Халықаралық авиация туралы
Халықаралық азаматтық авиацияның болашақ дамуы дүние жүзiнiң ұлттары мен халықтары арасында достық пен өзара түсiнiстiктi орнықтыру мен қолдауға елеулi дәрежеде игi ықпал ете алатынын, оны ескермеудiң жалпы қауiпсiздiкке қауiп тудыруы мүмкiн екендiгiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; текетiрестi мүмкiндiгiнше болдырмауды және бүкiл дүниежүзiнде бейбiтшiлiктiң орнығуы байланысты болатын ұлттар мен халықтар арасындағы осындай ынтымақтастыққа жәрдемдесудi НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; халықаралық азаматтық авиация қауiпсiз және реттелген тәртiппен дамуы және халықаралық әуе қатынасы мүмкiндiктер теңдiгi негiзiнде белгiленуi және ұтымды және үнемдi жүзеге асырылуы үшiн белгiлi бiр принциптер мен шаралар келісімiне қол жеткiзе отырып, төменде қол қойған Үкiметтер, СОНДЫҚТАН; осы мақсатта осы Конвенцияны жасасты.
АЭРОНАВИГАЦИЯ I ТАРАУ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕР ЖӘНЕ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 1-бап
Егемендік Уағдаласушы мемлекеттер әрбiр мемлекеттiң өз аумағы үстiндегі әуе кеңiстiгiне толық және түбегейлi егемендiгiн таниды.
Аумақ Осы конвенцияның мақсатында осы мемлекеттiң егемендiгіндегі, суверенитетіндегі, протекторатындағы немесе мандатындағы құрлықтағы аумақтар мен олармен шектес аумақтағы сулар мемлекет аумағы деп түсiнiледi. 3-бап
Азаматтық және мемлекеттік әуе кемелерi а) Осы Конвенция тек азаматтық әуе кемелерiне қолданылады және мемлекеттік әуе кемелерiне қолданылмайды. b) Әскери, кеден және полиция қызметiнде пайдаланылатын әуе кемелерi мемлекеттік әуе кемелерi ретiнде қарастырылмайды. с) Уағдаласушы мемлекеттердiң бiр де бiр мемлекеттік әуе кемесi басқа мемлекеттiң аумағымен ұшпайды және арнаулы келісіммен немесе өзгеше жолмен және оның шарттарына сәйкес берiлген рұқсаттарды қоспағанда, онда қонбайды. д) Уағдаласушы мемлекеттер өздерiнiң мемлекеттік әуе кемелерi үшiн ережелер белгiлеген кезде азаматтық әуе кемесi навигациясының қауiпсiздiгiне тиiстi назар аударуға мiндеттi. Азаматтық авиацияны тиiсiнше пайдаланбау Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|