|
|
|
Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Қазақ КСР-iнде ауылды, селоны және агроөнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ КСР Заңының (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 8, 93-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 327-құжат, 1995 ж., № 20, 120-құжат): 44-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Селолық жерлерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерiнiң мамандары коммуналдық қызметтерге (орталықтандырылған жылуға, суық және ыстық сумен жабдықтауға, канализацияға, электр қуатымен жабдықтауға, газға, қоқыстан адалауға, лифтiлердi қамтуға), ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде тұратындар - отын үшiн де Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде ақы төлеуден босатылады. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен коммуналдық қызметтер үшiн алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi". 2. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 208-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат): 39-бабының бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "I және II топтағы мүгедектер, сондай-ақ III топтағы мүгедектер, егер олар белгiленген тәртiппен жұмыссыз деп танылса, коммуналдық қызметтерге (орталықтандырылған жылуға, суық және ыстық сумен жабдықтауға, канализацияға, электр қуатымен жабдықтауға, газға, қоқыстан адалауға, лифтiлердi қамтуға), ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде тұратындар отын үшiн де 50 процент мөлшерде төлейдi. I және II топтағы мүгедектер сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде тұрғын үйдi ұстауға арналған шығындарды төлеуден босатылады. Мүгедектердiң жекелеген санаттарына қосымша тұрғын үй алаңына құқық берiледi. Қосымша тұрғын үй алаңын берудiң тәртібі мен шартты және оны алуға құқығы бар мүгедектер санаттарының тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi."; 40-бабының 2-бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "I топтағы мүгедектер телефонды (қалааралық сөйлесуден басқа) тегiн, II топтағы мүгедектер - белгiленген тариф құнының 50 процентiн төлеп, ал тариф пен уақыт нормаларының мерзiмдiк төлемi жағдайында - Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде пайдаланылады. I топтағы мүгедектер радионы тегiн, ал II топтағы мүгедектер оның құнының 50 процентiн төлеп пайдаланады.". 3. "Бiлiм беру туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 6, 110-құжат; № 13-14, 327-құжат; № 16, 402-құжат; 1993 ж., № 8, 154-құжат; 1995 ж., № 15-16, 104-құжат; № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 183-құжат): 28-бабының бiрiншi бөлiгiнiң сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "- егер поселкелерде және ауылдық жерлерде орналасқан мектептерде жұмыс iстейтiн болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызметтерге (орталықтандырылған жылуға, суық және ыстық сумен жабдықтауға, канализацияға, электр қуатымен жабдықтауға, газға, қоқыстан адалауға, лифтiлердi қамтуға), сондай-ақ отынға жұмсалатын шығындарды төлеуден босатылады. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi;". 4. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; 1992 ж., № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; 1995 ж., № 23, 155-құжат): 33-бабының төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Күнтiзбелiк есеппен 20 жыл және одан да көп қызмет еткен iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқасы) тұрғын үй қорының кiмге тиесiлi екенiне қарамастан өздерi орналасқан және өздерiмен бiрге отбасы мүшелерi тұратын тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызметтерге (орталықтандырылған жылуға, суық және ыстық сумен жабдықтауға, канализацияға, электр қуатымен жабдықтауға, газға, қоқыстан адалауға, лифтiлердi қамтуға) жұмсалатын шығындарды Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде 50 процент мөлшерiнде төлейдi. Тұрғын үй алаңы берілгенге дейiн тұрғын үй-жайды жалға алу (жалдау) үшiн әскери қызметшiге заңдарда белгiленген мөлшерде және тәртiппен ақшалай өтемақы төленедi. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi". 5. "Арал өңiріндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат): 15-бабының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4) коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiленген тәртiппен және нормалар шегiнде, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде тұратындар азаматтарға сату үшiн белгiленген нормалар шегiнде сатып алынатын отын үшiн де белгiленген ақының 50 процент мөлшерiнде кемiтiп төлеуге. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен коммуналдық қызметтер үшiн алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi;"; 16-бабының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4) коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгілеген тәртіппен және нормалар шегінде, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде тұратындар азаматтарға сату үшiн белгiленген нормалар шегiнде сатып алынатын отын үшiн де белгiленген ақыны 25 процент мөлшерiнде кемiтiп төлеуге. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi;". 6. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат): 12-бабының он екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқасы) қызмет еткен жылдарына қарамастан, сондай-ақ 20 жыл және одан да көп қызмет еткен, жасына, денсаулық жағдайына, штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен босаған адамдар отбасы мүшелерiмен бiрге тұрғын үйдi ұстауға арналған шығындарды, тұрғын үй қорының кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан, коммуналдық қызметтерге (орталықтандырылған жылуға, суық және ыстық сумен жабдықтауға, канализацияға, электр қуатымен жабдықтауға, газға, қоқыстан адалауға, лифтiлердi қамтуға), ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде тұратындар Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiп пен нормалар шегiнде отын үшiн де 50 процент мөлшерiнде төлейдi. Телефонды орнату және пайдалану жөніндегі жеңiлдiктер (қалааралық сөйлесуден басқа) белгiленген тарифтiң 50 процентi мөлшерiнде, ал мерзiмдiк төлем жағдайында - Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тарифпен және уақыт нормасында берiледi. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi.". 7. "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 10, 242-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат): 24-бабының сегiзiншi абзацындағы "қолданылып жүрген заңдармен белгiленген нормалар шегiнде тұрғын алаңға, коммуналдық қызметке, телефонды пайдаланғаны үшiн төленетiн ақыны 50 процент, орталықтан жылытылмайтын үйлерде тұратын адамдар үшiн халыққа сату үшiн көзделген нормалар шегiнде сатып алынатын отын құнын 50 процент төмендетуге" деген сөздер "тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызмет (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн, телефонды пайдаланғаны үшiн (қалааралық сөйлесуден басқа) шығындарына ақы төлеудi белгiленген тарифтен 50 процент төмендету, ал мерзiмдiк төлем жағдайында - Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тарифпен және уақыт нормасында, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде тұратындарға азаматтарға сату үшiн белгiленген нормалар шегiнде сатып алынатын отын үшiн де 50 процент төмендетуге. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер үшiн алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi" деген сөздермен ауыстырылсын. 8. Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат): 11-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "6. Өздерiне тиесiлi немесе өздерi тұрып жатқан, бiрақ 50 шаршы метрден артық емес пайдалы алаңы бар тұрғын үйдi ұстауға жұмсалатын шығындар үшiн ақы төлеуден босату. 50 шаршы метрден артық тұрғын үйдi ұстауға арналған шығындар азаматтар үшiн белгiленген тарифтiң 50 процентi мөлшерiнде төленедi. Олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi заңдарда белгiлеген нормалар шегiнде тұрғын үйдi ұстауға жұмсалатын шығындарды төлеуден босатылады. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледі."; 11-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "7. Коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн, оның iшiнде орталықтандырылған жылу үшiн пайдалы алаңы 50 шаршы метр шегiнде және 50 шаршы метрден артық алаң үшiн халыққа арнап белгiленген тарифтiң 50 процентi мөлшерiнде, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде отын үшiн де Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде ақы төлеуден босату. Олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) құнының 50 процентi мөлшерiнде шегерiм жасап төлейдi. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi."; 11-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "Пәтердегi телефонды пайдаланғаны үшiн (қалааралық сөйлесуден басқа) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде ақы төлеуден босату.". 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Өзi тұрып жатқан алаңының мөлшерiне, тұрғын үйдiң күзеттiк белгi беретiн қоңырауына қатысты қызметтерге қарамастан тұрғын жайын ұстауға арналған шығындарды төлеуден босату. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi."; 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Отбасына арналған норма шегiнде өздерiне тиесiлi немесе өздерi тұратын пайдалы алаң үшiн тұрғын үйдi ұстауға арналған шығындарды төлеуден босату, ал 15 шаршы метрге дейiнгi артық алаңға бiр өлшемдегi мөлшерде ақы төленедi. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi."; 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiмен қоса, коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн 50 процент мөлшерiнде, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде - отын үшiн де Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде ақы төлеуден босату. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi."; 16-баптың 1-тармағының 3-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "пәтерiне телефон орнатып, пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпте және нормалар шегiнде ақының 50 процентiн (қалааралық сөйлесуден басқа) төлеуге;"; 16-баптың 2-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "тұрғын үйдi ұстауға арналған шығындарды төлеуден Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде 50 процентке босатылады. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi;"; 16-баптың 2-тармағының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн 50 процент мөлшерiнде, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде, отын үшiн де Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде ақы төлеуден босату. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi.". 9. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат): 36-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Алтын алқа" алқасымен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана атағын алған көп балалы аналар белгiленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiледi; отбасы мүшелерiмен қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде тұрғын үйдi ұстауға арналған шығындарды, сондай-ақ коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) - үшiн 50 процент мөлшерiнде төлейдi; мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi; оларға тұрғын үй салу үшiн процентсiз несие берiледi; жеке басы қала iшіндегі және қала маңындағы көлiкпен (таксиден басқа), ал ауылдық жерлерде - аудан iшіндегі желiлерде автобустармен тегiн пайдалану құқығы берiледi.". 10. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетi және оның органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2706 Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 153-құжат): 25-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "7. Мемлекеттік тергеу комитетiнiң қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерiнiң балаларына олар кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн, сондай-ақ оның асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн шығындарды төлеу жөнiнде, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде тұратындарға - Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде отын үшiн де жеңiлдiктер құқығы сақталады. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi. Қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағыларға айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы тағайындалады."; 27-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Жас шамасы, денсаулық жағдайы, штаттың қысқаруы, қызмет еткен жылдары бойынша қызметтен зейнетке шығарылған Мемлекеттік тергеу комитетiнiң қызметкерлерi мен зейнеткерлерi және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi үшiн тұрғын үй қорының ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн шығындарды төлеу жөнiнде, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде, отын үшiн де 50 проценттiк шегерiм белгiленедi. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi.". 11. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат): 28-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "7. Iшкi iстер органдарының қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерiнiң балаларына олар кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн, сондай-ақ оның асырауындағы болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн шығындарды төлеу жөнiнде, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде тұратындарға - Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде отын үшiн де жеңiлдiктер құқығы сақталады. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi. Қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағыларға айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы тағайындалады."; 30-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Жас шамасы, денсаулық жағдайы, штаттың қысқаруы, қызмет еткен жылдары бойынша қызметтен зейнетке шығарылған iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi үшiн тұрғын үй қорының ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн шығындарды төлеу жөнiнде, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде тұратындарға Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде отын үшiн де 50 проценттiк шегерiм жасау белгiленедi. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi.". 12. Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтiк мемлекеттік кепiлдiктердi реттеу жөніндегі шаралар туралы" 1996 жылғы 23 қаңтардағы № 2788 Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 176-құжат; № 20-21, 401-құжат): II бөлiмі бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн шығындарды төлеу жөнiнде, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде тұратындарға Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар үшiн белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде отын үшiн де 50 проценттiк шегерiм белгiленедi. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi."; мынадай мазмұндағы III бөлiммен толықтырылсын: "III. Тұрғын үйдi ұстауға, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге (орталықтандырылған жылуға, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализацияға, электр қуатымен жабдықтауға, газға, қоқыстан адалауға, лифтiлердi қамтуға) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нормаларда:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |