың 15 тамызына дейiн "Нөкер" ШЖС тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысының қажеттi санын әзiрлеу үшiн шарттар бекiтсiн. 2.2. Барлық жүк жөнелтушiлерге вагондар мен контейнерлердi қорғасын таңбалаудың жаңа тәртібі жеткiзiлсiн. 3. Енгізу басталған соң 3 ай мерзiм iшiнде тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысы жұмыстары қорытындылансын және ТМД және Балтия темір жолдарында пайдалануға ТЖКОК рұқсат алуға жiберу үшiн техникалық құжаттар әзiрленсiн. Министр Бекiтемiн: Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi ________________ Ю.И.Лавриненко 1996 жылғы 15 шiлде Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы вагондар мен контейнерлердi тиектi-қорғасын таңбалы қондырғылармен қорғасын таңбалаудың Уақытша ережелерi (Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы Уақытша Жарғының 45-бабы) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|