Халықтан бағалы металдар мен олардан жасалған бұйымдарды сатып алу ҚР Индустрия және сауда министрiнiң 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 102 бұйрығымен күші жойылды 1. Құндылықтарды сатып алу және оларды Мемқазынаға жiберу жөніндегі операцияларды ресiмдеу тәртібі. 1.1. Сатып алу пункттерiнде тауарлық операциялар осы Нұсқамаға қоса берiлiп отырған формалар бойынша ресiмделедi. Кассалық операциялар Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды жүргiзудiң уақытша тәртібіне сәйкес ресiмделедi. 1.2. Халықтан сатып алынған құндылықтар сатып алу пунктiнiң кассасынан қолма-қол ақшамен төленедi. Егер сатып алу пунктi зергерлiк бұйымдар дүкенiнде болса, қызмет көрсетушi банктiң рұқсаты бойынша сатып алынған құндылықтар үшiн төлем дүкеннiң түсiмiнен жасалады. 1.3. Құндылықтарды сатып алу дәл есептiлiк бланкiсi болып табылатын сатып алынған құндылықтарға деген түбiртекпен (№ 1 форма ресiмделедi. Түбiртектер (№ 1 форма) типографиялық әдiспен нөмiрленген болып белгiленген тәртiппен басылып шығарылады және сауда ұйымының қоймасында сақталады. Ескерту. Бұдан әрi "түбiртек (№ 1 форма) деп аталады" Сауда ұйымының қоймалары зергерлiк бұйымдар дүкендерi мен өз алдына жұмыс iстейтiн сатып алу пункттерiнде түбiртектердiң саны, сондай-ақ директор мен бас есепшiнiң қойылған қолымен куәландырылған түбiртектердiң басқы және соңғы нөмiрлерi көрсетiлген тауар құжаттамалары бойынша түбiртек кiтапшалары жiбередi. Түбiртек кiтапшалары, бухгалтериямен дәл есептiлiк бланктерi ретiнде есепке алынады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|