|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: "Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын басқарудың құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1033 қаулысындағы 6-тармақтың үшiншi абзацының күшi 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған деп танылсын; "Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 қаулысының 7-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 16, 131-құжат) "заңда белгiленген тәртiпте белгiлi бiр елдi мекен үшiн бекітілген бiрыңғай ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша" деген сөздер "заңда белгiленген тәртiпте бекітілген бiрыңғай ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |