Мемлекеттік мекемелердiң бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі ҚР Қаржы министрінің 01.12.04 ж. № 424 бұйрығымен күші жойылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.02 ж. № 71 бұйрығымен осы бұйрықтың тақырыбы және 1-тармағы өзгертілді 1. Мемлекеттік мекемелердiң бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. "Бюджетте тұрған мекемелер мен ұйымдардың бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы нұсқаулықты бекіту" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы № 329 бұйрығының күші жойылған деп танылсын. Бірінші вице-министр Қаржы министрлігі 1998 ж. 15 маусымдағы № 217 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердiң бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы Нұсқаулық ҚР Қаржы министрлігінің 25.05.99 ж. № 239; 19.02.02 ж. № 71 бұйрықтарымен нұсқаулықтың мәтіні өзгертілді 1.1. Осы Нұсқаулықпен бухгалтерлік есептің жылдық, тоқсандық нысандарының көлемі белгіленеді және оларды қолданушыға көрсету мақсатымен, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің есебін жасаудың негізгі талаптары айқындалады. 1.2. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер осы нұсқаулықта белгіленген көлемде және нысандар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жылдық, тоқсандық есеп жасайды. 1.3. Бухгалтерлік есепті жасау кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс: - есепті кезеңдегі барлық операциялар көрсеткіштерінің толықтығы және негіздігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|