|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1984 ж., № 14 (қосымша); № 41, 534-құжат; 1985 ж., № 19, 190, 191-құжаттар; № 32 325-құжат; № 45, 457-құжат; № 49, 513-құжат; 1986 ж., № 13, 122-құжат; № 25, 242-құжат; № 31, 320-құжат; № 49, 506-құжат; 1987 ж., № 2, 19-құжат; № 16, 201-құжат; № 29, 356-құжат; № 32, 421-құжат; № 41, 503-құжат; № 46, 560-құжат; 1988 ж., № 35, 324-құжат; 1989 ж., № 16, 129-құжат; № 27, 208-құжат; № 45, 364-құжат; № 49, 444-құжат; № 50-51, 458-құжат; 1990 ж., № 12-13, 114-құжат; № 44, 410-құжат; № 48, 445-құжат; № 49, 461-құжат; 1991 ж., № 25, 318-құжат; № 26, 348-құжат; № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 4, 96, 98, 100-құжаттар; № 13-14, 323-құжат; № 15, 380-құжат; № 16, 400-құжат; 1993 ж., № 3, 42-құжат; № 4, 70-құжат; № 8, 159, 161-құжаттар; № 9, 220, 222-құжаттар; № 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., № 4-5, 60-құжат; № 8, 134-құжат; № 15, 207-құжат; № 21-22, 272-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 55-құжат; № 9-10, 64-құжат; № 15-16, 105-құжат; № 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 177-құжат; № 14, 274, 277-құжаттар; № 15, 281-құжат; 1997 ж., № 6, 66-құжат; № 11, 146, 152-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 208-құжат; № 22, 333-құжат). 1) 165-1-бапта: бiрiншi бөлiгiнде: "есеп айырысу және өзге де", "есеп айырысу және басқа", "есеп айырысу шотынан немесе басқа да", "ақша қаражаттарының", "есептелген проценттер туралы", "ең төменгi жалақы мөлшерiнiң" деген сөздер тиiсiнше "банктiк", "олардың банктiк", "ақша", "белгiленген сыйақы (мүдде) туралы", "айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; жетiншi азатжолдағы "сондай-ақ белгiлi бiр жеке тұлғалардың шоттарындағы операцияларды және осы шоттарда, салымдарда ақшаның бар жоғын" деген сөздер алып тасталсын. екiншi бөлiктегi "ең төменгi жалақы мөлшерiнiң" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 167-1-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "банкiлiк емес қаржы мекемелеріндегі" деген сөздер "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 13-тарау мынадай мазмұндағы 169-5, 169-6, 169-7, 169-8-баптармен толықтырылсын: "169-5-бап. Ақпарат беру ережелерiн бұзу және жазбаша нұсқамаларды орындамау Банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне банк заңдарына сәйкес талап етiлетiн ақпаратты беруден жалтаруы, сондай-ақ шындыққа үйлеспейтiн ақпарат немесе тапсырылуы банк заңдарына сәйкес талап етiлетiн мәлiметтерi жоқ ақпарат беруi, не банк заңдары бұзылған жағдайда оны жою туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша нұсқамаларын орындамауы - лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (немесе әрекетсiздiк) - лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады. 169-6-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiң немесе ұйымның құқықтық қабiлетiнiң шегiнен тыс немесе банк заңдарында тыйым салынған қызметтi жүзеге асыру Банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамының лицензияда және банк заңдарында көзделмеген немесе банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға арналған заңдарда арнайы тыйым салынған қызметтi жүзеге асыруы - лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (немесе әрекетсiздiк)- лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады. 169-7-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктерде немесе ұйымдарда бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк жүргiзу ережелерiн бұзу Банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамының бухгалтерлiк есептiң белгiленген стандарттары мен әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып бухгалтерлiк есеп жүргiзуi не ондағы көрсеткiштердiң не пруденциалдық нормативтердiң және (немесе) банк заңдарында айқындалған сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына алып келген банкiлiк немесе өзге де есептiлiктi жасауы - лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (немесе әрекетсiздiк),- лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады. 169-8-бап. Клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу ережелерiн бұзу Банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамының клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу ережелерiн бұзуы - лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (немесе әрекетсiздiк), - лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуға әкеп соғады."; 4) 17-тарау мынадай мазмұндағы 237-9-баппен толықтырылсын: "237-9-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары 169-5, 169-6, 169-7, 169-8-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орынбасарлары хақылы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiгi заңдарға сәйкес белгiленедi."; 5) 248-1-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: "6) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк қадағалауын жүзеге асыратын қызметкерлерi (169-5 - 169-8-баптар).". 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; № 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат); 1) 3-баптың екiншi бөлiгiнiң бесiншi азатжолындағы "банкноты" деген сөзден кейiн "және тиындары" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 9-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "10 миллиард" деген сөз "20 миллиард" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 10-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған."; 4) 15-бап: мынадай мазмұндағы т) тармақшасымен толықтырылсын: "т) Қазақстан Ұлттық Банкінің уәкiлдiк берiлген адамдарының банк қызметiне байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы материалдарды ресiмдеу және қарау тәртібі туралы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтуi."; мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орынбасары банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына әкiмшiлiк айыппұл салу туралы мәселенi Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының басқа мүшелерiмен алдын ала келісіп алады және осы мәселе бойынша тиiстi қаулы нысанында шешiм қабылдайды."; үшiншi бөлiк төртiншi бөлiк болып есептелсiн. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат): 1) 11-баптың 1 тармағы мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында шетел банктерiнiң филиалдарын ашуға тыйым салынады."; 2) 17-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi азатжолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының резиденттерi емес заңды және жеке тұлғаларға (шетел банктерiн қоспағанда) банктi бақылау құқығын беру ерекшелiктерi осы Жарлықтың 21-бабының 1-тармағында белгiленедi."; 3) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын: "Ұлттық Банк банктiң басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) берiлген келісімдi мынадай негiздер бойынша: а) келісім бергенде негiзге алынған мәлiметтердiң бұрыстығы анықталғанда; б) банк қызметiне байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жыл iшiнде екi және одан да көп рет әкiмшiлiк жауапқа тартылғаны туралы деректер болғанда; в) осы Жарлықтың 47-бабы 2-тармағының е) тармақшасында көзделген негiздер бойынша қызмет мiндеттерiн атқарудан босатылғанда; г) осы баптың 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталғанда қайта қарауға хақылы."; 4) 21-бапта: баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "21-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң қатысуымен банк құруға және оның қызметiне қойылатын қосымша талаптар"; 1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды және/немесе жеке тұлғалар (резидент емес банктердi қоспағанда) Ұлттық Банк рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда, дауыс беру құқығымен банк акцияларының жиырма бес проценттен астамын топтасып не әрқайсысы жеке-жеке тiкелей немесе жанама түрде иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға хақылы емес."; 5) 30-бапта: 2-тармақ: мынадай мазмұндағы р), с), т) тармақшаларымен толықтырылсын: "р) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдердi қоспағанда); с) чек кiтапшаларын шығару; т) бағалы қағаздар рыногындағы клирингтiк қызмет."; мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: "Осы тармақтың т) тармақшасында көзделген операциялар жүргiзуге арналған лицензия уәкiлеттi органның келiсуi бойынша берiледi."; 3-тармақта: а) тармақшадағы "сондай-ақ құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы жаңа б) тармақшасымен толықтырылсын; "б) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;"; б), в), г), д), е), ж) тармақшалары тиiсiнше в), г), д), е), ж), з) тармақшалары болып есептелсiн; в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "в) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлемшiлердiң вексельдердi төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен ескертпелi вексельдердi, вексельдер акцептiн төлеу;"; 4-тармақтың алтыншы азатжолы "бағалы қағаздар" деген сөздердiң алдынан "клирингтiк қызметтi қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын."; 6) 36-баптың үшiншi азатжолында "өндiрiп алуға" деген сөздердiң алдынан "қарыз алушының келісімiнсiз" деген сөздермен толықтырылсын; 7) 43-баптың 1-тармағында "пайдасы" деген сөз "таза кiрiсi" деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 50-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: "Таратылу процесіндегі банк берген несиелер туралы мәлiметтер банк құпиясына жатпайды."; 3-тармақта "4-9" деген сандар "сандар "4-8" деген сандармен ауыстырылсын; 4-тармақта "5-9" деген сан "5-8" деген сандармен ауыстырылсын; 6-тармақ мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын; "д) салық органдарына: тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша."; 7-тармақ мынадай мазмұндағы е) тармақшасымен толықтырылсын: "е) салық органдарына: тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша."; 9-тармақ алып тасталсын; 9) 57-бапта: 4-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын: "Жүргiзiлген аудиторлық тексеру туралы есептiң және аудиторлық ұйым (аудитор) ұсыныстарының көшiрмелерiн банк Ұлттық Банкке табыс етуге тиiс. Аудиторлық ұйымның (аудитордың) банктiң қаржылық жағдайы немесе банк қызметiнiң басқа да мәселелерiн тексеру нәтижелерi туралы қорытындысы жеке құжат түрiнде ресiмделедi және коммерциялық құпия болып саналмайды. Аудиторлық ұйымның (аудитордың) есебiн және қорытындысын жасау тәртібіне қойылатын талаптар Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi."; 5-тармақта "есептiң көшiрмесi мен ақпаратты" деген сөздер "қорытындының көшiрмесiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 59-бапта: баптың атауындағы "Банк қызметiне" деген сөздер "Банк қызметiне, аудиторлық ұйымның (аудитордың) қорытындысына" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: үшiншi азатжолындағы "есебi барлық жағдайда жарамсыз деп танылады" деген сөздер "есебi, қорытындысы барлық жағдайда жарамсыз деп танылады" деген сөздермен ауыстырылсын. мынадай мазмұндағы г), д) тармақшаларымен толықтырылсын: "г) аудиторлық ұйымда (аудиторда) банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына Ұлттық Банктiң лицензиясы болмаса; д) есеп, қорытынды Ұлттық Банк белгiлеген стандарттарға немесе банк қызметiн аудиторлық тексерудiң нәтижелерiн ресiмдеу тәртібінiң талаптарына сай келмесе, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де жағдайларда."; 2-тармақта: а) тармақшадағы "есептерi" деген сөз "есептерiн, қорытындыларын Ұлттық Банк" деген сөздермен, "танылса" деген сөз "таныса" деген сөзбен ауыстырылсын; в), г) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: "в) жүргiзiлген аудиторлық тексерудiң (аудиторлық растаудың) нәтижелерi туралы қорытындының көшiрмесiн Ұлттық Банктiң сұратуы бойынша табыс етпесе; г) аудиторлық ұйым (аудитор) аудиторлық қызметке қатысты мәселелер бойынша көрiнеу бұрыс қорытындылар (растамалар) берген болса"; 11) 74-1-баптың 2-тармақшасында "массасына" деген сөзден кейiн "оған сақтау және есепке алу үшiн сенiп тапсырылған үшiншi тұлғаларға тиесiлi бағалы қағаздар және" деген сөздермен толықтырылсын; 12) III бөлiм мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын: "9-1-тарау. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiк 74-5-бап. Жалпы ережелер 1. Банк заңдарының бұзылуына кiнәлi банктер мен олардың лауазымды адамдары заң актілерінде белгiленгенiндей жауапты болады. Банктiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның мына лауазымды адамдары: бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары (соның iшiнде филиалдың), бас бухгалтерi мен оның орынбасарлары (соның iшiнде филиалдың) заңдарда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жауапқа тартылады. 2. Банк қызметiн не банк қызметiне аудиторлық тексеру Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясынсыз жүргiзiлген жағдайда бұл операциялардан (қызметтен) түскен кiрiстер заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық бюджетке алынады. 3. Банктерге (банктiң лауазымды адамына) айыппұл (өсiм) салуды және оларды өндiрiп алуды Ұлттық Банк не мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сот осы Жарлықта белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзедi. 4. Банктер валюта заңдарын бұзған жағдайда, банктер валюта заңдарына сәйкес жауап бередi. 5. Банкке осы Жарлыққа сәйкес жаза қолданылған жағдайда оның лауазымды адамдары осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмайды. 6. Банктер мен олардың лауазымды адамдары үшiн белгiленген жауапқа тартудың шарттары, негiздерi және тәртібі банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға да қолданылады. 74-6-бап. Ұлттық Банктiң банк қызметiне байланысты құқық бұзушылық үшiн айыппұл салуы мен өндiрiп алуының негiздерi 1. Ұлттық Банк банкке: а) Ұлттық Банкке ақпаратты ұдайы (үздiксiз жалғасқан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақытылы табыс етпесе немесе банк заңдарына сәйкес табыс ету талап етiлетiн мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етсе не бұрыс мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етсе - айлық есептiк көрсеткiштiң 400 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл; б) құқық бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқамаларды Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде орындамаса - айлық есептiк көрсеткiштiң 450 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл; в) Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бiрнеше мәрте (үздiксiз жалғасқан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзса - айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл; г) осы Жарлыққа сәйкес тыйым салынған не оның құқықтық қабiлетiнiң шегiнен шығатын операциялар мен мәлiметтердi жүзеге асырса - мәмiле сомасының 0,1 процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған кiрiс сомасының 50 процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл; д) банк операцияларын олардың нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзсе - есепке алынбаған мөлшерде айыппұл; е) бухгалтерлiк есептiң белгiленген стандарттарын немесе әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып бухгалтерлiк есеп жүргiзу не пруденциалдық нормативтердiң және (немесе) банк заңдарында айқындалған сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына алып келген банкiлiк немесе өзге де есептiлiктi жасауы - тиiсiнше есепке алынбаған соманың 5 процентiне дейiнгi мөлшерде не айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiнен аспайтын сомада айыппұл; ж) клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртібін бұзса - айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл салуға және олардан өндiрiп алуға хақылы. 2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде банктер жауапкершiлiгiнiң өзге де негiздерi көзделуi мүмкiн. 3. Осы бапта келтiрiлген негiздер бойынша банктерден өндiрiлiп алынған айыппұлдар сомасы республикалық бюджетке аударылады. 74-7-бап. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылыққа сот тәртібімен айыппұл мен өсiм салудың және оларды өндiрiп алудың негiздерi 1. Банк клиенттерге, несие берушiлерге және қарыз алушыларға банк қызметiн көрсетуге байланысты құқық бұзушылық жасаған ретте сот: а) ақша төлемi немесе аударымы жөніндегі нұсқауларды, ақшаны қолма-қол алу жөніндегі нұсқауларды уақытылы немесе дұрыс орындамағаны үшiн - ақша төлемi немесе аударымы жөніндегі нұсқаудың не ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талап сомасының әрбiр операциялық күн үшiн 0,02 процентi мөлшерiнде, бiрақ аталған соманың 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi өсiм; б) ақшаның банкке түскен күнiн есептемегенде, бiр операциялық күннен асырып, иеленушiнiң банк шотына ақшаны уақтылы немесе дұрыс енгiзбегенi үшiн - әрбiр операциялық күн үшiн ақша төлемi немесе аударымы жөніндегі нұсқаудың уақтылы енгiзiлмеген сомасының 0,02 процентi мөлшерiнде, бiрақ ақша төлемi немесе аударымы жөніндегі нұсқаудың уақтылы енгiзiлмеген сомасының 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi өсiм; в) клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтқаны үшiн - әрбiр төлем құжаты үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 50 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл салуға және оларды банктен өндiрiп алуға хақылы. Айыппұлдар мен өсiмдер сомасының осы тармақта аталған мөлшерi, егер айыппұлдардың, өсiмдердiң нақты мөлшерi шартпен белгiленбесе қолданылады. 2. Осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша айыппұлдар мен өсiмдер сомасын клиенттердiң, несие берушiлер мен қарыз алушылардың пайдасына өндiрiп алу олардың арыздары бойынша сот тәртібімен жүргiзiледi. 74-8-бап. Ұлттық Банктiң айыппұл салу және өндiрiп алу туралы материалдарды ресiмдеу және қарау тәртібі 1. Ұлттық Банк осы Жарлықтың 74-6-бабында және банктер мен олардың лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi туралы заң актілерінiң тиiстi нормаларында көзделген шараларды қолдануға негiз болып табылатын құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы тиiстi актiнi (хаттаманы) оған қажеттi құжаттарды қоса бере отырып жасайды. 2. Ұлттық Банктiң банк қадағалауын жүзеге асыратын қызметкерлерiнiң анықталған құқық бұзушылық туралы акт (хаттама) жасауға құқығы бар. 3. Анықталған құқық бұзушылық туралы актiнi (хаттаманы) және осы мәселе бойынша басқа да материалдарды Ұлттық Банктiң банк қадағалауын жүзеге асыратын бөлiмшесi тиiстi қорытындысымен қоса Ұлттық Банк Төрағасының, оның орынбасарының немесе Ұлттық Банк Басқармасының қарауына бередi. Ұлттық Банктiң Төрағасы немесе оның орынбасары өз өкiлеттiктерi шегiнде, анықталған құқық бұзушылық туралы материалдарды өздерi немесе Ұлттық Банктiң Басқармасы қарағанға дейiн бұл мәселенi Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесiнiң қарауына енгізуге хақылы, оның шешiмiнiң ұсынымдық сипаты болады. 4. Банктiң лауазымды адамына әкiмшiлiк жаза қолдану туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Төрағасы немесе оның орынбасары қабылдайды. Банкке айыппұл түрiнде санкция қолдану туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Басқармасы қабылдайды. 5. Банктердiң, банктердiң лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi туралы материалдарды ресiмдеудiң ерекшелiктерi және оларды Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның орынбасарының, Ұлттық Банк Басқармасының қарау тәртібі тиiстi заң актілерінiң талаптары ескерiле отырып, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады. 74-9-бап. Анықталған құқық бұзушылық туралы акт (хаттама) және Ұлттық Банктiң оны қарау мерзiмi 1. Анықталған құқық бұзушылық туралы актiде (хаттамада): оның жасалған күнi және орны, актiнi (хаттаманы) жасаған адамның лауазымы, тегi, аты-жөнi, құқық бұзушылықтың мәнiсi мен өзге де қажеттi мәлiметтер көрсетiледi. 2. Актiге (хаттамаға) оны жасаған адам, сондай-ақ банктiң тиiстi адамы қол қояды. Акт (хаттама) бойынша қарсылықтар немесе ескертпелер болған жағдайда актiде (хаттамада) бұл туралы ескертпе жасалады және оған жазбаша қарсылықтар, ал қажет болған жағдайда қосымша материалдар қоса берiледi. 3. Ұлттық Банктiң Төрағасы, оның орынбасары немесе Ұлттық Банктiң Басқармасы банктен, банктiң лауазымды адамынан айыппұл өндiрiп алу туралы табыс етiлген материал бойынша Ұлттық Банк Төрағасының, оның орынбасарының немесе Ұлттық Банк Басқармасының қарауына қажеттi құжаттар келiп түскен күннен бастап 30 күн iшiнде, бiрақ құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей өз өкiлеттiгi шегiнде шешiм қабылдайды. 4. Ұлттық Банк айыппұл өндiрiп алу туралы материалды қарау нәтижелерi туралы банктi, банктiң әкiмшiлiк жауапқа тартылған лауазымды адамын жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Ұлттық Банктiң айыппұлды өндiрiп алу туралы материал бойынша шешiмi осы баптың 5-тармағында айқындалған мерзiмде күшiне енедi. 5. Айыппұл салу және оны өндiрiп алу туралы тиiстi қаулымен келiспеген жағдайда банк, банктiң әкiмшiлiк жауапқа тартылған лауазымды адамы осы шешiмге бiр ай мерзiм iшiнде сотқа шағымдануға хақылы. Банк, банктiң әкiмшiлiк жауапқа тартылған лауазымды адамы аталған шешiмге сот тәртібімен шағымданған жағдайда қабылданған қаулының орындалуы дауды сот қарағанға дейiн тоқтатыла тұрады.";
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |