|
|
|
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардың
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 Қаулысымен күші жойылды
Заңды тұлғаларға шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелген кезде көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардың қоса берiлiп отырған жарғыларының мазмұны мынадай ұйымдастыру-құқықтық нысандар бойынша белгiленсiн: толық серiктестiк (1-қосымша); сенім серiктестiгi (2-қосымша); өндiрiстiк кооператив (5-қосымша). ЕСКЕРТУ. Жолдар алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. № 928 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің мiндетiн атқарушы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi № 1382 қаулысына 1-қосымша a Толық серiктестiктiң ҮЛГI ЖАРҒЫСЫ 1. Жалпы ережелер 1.1. __________________________________________________________ __________________________________________ толық серiктестiгi (бұдан әрi - серiктестiк), шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады. 1.2. Серiктестiктiң құрылтайшылары (бұдан әрi - қатысушылар) мыналар болып табылады: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 1.3. Серiктестiктiң атауы: ____________________________________ ________________________________ толық серiктестiгi. фирмалық атауы 1.4. Серiктестiктiң орналасқан жерi: __________________________ ____________________________________________________________________ 1.5. Серiктестiктiң қызмет мерзiмi ____________________________ 2. Серiктестiктiң заңдық мәртебесi 2.1. Серiктестiк мемлекеттік тiркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады. 2.2. Серiктестiктiң мөрi, дербес балансы, банктерде шоттары, өз атауы бар бланкiлерi болады. 2.3. Серiктестiк өз қызметiнiң мақсаттарына жету үшiн өз атынан мәмiлелер жасауға, мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарды сатып алуға, мойнына мiндеттемелер алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы. 2.4. Серiктестiк Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде филиалдар мен өкiлдiктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бiрлестiктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы. 2.5. Серiктестiк өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi. Серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда, оның қатысушылары өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен оның мiндеттемелерi бойынша бiрлесiп жауап бередi. Мемлекет серiктестiктiң борыштары бойынша жауап бермейдi. Серiктестiк мемлекеттiң борыштары бойынша жауап бермейдi. Серiктестiк қолданылып жүрген заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда, өзiнiң қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 3. Серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi 3.1. Серiктестiк қатысушыларының: 1) осы жарғыда белгiленген тәртiппен серiктестiктiң iсiн басқаруға қатысуға; 2) серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және оның құжаттамасымен танысуға; 3) таза кiрiстi бөлуге қатысуға; 4) серiктестiк таратылған жағдайда, несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкіндегі өз үлестерiне сәйкес мүлкiнiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға; 5) серiктестiк мүлкіндегі өзiнiң салған салымына бара-бар үлесiнiң құнын ала отырып, белгiленген тәртiппен серiктестiктен шығуға құқығы бар. 3.2. Серiктестiк қатысушылары: 1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға; 2) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер мен мерзiмдер бойынша салуға; 3) серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi. 4. Серiктестiк қызметiнiң мақсаты мен түрлерi 4.1. Серiктестiк қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда алу болып табылады. 4.2. Аталған мақсатқа қол жеткiзу үшiн серiктестiк заңдарда тыйым салынбаған қызметтiң мынадай негiзгi түрлерi жүзеге асырылады: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 4.3. Ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi жүзеге асыруға серiктестiктiң құқығы жоқ. 5. Серiктестiктiң мүлкi 5.1. Серiктестiктiң жарғылық капиталы _________________________ ___________________________________________ теңгеден тұрады. 5.2. Серiктестiк жарғылық капиталы шаруашылық-коммерциялық қызметтен түскен пайданың есебiнен, ал қажет болғанда - қатысушылардың қосымша жарналарының есебiнен толықтырылуы мүмкiн. Серiктестiк мүлкіндегі барлық қатысушылардың үлестерi олардың жарғылық капиталға салған салымдарына бара-бар және процент түрiнде есептеледi. 5.3. Серiктестiктiң жарғылық капиталын құрудың тәртібі мен мерзiмдерi, сондай-ақ толық серiктестiк мүлкіндегі қатысушылардың үлестерi құрылтай шартымен айқындалады. 5.4. Серiктестiктiң жарғылық капиталын оның қатысушылары тiркеуден өткеннен кейiнгi бiр жылдан кешiктiрмей төлеуге тиiс. Серiктестiктiң қатысушысы бiр жылдың iшiнде жарғылық капиталға салымның өз бөлiгiн төлемеген жағдайда, ол төленбеген бөлiгiнiң сомасында тұрақсыздық айыбын серiктестiкке төлеуге мiндеттi. Тұрақсыздық айыбының мөлшерi төлем жасау күніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып есептеледi. 5.5. Серiктестiктiң мүлкi қатысушылардың жарғылық капиталға салған бастапқы жарнасынан, қосымша жарналардан, шаруашылық және коммерциялық қызметтен түскен кiрiстен, сондай-ақ заем қаражаттарынан және серiктестiк белгiленген тәртiппен сатып алған немесе алған басқа мүлiктен құралады. 5.6. Серiктестiк активтерiнiң жалпы құны бiр жыл iшiнде орта есеппен алпыс мың есе есептiк көрсеткiштен асып кеткен жағдайда, серiктестiк шағын кәсiпкерлiк субъектiсi мәртебесiн жоғалтады және қолданылып жүрген заңдарда көзделген жеңiлдiктерден айырылады. 6. Серiктестiктiң басқару және бақылау органдары 6.1. Серiктестiктiң жоғары басқару органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады: а) серiктестiктiң жарғысын өзгерту, соның iшiнде оның жарғылық капиталының мөлшерiн өзгерту; б) серiктестiктiң атқарушы, байқаушы және бақылау органдарын құру және оларды керi шақырту; в) серiктестiктiң жылдық есептерi мен бухгалтерлiк баланстарын бекіту, оның таза кiрiсiн бөлу; г) серiктестiктi қайта құру немесе тарату туралы шешiм. Аталған мәселелер бойынша шешiмдер қатысушылардың көпшiлiк дауысымен қабылданады. Әрбiр қатысушының бiр дауысы бар. 6.2. Жалпы жиналыс атқарушы органның құзыретiне жатқызылған мәселелердi өз қарауына қабылдай алады. 6.3. Серiктестiктiң атқарушы органы директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп бередi және оның шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңдарына сәйкес келісім-шарт негiзiнде реттеледi. 6.4. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыреттi. Дирекция _______ мүшеден тұрады. Шешiмдер дирекция мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда, директордың дауысы шешушi дауыс болып саналады. 6.5. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыреттi, оның iшiнде: күнделiктi және болашаққа арналған жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етедi; қатысушылардың шешiмдерiн әзiрлеу мен орындалуын ұйымдастырады, оларға орындау туралы есептер бередi; ақша қаражаттарын қоса алғанда, қатысушыларға ұсынылатын шектерде серiктестiк мүлкiне билiк етедi; серiктестiктiң атынан сенімхатсыз шарттар (келісім-шарттар) жасасады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi; банктерде есеп айырысу және басқа шоттар ашады; серiктестiктiң еңбек ұжымының орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады; серiктестiк қызметкерлерiн қабылдау және жұмыстан босату құқықтарын жүзеге асырады; сенімхат бередi; мемлекеттік органдарды, соттарды қоса алғанда, ұйымдармен, кәсiпорындармен, мекемелермен қарым-қатынастарда қатысушылар берген және осы жарғыда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде серiктестiк қызметiнiң мәселелерi бойынша серiктестiктi бiлдiредi; өз құзыретiнiң шегiнде басқа функцияларды атқарады. 