|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 ҚР Үкіметінің 2005.25.07. № 773 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетудi, жылжымайтын мүлiктi бағалауды лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 37, 359-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 2-тармақтағы "1 қаңтарына дейiн" деген сөздер "1 сәуiрiне дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы "бiр ай мерзiм iшiнде" деген сөздер алынып тасталынсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн лицензиялаудың тәртібі туралы ережеде: 1-тармақтағы "мен оның аумақтық органдары" деген сөздер алынып тасталсын. IХ тарау алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |