Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 қаңтардағы № 521-II ҚР Заңымен күші жойылды Бұл Заң, қорғаныс толымдылығы принципiне сәйкес, әскери тапсырыстар көлемiнiң азаюы немесе болмауы және осыған байланысты кәсiпорындардың өндiрiстiк қуаттары мен ғылыми-техникалық әлеуетiнiң конверсиялануы жағдайында халық шаруашылығының қорғаныс және онымен сабақтас салаларындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен ұйымдар қызметiнiң құқылық, ұйымдық және әлеуметтiк-экономикалық негiздерiн белгiлейдi. Заң республикалық және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы өкiмет органдарының конверсиялау барысында кәсiпорындармен, бiрлестiктермен және ұйымдармен қатынастарын реттейдi, нарықтық қатынастарға өту жағдайында оған барлық қатысушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi. Заң конверсиялау iсiн жүргiзу кезiнде туындайтын құқылық, экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу тәртібін анықтайды және конверсияланатын кәсiпорындардың ғылыми-техникалық әлеуетiн, өндiрiстiк қуаттары мен еңбек ресурстарын азаматтық мұқтаждарды қанағаттандыру үшiн тиiмдi пайдалануға бағытталған. 1-тарау Жалпы ережелер 1-бап. Негiзгi ұғымдар мен анықтамалар 1. Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау дегенiмiз қорғаныс және онымен сабақтас кәсiпорындардың бiрлестiктер мен ұйымдардың босаған өндiрiстiк қуаттары мен ғылыми-техникалық әлеуетiн әскери мұқтаждардан азаматтық мұқтаждарға iшiнара немесе толығымен қайта бағдарлау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|