«Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызмет туралы есеп берудiң тәртібі және нысандары туралы» Ереже
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 29 тамыз № 133 қаулысымен бекітілген
I. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес әзiрлендi және зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниялардың (бұдан әрi - Компаниялар) және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының (бұдан әрi МЗЖҚ) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының алдында зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асырудағы есеп берулерiнiң тәртібі мен нысандарын белгiлейдi. 2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар барлық Компаниялар үшiн осы Ережемен белгiленген есеп берудiң тәртібі мен нысандары мiндеттi. Компания және МЗЖҚ лицензияланған қызметке қатысты кез келген ақпаратты БҚҰК-на, оның сұрауы бойынша беруге мiндеттi. 3. Есеп берудi жинау арқылы көзделетiн мақсаттар: - Компанияның қаржылық тұрақтылығын айқындау, БҚҰК белгiлеген пруденциялық нормативтердiң орындалысын тексеру, жағдаяттарды сауықтыру жөнiнде уақытында шаралар қабылдау; - Қазақстан Республикасындағы Компаниялардың қызметтерiнiң нәтижелерi туралы статистикалық ақпараттар жинау, инвестициялау дамуының жалпы өсуiн анықтау; - Компания кiрiстiлiгiнiң орташа деңгейiн айқындау; - Компанияның және МЗЖҚ-ның инвестициялық қызметтерiне бақылау жасау; - нақты Компанияның инвестициялық қызметiне және бүкiл жүйеге тұтас жан-жақты талдау жүргiзу мүмкiндiгi.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|