"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердiң бағалы қағаздар ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 тамыздағы № 304 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясымен келісілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының жобаларына және олардың бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру қорытындылары туралы есептерiне сараптама жүргiзу тәртібі туралы" Ереже бекітілсiн және ол мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының жобаларына және олардың бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру қорытындылары туралы есептерiне сараптама жүргiзу тәртібі туралы" Ереже қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекiткен (1995 жылғы 18 мамырдағы № 251 қаулы) Қазақстан Республикасы аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар эмиссиялаған акциялар мен облигацияларды шығаруға арналған жобаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде сараптама жүргiзу тәртібі туралы Уақытша нұсқаулық күшiн жойды деп танылсын. 3. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.Қ.) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|