|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған Қазақстан Республикасында құрылысты қаржыландыру мен несиелеудiң тәртібі мен шарттарының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 1. "Құрылысты қаржыландыру мен кредиттеудiң Ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 қыркүйектегi № 864 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 37, 432-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 қыркүйектегi № 864 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 желтоқсандағы № 1213 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 47, 570-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу және кейбір қаулыларының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 9 маусымдағы № 809 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 20, 233-құжат). Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің мiндетiн атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |