|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274, 277-құжаттар; № 19, 370-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Банкроттық туралы" және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы; 1997 жылғы 11 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы): 41-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: "Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады". 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат): 1) 5-баптың екiншi азатжолында "тiзiлiм" деген сөз "Мемлекеттік тiркелiм" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 6-бапта: бiрiншi бөлiкте "сондай-ақ белгiленген үлгiдегi статистикалық кәртiшке рәсiмделедi" деген сөздер алынып тасталсын; екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл талап шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды"; сегiзiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерiнiң орналасқан жерiн куәландыратын құжат табыс етпейдi"; 3) 7-бап мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады"; 4) 9-баптың бiрiншi бөлiгi "күннен" деген сөзден кейiн "ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей" деген сөздермен толықтырылсын; 5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын: "13-бап. Статистикалық есеп Мемлекеттік статистика органдары мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң негiзiнде мемлекеттік тiркеу деректерiн және заңды тұлға туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi, оларға бiрiздендiрiлген теңдестiру және басқа да жүйелiк-есептiк кодтарын бере отырып, заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттік статистикалық тiркелiмiне енгізуге және статистикалық карточка беруге мiндеттi. Есептiк тiркеу деректерiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы басқа да мәлiметтердi Мемлекеттік статистикалық тiркелiмге енгізу нақ сондай тәртiппен жүргiзiледi". 3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 14, 164-құжат): 21-баптың 1-тармағының бiрiншi азатжолындағы "ең төменгi айлық жалақының мөлшерiнде" деген сөздер "есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 17, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Банкроттық туралы" және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы): 1) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: "Акционерлік қоғамдарды қоспағанда, шаруашылық серiктестiгiнiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады"; 2) 28-баптың 1-тармағы "жүз" деген сөзден кейiн "ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - елу" деген сөздермен толықтырылсын; 3) 39-бапта: 1-тармақ "мың" деген сөзден кейiн "ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - жүз" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтың бiрiншi азатжолы "жауапкершiлiгi" деген сөздiң алдынан "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын. 4) 53-баптың 1-тармағының екiншi азатжолы "және тиiсiнше шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн" деген сөздермен толықтырылсын; 5) 13-баптың 1-тармағындағы, 28-баптың 1-тармағындағы, 39-баптың 1-тармағындағы, 57-баптың 1-тармағының екiншi азатжолындағы "ең төменгi айлық жалақы" деген сөздер "есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Өндiрiстiк кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы № 2486 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат): 4-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Өндiрiстiк кооперативтiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады". Қазақстан Республикасының Президентi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |