ҚазМАСҚА тексерушi-уәкiлдерiнiң авторлық сыйақы алымдарымен творчестволық ҚР Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқықығы жөніндегі комитеті Төрайымының 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 81-п бұйрығымен күші жойылды ҚазМАСҚА өкiлеттi-инспекторларының авторлық сыйақы алымдарымен творчестволық одақтар қорына аударылған қаржыларды жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ Өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде тексерушi-уәкiл ынта көрсетiп, төлеушiлермен және басқа да мекемелермен iскер байланыс орнатып оны нығайтып отыруы, театрларда, циркте, клубта, мейрамханаларда және т.б. жерлерде өнер көрсететiн концерттiк мекемелер мен ұжымдардың репертуарларын бiлуi керек. Түскен ақшаны есептеуге және инкассациялауға нақты жоспар құру үшiн Агенттiк дер кезiнде мәлiмет алып қажеттi шаралар қолдану мақсатында есептеудiң мөлшерi мен инкассациялау мерзiмiне әсер ететiн жағдайларды ұдайы қадағалап отыруы керек. Тексерушi-уәкiлге тапсырмалар мен шығындарды есептi жылға жоспарлау 1. Тексерушi-уәкiл үшiн авторлық сыйақы алымдарымен творчестволық одақ қорларына аударылған қаржыларды жинау тапсырмаларының жоспары тоқсандық бөлу арқылы, жылдық алым жоспары мен Агенттiктiң жылдық кiрiсi мен шығынына сәйкес жасалады. Алым жоспарын жасау кезiнде тексерушi-уәкiл төмендегi жәйттердi ескеруi қажет: а) өткен мерзiмдегi жұмыс кезiнде жиналған нақты алым жөніндегі мәлiметтердi, б) соңғы үш жыл iшіндегі алым өсiмiнiң жалпы жылдық орташа процентi. 2. Агенттiк тоқсандық алым жоспарына негiз бар болған жағдайда Агенттiктiң жоспарына сәйкес түзету енгiзуге құқылы. Жоспарға түзету тоқсанның соңғы айының 1-жұлдызына дейiн енгiзiлуi керек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|