Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ҚР Үкіметінiң 31.07.03 ж. № 765 қаулысымен күші жойылды "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 3 қазандағы № 2475 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1995 ж., № 19, 115-құжат) және "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерту енгізу туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2832 Заң күшi бар Жарлықтарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). 2. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалмаса автокөлiк құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi. 3. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға арналған лицензиялары бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады. Сақтандыру ұйымдарына автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жүргiзуге рұқсат беру үшiн қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сақтандыруды қадағалауы белгiлейдi. 4. Автокөлiк құралдары иесiнiң (сақтанушы) тиiстi лицензиясы бар кез келген сақтандырушылармен азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға құқығы бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|