6.6. Байқаушы кеңес құрылған жағдайда жалпы жиналыс оның айрықша құзыретiн белгiлейдi, оған мынадай мәселелер кiредi: 1. ____________________________________________________________ 2. ____________________________________________________________ 3. ____________________________________________________________ 6.7. Байқаушы кеңес _________ мүшеден тұрады. Байқаушы кеңес құрастыратын мәселелер бойынша шешiмдер, байқаушы кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданды. 6.8. Есеп берулердiң дәлдiгiн, серiктестiк қызметiнiң заңдарға, осы жарғыға, келісім-шарттар мен келісімдерге сәйкес болуын бағалау жөніндегі функциялар жалпы жиналыстың шешiмi бойынша сайланатын (немесе тағайындалатын) тексеру комиссиясына жүктеледi. 6.9. Серiктестiктiң тексеру комиссиясының құрамына серiктестiк қатысушылары, заң актілеріне сәйкес аудиторлық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар, қаржы және бухгалтерлiк есеп саласындағы тәуелсiз сарапшылар және басқа адамдар кiре алады. 6.10. Тексерiс жүргiзу үшiн тәуелсiз аудитор қатыстырылуы мүмкiн. 7. Серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлу 7.1. Бюджетпен өзара қарым-қатынас жөніндегі сомаларды және кәсiпорын қорларын құруға және толықтыруға бағытталған сомаларды қоспағанда, серiктестiктiң кiрiсi, егер серiктестiктiң құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталдағы салымдарының мөлшерiне бара-бар түрде бөлiнедi. 7.2. Серiктестiктiң ықтимал шығындары резервтiк қор есебiнен өтеледi. Шығыстарды өтеу үшiн резервтiк қордың қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, оларды өтеу көздерi туралы шешiмдi қатысушылардың жалпы жиналысы қабылдайды. 7.3. Таза кiрiстi бөлуге қатысудан серiктестiктiң қандай да бiр қатысушысын шеттететiн келісімдердiң күшi болмайды. 8. Серiктестiктiң еңбек ұжымы 8.1. Директор жалға алу туралы келісім-шарт, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттейтiн басқа нысандар негiзiнде қызметкерлердi жалдауға құқылы, бiрақ қызметкерлердiң барлық қызметкерлердi, соның iшiнде келісім-шарт және мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс iстейтiндердi, қосымша жұмыс iстейтiндердi, аталған субъектi филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн есепке ала отырып айқындалатын орташа жылдық саны 50 адамнан аспауға тиiс. 8.2. Серiктестiк қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген барлық әлеуметтiк-экономикалық құқықтарды беруге кепiлдiк бередi. 8.3. Әрбiр қызметкердiң еңбек табысы жұмыстың түпкiлiктi нәтижелерiн есепке ала отырып, оның жеке еңбек үлесiмен айқындалады, оның ең көп мөлшерiне шек қойылмайды және оған белгiленген ережелерге сәйкес салық салынады. 8.4. Серiктестiк еңбекке ақы төлеудiң нысандары мен жүйесiн өз бетiнше белгiлейдi, мемлекеттік тарифтердi тиiстi біліктiлiгi бар қызметкер мен мамандардың еңбегiне ақы төлеудiң ең төмен кепiлдiгi ретiнде қарастыра отырып, келісім-шарттарда тарифтiк ставкалар мен жалақылар мөлшерiн көздейдi. 8.5. Серiктестiк қызметкерлерi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады. 8.6. Серiктестiк барлық қызметкерлер үшiн қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттi және олардың денсаулығы мен еңбек қабiлетiне келтiрген зиян үшiн заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi. 9. Серiктестiктiң қызметiн тоқтату 9.1. Серiктестiктiң қызметiн тоқтату қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүргiзiледi. 9.2. Серiктестiктi қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) заңдарда көзделген тәртiппен, жалпы жиналыстың шешiмi бойынша жүргiзiледi. 9.3. Серiктестiк: 1) қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша; 2) соттың шешiмi бойынша; 3) заңдарда көзделген өзге негiздер бойынша таратуға жатады. 9.4. Серiктестiктi таратуды жалпы жиналыс немесе сот тағайындайтын тарату комиссиясы жүргiзедi. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап оған серiктестiк iсiн басқару жөніндегі өкiлеттiктер ауысады. 