|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жолаушылар көлiгi мәселелерi Жолаушылар көлiгi саласында нарықтық қатынастарды жетiлдiру, кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлiгiн монополиясыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 24 маусымдағы № 773 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Тендерде жеңiп шыққан заңды және жеке тұлғалар белгiлi бiр бағытта (бағыттарда) жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына келісім-шарт жасалғандығын растайтын куәлiк алады". 2. ҚР Үкіметінің 2005.19.01 № 29 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |