Өнеркәсіптік авариялардың шекарааралық ықпалдары туралы конвенция Осы Конвенцияның Тараптары: - қазiргi және келешек ұрпақ мүдделерi үшiн адамдар мен қоршаған ортаны өнеркәсiптiк авариялар ықпалдарынан қорғаудың ерекше маңызын ескере отырып, - өнеркәсiптiк авариялардың адамдар мен қоршаған ортаға елеулi зиянды ықпалын болдырмаудың және авариялардың алдын алу, оларға әзiр тұруды қамтамасыз ету және экологиялық жағынан қауіпсiз және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында олардың салдарларын жою жөніндегі ұтымды, экологиялық жағынан дұрыс болатын шараларды тиiмдi пайдалануға ынталандыратын барлық шараларға жәрдемдесудің маңыздылығы мен шұғылдығын тани отырып, - өнеркәсiптiк авариялардың зиянды ықпалы шекараның шегiнен тыс жерлерде де сезiлуi мүмкiн екенiн және мемлекеттердің ынтымақтастығын қажет ететiнiн ескере отырып, - мүдделi мемлекеттердің арасында, тиiстi саясатпен нығайту мақсатында авариялар кезiнде және одан кейiн де белсендi халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, сондай-ақ өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу оларға әзiр тұруды қамтамасыз ету және олардың шекарааралық жасалатын ықпалын жою үшiн барлық тиiстi деңгейлердегi iс-қимылдарды күшейту және үйлестiру қажеттiгiн растай отырып, - өнеркәсiптiк авариялардың алдын алу, оларға әзiр тұрудың және олардың ықпалдарын жоюды қамтамасыз ету жөніндегі екi тарапты және көп тарапты шаралардың маңыздылығын және пайдалылығын атап өте отырып, - бұл саладағы Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) атқаратын ролiн сезiне отырып және, солардың қатарында, шекарааралық iшкi сулар авариялық ластанған кезде ЕЭК тәртібінің Кодексiне және шекарааралық мәтіндегі қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау туралы конвенцияға сүйене отырып, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|