9.5. Тарату қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. Серiктестiк директоры Тегi, аты, әкесiнiң аты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi № 1382 қаулысына 2-қосымша b Сенім серiктестiгiнiң ҮЛГI ЖАРҒЫСЫ 1. Жалпы ережелер 1.1. __________________________________________________________ __________________________________________ сенім серiктестiгi (бұдан әрi - серiктестiк), шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады. 1.2. Серiктестiктiң құрылтайшылары (бұдан әрi - қатысушылар) мыналар болып табылады: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 1.3. Серiктестiктiң атауы: ____________________________________ ________________________________ толық серiктестiгi. фирмалық атауы 1.4. Серiктестiктiң орналасқан жерi: __________________________ ____________________________________________________________________ 1.5. Серiктестiктiң қызмет мерзiмi ____________________________ 2. Серiктестiктiң заңдық мәртебесi 2.1. Серiктестiк мемлекеттік тiркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады. 2.2. Серiктестiктiң мөрi, дербес балансы, банктерде шоттары, өз атауы бар бланкiлерi болады. 2.3. Серiктестiк өз қызметiнiң мақсаттарына жету үшiн өз атынан мәмiлелер жасауға, мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарды сатып алуға, мойнына мiндеттемелер алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы. 2.4. Серiктестiк Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде филиалдар мен өкiлдiктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бiрлестiктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы. 2.5. Серiктестiк өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi. Мемлекет серiктестiктiң борыштары бойынша жауап бермейдi. Серiктестiк мемлекеттiң борыштары бойынша жауап бермейдi. Серiктестiк қолданылып жүрген заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда, өзiнiң қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 2.6. Серiктестiкке, серiктестiктiң атынан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң барлық мүлкiмен жауап беретiн қатысушылармен (толық серiктен) қатар серiктестiктiң қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн өздерi салған салым сомаларының шегiнде көтеретiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына қатыспайтын салымшы қатысушылар кiредi. 3. Серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi 3.1. Серiктестiк қатысушыларының: 1) осы жарғыда белгiленген тәртiппен серiктестiктiң iсiн басқаруға қатысуға; 2) серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және оның құжаттамасымен танысуға; 3) таза кiрiстi бөлуге қатысуға; 4) серiктестiк таратылған жағдайда, несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкіндегі өз үлестерiне сәйкес мүлкiнiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға; 5) серiктестiк мүлкіндегі өзiнiң салған салымына бара-бар үлесiнiң құнын ала отырып, белгiленген тәртiппен серiктестiктен шығуға құқығы бар. 3.2. Серiктестiк қатысушылары: 1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға; 2) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер мен мерзiмдер бойынша салуға; 3) серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi. 4. Серiктестiк қызметiнiң мақсаты мен түрлерi 4.1. Серiктестiк қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда алу болып табылады. 4.2. Аталған мақсатқа қол жеткiзу үшiн серiктестiк заңдарда тыйым салынбаған қызметтiң мынадай негiзгi түрлерiн жүзеге асырады: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 4.3. Ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi жүзеге асыруға серiктестiктiң құқығы жоқ. 5. Серiктестiктiң мүлкi 5.1. Серiктестiктiң жарғылық капиталы _________________________ ___________________________________________ теңгеден тұрады. 5.2. Серiктестiктiң жарғылық капиталын құрудың тәртібі мен мерзiмдерi, сондай-ақ толық серiктестiк мүлкіндегі қатысушылардың үлестерi серiктестiктiң құрылтай шартында белгiленедi, бұл ретте салымшылардың жарғылық капиталдағы үлестерiнiң жиынтық мөлшерi 50 проценттен аспауға тиiс. 5.3. Серiктестiктiң қатысушысы бiр жылдың iшiнде жарғылық капиталға салымның өз бөлiгiн төлемеген жағдайда, ол төленбеген бөлiгiнiң сомасында тұрақсыздық айыбын төлем жасау күніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып, серiктестiкке төлеуге мiндеттенедi. 