Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медицина өнеркәсiбiн ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
Республика денсаулық сақтау iсiнiң дәрi-дәрмек препараттары импортына тәуелдiлiгiн жоспарлы түрде төмендетудi қамтамасыз ету, өзiнiң өндiрiстiк қуаттарын, шикiзат ресурстарын, ғылыми-техникалық әлеуетiн неғұрлым толық пайдалану және осы заманғы технологиялар базасында жаңа фармацевтiк өндiрiстер құру мақсатында қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған, қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiнде шаралар қолдансын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 3621 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттік бағдарламасы КIРIСПЕ Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі iс-қимыл жоспарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі кеңейтiлген шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi. Мемлекеттік бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттiгi республикамызда фармацевтiк саланың болмауына байланысты туындап отыр. КСРО тарағаннан кейiн Қазақстан дәрi-дәрмектер импортына тәуелдi болып қалды, ол нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі және ТМД мемлекеттерi арасындағы экономикалық байланыстардың үзiлуiнен туған қаржы тапшылығымен ұштасып, халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi күрт нашарлатып жiбердi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|