|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1750 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: «Ауыл шаруашылығы үшiн материалдық-техникалық ресурстарды берушiлерге борыштарды iшiнара өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1750 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: кiрiспедегi: «Кең дала» акционерлік қоғамы» деген сөздер «Кең дала», «Өнiм», «Трактор» (Ақтөбе қаласы) акционерлік қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын; «босалқы бөлшектер» деген сөздерден кейiн «өсiмдiк қорғау құралдары» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтағы: «Кең дала», акционерлік қоғамы» деген сөздер «Кең дала»,»Өнiм»,»Трактор» (Ақтөбе қаласы) акционерлік қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдары» деген сөздерiмен ауыстырылсын; «босалқы бөлшектер» деген сөздерден кейiн «өсiмдiк қорғау құралдары» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтағы «Кең дала» акционерлік қоғамы» деген сөздер «Кең дала», «Өнiм», «Трактор» (Ақтөбе қаласы) акционерлік қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын; «босалқы бөлшектер» деген сөздерден кейiн «өсiмдiк қорғау құралдары» деген сөздермен толықтырылсын; «көрсетiлген (ренталық) төлемдерге» деген сөздерден кейiн «сондай-ақ акциздер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзацтағы «Кең дала» акционерлік қоғамымен» деген сөздер «Кең дала», «Өнiм», «Трактор» (Ақтөбе қаласы) акционерлік қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |