"Бекiтемiн" Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi 8 қаңтар 1998 ж. № 3 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 ж. 20 тамыздағы № 169 бұйрығына сәйкес осы ереженің күші жойылды Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы 1. Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы Ереже (Әрi қарай мәтiн бойынша "Ереже") нотариустардың сынақтан өтушiлерiнiң сынақтан өту тәртібін, мерзiмдерiн және шарттарын реттейдi. 2. Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 7-бабына сәйкес нотариустың сынақтан өтушiлерi жоғары заңгерлiк білімi бар Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады. 3. Нотариус болуды қалаған адамдар Әдiлет біліктiлiк алқасына біліктiлiк емтиханын тапсырғанға кейiн мемлекеттік немесе жекеше нотариустарда сынақтан өтедi. Ескерту. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы № 78 бұйрығымен. 4. Сынақтан өтудi қалау туралы арыздар: - аумақтық әдiлет басқармасының бастығына - егер адам сынақтан мемлекеттік нотариуста өтудi қалаған жағдайда; - аумақтық нотариалдық палатаға - егер адам сынақтан жекеше нотариуста өтудi қалаған жағдайда берiледi. 5. Мемлекеттік нотариустар iшiнен сынақтан өтушiлер басшысы аумақтық әдiлет басқармасы бастығының бұйрығымен, ал жекеше нотариустар iшiнен - аумақтық нотариалдық палатаның шешiмiмен тағайындалады, мұнда сынақтан өтушiлердiң басшысында кемiнде үш жыл стажы болуға тиiс. Нотариуста бiр мезгiлде екеуден аспайтын сынақтан өтушiлер сынақтан өте алады. 6. Сынақтан өту ұзақтылығы алты айдан кем болмауға тиiс. Сынақтан өту мерзiмi сынақтан өтушiнiң науқастану немесе дәлелдi себептермен болмау мерзiмiне ұзартылуға тиiс. Ескерту. 6-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1999.05.28. № 39 бұйрығымен. Ескерту. 6-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрілігінің 2000 жылғы 4 қазандағы № 78 бұйрығымен. 7. Мемлекеттік нотариуста сынақтан өту аумақтық әдiлет басқармасы мен сынақтан өтушi арасында жасалатын сынақтан өту туралы шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|