Халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбір ережелердi-сәйкестендiруге арналған конвенция (1955.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Герман Рейхспрезидентi, Австрия Республикасының Федералдық Президентi, Бельгиялықтардың Жоғары Мәртебелi Королi, Бразилия Құрама Штаттарының Президентi, Болгарлардың Жоғары Мәртебелi Королi, Қытай Ұлттық Үкіметінiң Президентi, Жоғары Мәртебелi Дания және Исландия Королi, Жоғары Мәртебелi Испания Королi, Эстон Республикасы Мемлекетiнiң Басшысы, Финляндия Республикасының Президентi, Француз Республикасының Президентi, Жоғары Мәртебелi Ұлыбритания, Ирландия және теңiздердiң арғы жағындағы Британ аумақтары Королi, Үндістан Императоры, Эллин Республикасының Президентi, Венгр Корольдiгiнiң Жарқын Мәртебелi Регентi, Жоғары Мәртебелi Италия Королi, Жоғары Мәртебелi Жапония Императоры, Латвия Республикасының Президентi, Люксембургтық Ұлы Королевалық Мәртебелi Ұлы Герцогиня, Мексика Құрама Штаттарының Президентi, Жоғары Мәртебелi Норвегия Королi, Жоғары Мәртебелi Нидерландтар Королевасы, Поляк Республикасының Президентi, Жоғары Мәртебелi Румыния Королi, Жоғары Мәртебелi Швеция Королi, Швейцария Федералдық Кеңесi, Чехословакия Республикасының Президентi, Советтiк Социалистiк Республикалар Одағының Орталық Атқарушы Комитетi, Венесуэла Құрама Штаттарының Президентi, Жоғары Мәртебелi Югославия Королi халықаралық әуе тасымалдарының талаптарын осы тасымалдар үшiн пайдаланылатын құжаттарға және тасушының жауапкершiлiгiне қатысты бiркелкi тәртiппен реттеудің пайдалы екенiн мойындай отырып, өздерiнiң тиісті уәкілеттi адамдарын осы мақсат үшін тағайындады, олар оған тиiсiнше рұқсат ала келiп, мына Конвенцияны жасап, оған қол қойды: АНЫҚТАУ НЫСАНАСЫ 1-бап 1. Осы Конвенция әуе кемесi арқылы, адамдарды, теңдеме жүктi немесе жүктердi ақысын төлеп жүзеге асырылатын барлық халықаралық тасымалдау кезiнде қолданылады. Ол, сондай-ақ әуе тасымалы кәсiпорны әуе кемесi арқылы жүзеге асыратын тегiн тасымалдарға да қолданылады. Конвенцияға түзетулер енгізу туралы Хаттамамен 2-параграф жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|