5.4. Серiктестiктiң мүлкi қатысушылардың жарғылық капиталға салған бастапқы жарнасынан, қосымша жарналардан, шаруашылық және коммерциялық қызметтен түскен кiрiстен, сондай-ақ заем қаражаттарынан және серiктестiк белгiленген тәртiппен сатып алған немесе алған басқа мүлiктен құралады. 5.5. Серiктестiк активтерiнiң жалпы құны бiр жыл iшiнде орта есеппен алпыс мың есе есептiк көрсеткiштен асып кеткен жағдайда, серiктестiк шағын кәсiпкерлiк субъектiсi мәртебесiн жоғалтады және қолданылып жүрген заңдарда көздеген жеңiлдiктерден айырылады. 6. Серiктестiктiң басқару және бақылау органдары 6.1. Серiктестiктiң iсiн басқару органы толық серiктер жүзеге асырады. 6.2. Серiктестiктiң жоғары органы оның толық серiктерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Серiктестiктiң iшкi мәселелерi жөніндегі, сондай-ақ басқару органын құру тәртібі мен оның құзыретi туралы шешiмдер оның барлық толық серiктерiнiң ортақ келісімi бойынша қабылданады. 6.3. Салымшылардың серiктестiктiң iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхатсыз оны бiлдiруге құқығы жоқ. Серiктестiк салымшыларының толық серiктердiң серiктестiктiң iсiн басқару жөніндегі iс-әрекеттерiн даулауға құқығы жоқ. 6.4. Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған серiктестiктiң органдары барлық толық серiктерге олардың талап етуi бойынша өз қызметi туралы толық ақпарат беруге мiндеттi. 6.5. Толық серiктердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады: а) серiктестiктiң жарғысын өзгерту, соның iшiнде оның жарғылық капиталының мөлшерiн өзгерту; б) серiктестiктiң атқарушы, байқаушы және бақылау органдарын құру және оларды керi шақырту; в) серiктестiктiң жылдық есептерi мен бухгалтерлiк баланстарын бекіту, оның таза кiрiсiн бөлу; г) серiктестiктi қайта құру немесе тарату туралы шешiм. Аталған мәселелер бойынша шешiмдер қатысушылардың көпшiлiк дауысымен қабылданады. Әрбiр қатысушының бiр дауысы бар. 6.6. Жалпы жиналыс атқарушы органның құзыретiне жатқызылған мәселелердi өз қарауына қабылдай алады. 6.7. Серiктестiктiң атқарушы органы директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп бередi және оның шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңдарына сәйкес келісім-шарт негiзiнде реттеледi. 6.8. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыреттi. Дирекция _______ мүшеден тұрады. Шешiмдер дирекция мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда, директордың дауысы шешушi дауыс болып саналады. 6.9. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыреттi, оның iшiнде: күнделiктi және болашаққа арналған жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етедi; қатысушылардың шешiмдерiн әзiрлеу мен орындалуын ұйымдастырады, оларға орындау туралы есептер бередi; ақша қаражаттарын қоса алғанда, қатысушыларға ұсынылатын шектерде серiктестiк мүлкiне билiк етедi; серiктестiктiң атынан сенімхатсыз шарттар (келісім-шарттар) жасасады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi; банктерде есеп айырысу және басқа шоттар ашады; серiктестiктiң еңбек ұжымының орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады; серiктестiк қызметкерлерiн қабылдау және жұмыстан босату құқықтарын жүзеге асырады; сенімхат бередi; мемлекеттік органдарды, соттарды қоса алғанда, ұйымдармен қарым-қатынастарда қатысушылар берген және осы жарғыда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде серiктестiк қызметiнiң мәселелерi бойынша серiктестiктi бiлдiредi; өз құзыретiнiң шегiнде басқа функцияларды атқарады. 6.10. Байқаушы кеңес құрылған жағдайда жалпы жиналыс оның айрықша құзыретiн белгiлейдi, оған мынадай мәселелер кiредi: 1. ____________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |