|
|
|
Мал дәрiгерлiгi жөніндегі нормативтiк құқықтық және басқа актiлердi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.04.03 ж. № 407 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 шiлдедегi № 2377 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Мал дәрiгерлiгi жөніндегі мынадай нормативтiк құқықтық және басқа актiлер: Қазақстан Республикасы мемлекеттік мал дәрiгерлiк қызметi органдарының жүйесi туралы (1-қосымша); Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау туралы Ереже (3-қосымша); Шеттен әкелiнетiн және шетке шығарылатын малдарды, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын мемлекеттік шекара арқылы өткiзген кезде Мал дәрiгерлiк-санитарлық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі туралы Ереже (4-қосымша); Мемлекеттік мал дәрiгерлiк қызмет органдары сақтандыру және күресу шараларын мемлекеттік бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асыратын жұқпалы iндеттер тiзбесi (5-қосымша); Малдарды жатсындыруға және мал өнiмдерiн қолданудан алып тастауға жол берiлетiн аурулар тiзбесi (6-қосымша); ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3 және 8-абзацтарының күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. № 1787 қаулысымен. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiк комитетiне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Экономика министрлігіне және Әдiлет министрлігіне малдарды жатсындыру, олардың өнiмдерi мен шикiзаттарын қолданудан алып тастау және аса қауiптi жұқпалы паразитарлық аурулар кезiнде олардың құнын өтеу тәртібін әзiрлеу; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiк комитетi мен Қаржы министрлігіне айып төлету туралы ереженi, сондай-ақ оны Қазақ ССР-ның әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодексiне сәйкес мал дәрiгерлiгi заңдарын бұзуға қарсы қолдану ережесін әзiрлеу; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiк комитетiне аумақтық мал дәрiгерлiк қызметтер туралы ереженi белгiленген тәртiп бойынша әзiрлеп, бекіту тапсырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы № 1205 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы мемлекеттік мал дәрiгерлiк қызметi органдарының жүйесi туралы ЕРЕЖЕ 1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25-шiлдедегi "Мал дәрiгерлiгi туралы" Заң күшi бар № 2377 Жарлығының 7-бабына сәйкес мемлекеттік мал дәрiгерлiгi қызметi жүйесiне мыналар кiредi: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiк комитетi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 сәуірдегі № 472 қаулысына сәйкес құрылған мал дәрiгерлiгiн басқарудың республикалық органы; Мемлекеттік шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау Бас басқармасы; Республикалық, облыстық және аудандық мал дәрiгерлiк зертханалар; Мал ауруларымен күресетiн республикалық экспедиция; Малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулары жөніндегі Талдықорған аймақтық мал дәрiгерлiк зертхана; Облыстық, қалалық, аудандық мал дәрiгерлiк қызметтер; Облыстық, қалалық және аудандық мал дәрiгерлiк емдеу мекемелерi. 2. Мемлекеттік мал дәрiгерлiгi қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар: жануарларды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қорғау; халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау; мал өнiмдерi мен шикiзаттарының сапасына мал дәрiгерлiк-санитарлық бақылауды қамтамасыз ету; республика аумағын басқа мемлекеттерден мал аурулары енуiнен қорғау; мал дәрiгерлiгiнде пайдаланылатын диагностикалық, емдiк және профилактикалық құралдар сапасына бақылау жасау; мал ауруларымен күресу құралдарын және әдiстерiн әзiрлеу, оларды пайдалану, мал өнiмдерi мен шикiзатының санитарлық сапасын қамтамасыз ету, айналадағы ортаның мал дәрiгерлiк-санитарлық тұрғыда ластануына жол бермеу. 3. Мемлекеттік мал дәрiгерлiк қызмет органдары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген құқықтарды пайдаланады. 4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік мал дәрiгерлiгi қызметiнiң органдары өз қызметiнде Конституцияны, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мал дәрiгерлiгi туралы" Заң күшi бар Жарлығын, Президенттiң басқа да жарлықтары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерін, Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрықтарын және Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң нормативтiк актілерін басшылыққа алады. 5. Мемлекеттік мал дәрiгерлiк қызмет органдары жүйесiнiң мекемелерi мен ұйымдарын қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы № 1205 қаулысына 2-қосымша ЕСКЕРТУ. 2-қосымшаның күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. № 1787 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы № 1205 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау туралы ЕРЕЖЕ 1. Мемлекеттік мал дәрiгерлiк қызметтiң басқару органдары мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау органдары болып табылады, олар: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiк комитетi (бұдан әрi - Мал дәрiгерлiк комитет), Шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау бас басқармасы, Мал дәрiгерлiк комитетiнiң құрамына енетiн облыстық аумақтық мал дәрiгерлiк қызметтер, мал дәрiгерлiк учаскелер және басқа мемлекеттік мал дәрiгерлiк органдар. 2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалауды мына лауазымды адамдар: Ауыл шаруашылығы министрлігі мал дәрiгерлiк комитетiнiң төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік мал дәрiгерлiк инспекторы және оның орынбасарлары; Шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау бас басқармасының бастығы - сонымен қатар Шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау жөніндегі Мал дәрiгерлiк комитетi төрағасының орынбасары, әрi Шекарадағы және көлiктегi Бас мемлекеттік мал дәрiгерлiк инспектор және оның орынбасарлары - Шекарадағы және көлiктегi Бас мемлекеттік мал дәрiгерлiк инспектордың орынбасарлары болып табылады; облыстардың бас мемлекеттік мал дәрiгерлiк инспекторлары және олардың орынбасарлары, қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік мал дәрiгерлiк инспекторлары және олардың орынбасарлары, Мал дәрiгерлiк комитетi басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары, бас және жетекшi мамандары, облыстық аумақтық мал дәрiгерлiк қызметтердiң бөлiм бастықтары бас және жетекшi мал дәрiгерлерi, қалалық және аудандық мемлекеттік мал дәрiгерлiк қызметтердiң басшылары, мемлекеттік шекара мен көлiктегi мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау бөлiмшелерiнiң, мал дәрiгерлiк учаскелердiң мал дәрiгерлерi жүзеге асырушылар болып табылады. 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік мал дәрiгерлiк қызметiнiң лауазымды адамдары қызмет көрсетiлетiн аумақ шегiнде: министрлiктер, ұйымдар, меншiктiң барлық нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Президентінің "Мал дәрiгерлiгi туралы" Заң күшi бар Жарлығын, Президенттiң басқа да жарлықтары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерін, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрiнiң мал дәрiгерлiгi мәселелерi жөніндегі бұйрықтарын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрiгерлiк комитетiнiң нормативтiк актілерін орындауына; iндетке қарсы (адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қоса алғанда), жануарлардың жұқпалы, паразиттiк және жұқпалы емес жаппай ауруларының алдын алу және оларды жою, сондай-ақ республика аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың аса жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөніндегі шаралар жоспарларының орындалуына; ведомстволық және жеке кәсiпкерлiк мал дәрiгерлiк қызмет пен мал дәрiгерлiгi мамандарының жұмыстарына; ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының, басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, ет-сүт ұқсату кәсiпорындарының, ет тоңазыту комбинаттарының, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын дайындайтын, ұқсататын, сақтайтын және өткiзетiн кәсiпорындардың, базарлардың, жәрмеңкелер мен басқа да тағамдық өнiмдердi сататын сауда орындарының мал дәрiгерлiк-санитарлық жағдайына; мал шаруашылығы және мал дәрiгерлiк объектiлерiн, мал сою, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын ұқсату және сақтау кәсiпорындарын жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалану кезiнде белгiленген зоогигиеналық нормалар мен мал дәрiгерлiк-санитарлық талаптардың сақтауына; малдарды, олардың өнiмдерi мен шикiзаттарын тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарының мал дәрiгерлiк-санитарлық өңдеуден өтуiне; малдарды, олардың өнiмдерi мен шикiзаттарының iшкi ауысулары, оларды өткiн асырып әкету, шеттен әкелу және шетке шығару кезiнде мал дәрiгерлiк талаптардың сақталуына; биологиялық және басқа да мал дәрiгерлiк препараттарды шығару кезiнде өндiрiс технологиясы мен белгiленген мал дәрiгерлiк талаптардың сақталуына; малдардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын, вакцина штаммдары мен құрамында тiрi микроорганизмдерi бар диагностикумдарды Қазақстан Республикасына шеттен алып келу және оларды шетке шығару тәртібіне; ғылыми зерттеулер жүргiзу мақсатында микроорганизмдер штаммдарын және олардың гендiк қасиетi өзгерген түрлерiн сатып алу, сақтау және пайдалану тәртібіне; өндiрiстiң мал дәрiгерлiк-санитарлық тұрғыдан аттестациялануына, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң, жемшөптiң және қосымша азықтардың сапасына; мал шаруашылығында, мал дәрiгерлiгiнде биологиялық және басқа мал дәрiгерлiк препараттарды қолдануға, жемшөптi пайдалануға (құрамында уландыратын және басқа зиянды заттары бар азықты малға бергiзбеу мақсатында) мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асырушы лауазымды адамдар; қызмет куәлiгiн көрсету арқылы мал дәрiгерлiк қадағалау объектiлерiне кедергiсiз кiруге және байқаған кемшiлiктердi жою жөнiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге; лауазымды адамдар мен азаматтардан iндеттiк жағдайы анықтауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды талап етуге; министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге, өзге де орталық атқарушы органдарға, ұйымдар мен азаматтарға мал дәрiгерлiк-санитарлық және iндетке қарсы шаралар өткізу туралы орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге; министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге және басқа орталық атқарушы органдар мен меншiктiң барлық түріндегі ұйымдарға (қажет болған жағдайда мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен бiрлесе отырып) қолданылып жүрген зоогигиеналық, мал дәрiгерлiк-санитарлық, санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге негiзделген мал шаруашылығы объектiлерiн, малдар мен құстарды соятын, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын ұқсататын және сақтайтын кәсiпорындарды, қайта өңдейтiн зауыттарды, құрама жем зауыттарын, балық өсiру шаруашылықтарын, малдарды қолдан ұрықтандыру стансаларын және басқа мал шаруашылығы объектiлерiн жоспарлау және оларды салу жобалары бойынша, сондай-ақ осы объектiлердегi сарқынды суларды залалсыздандыратын ғимараттардың жобалары бойынша орындалуы мiндеттi қорытындылар беруге; аталған құрылыстардың барлық түрлерiне жер учаскелерiн бөлiнгенде жануарларға арналған су дуалдарына орын таңдау, ет комбинаттарын, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын ұқсататын және сақтайтын басқа да кәсiпорындарды сумен қамтамасыз ету жобалары бойынша қорытындылар беруге; пайдалануға берiлетiн мал шаруашылығы объектiлерiнiң, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын ұқсататын, сақтайтын кәсiпорындардың қолданылып жүрген зоогигиеналық нормаларға және мал дәрiгерлiк-санитарлық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар беруге; барлық ұйымдарға, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге, азаматтарға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбедегi аса қауiптi карантиндiк жұқпалы аурулармен ауырған жағдайларда жануарларды жатсындыру, сою, кәдеге жарату немесе жойып жiберу, сондай-ақ ауруына байланысты пайдалануға жарамсыз деп танылған мал өнiмдерi мен шикiзаттарын қолданудан алып тастау, ұқсату немесе басқаша пайдалану туралы орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге; жұқпалы аурулардың таралып кетуiн болдырмау мақсатында ұйымдарға, меншiктiң барлық нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен азаматтарға малдарды, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын әкелуге және қолданылып жүрген заңдарда көзделген жағдайларда тыйым салуға; анықталған кемшiлiктердi жойғанға дейiн жануарлар денсаулығына немесе өнiмдер сапасына зиянды әсер ету қаупiне жол бермеу мақсатында малдарды, мал еттерiн, басқа да мал өнiмдерi мен шикiзаттарын, қоспа жемшөптердi көлiктердiң барлық түрлерiмен тасымалдауға тыйым салуға; қажеттi мал дәрiгерлiк-санитарлық және iндетке қарсы шаралар өткiзiлгенге дейiн мал шаруашылығы объектiлерiн, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын ұқсататын және сақтайтын кәсiпорындарды малдардың жұқпалы ауруларға байланысты ауыр халдерi анықталса немесе аталған объектiлердiң мал дәрiгерлiк-санитарлық жағдайы қанағаттанғысыз деп белгiленсе, онда оларды пайдалануға тыйым салуға; зоогигиеналық нормалар мен мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелер бұзылған жағдайда, анықталған кемшiлiктер жойылғанға дейiн, өндiрiстiк үйлер мен ғимараттар құрылысын және олардың қайта жаңартылуын тоқтатуға, жаңадан тұрғызылған, қалпына келтiрiлген және қайта жаңартылған мал шаруашылығы объектiлерiнiң, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын ұқсататын және сақтайтын мекемелердiң пайдаланылуын тоқтатуға, бұл жөнiнде осы объектiлердi жүргiзетiн министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ осы объектiлер құрылысын және олардың қайта жаңартылуын қаржыландыратын банкiлерге хабарлауға құқықты. 5. Мемлекеттік шекарада және көлiкте мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік мал дәрiгерлiгi қызметiнiң лауазымды адамы қызметтiк мiндетiн орындау барысында пiшiмдi киiм киiп жүредi, оның құнының жартысын өздерi төлейдi. Пiшiмдi киiм киiп жүру туралы ереженi Ауыл шаруашылығы министрi бекiтедi. 6. Мемлекеттік мал дәрiгерлiк қызмет лауазымды адамдарының мiндеттерiн орындауға қандай да болмасын кедергi келтiру, сондай-ақ олардың iсiне араласу заңға сәйкес қудаланады. 7. Лауазымды адамдар мен азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің "Мал дәрiгерлiгi туралы" Заң күшi бар Жарлығының 29-бабында белгiленген мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелердi бұзғаны үшiн жауапқа тартылады. Мемлекеттік мал дәрiгерлiгi қызметiнiң мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асырушы лауазымды адамдары, лауазымды адамдар мен азаматтарға арналған мал дәрiгерлiгi ережелерiн бұзған жағдайда оларға Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақ ССР-ның әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексiне өзгертулер енгізу туралы" 1995 жылғы 4 қыркүйектегi № 2450 Заң күшi бар Жарлығында белгiленген мөлшерлерде айыппұл салынады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы № 1205 қаулысына 4-қосымша Шеттен әкелiнетiн және шетке шығарылатын малдарды, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын мемлекеттік шекара арқылы өткiзген кезде мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау мен республика аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың аса қауiптi жұқпалы және паразитарлық ауруларын әкелуден қорғау жұмыстарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiк комитетi (бұдан әрi - Мал дәрiгерлiк комитет), Шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау мемлекеттік басқармасы және олардың темір жол стансаларындағы, әуежайлардағы, автомобиль жолдары мен пошта үйлеріндегі аумақтық қызметтерi жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалауға көлiктiң кез-келген түрiмен тасылатын жөнелтулердiң түрлерiн, қол жүгiн қоса алғанда: жануарлар - үй жануарлары, жабайы жануарлар, зоопарк, цирк, зертхана жануарлары, үй құстарының, декоративтiк және жабайы құстардың барлық түрлерi, теңiз аңдары, кроликтер, аралар, балықтар және басқа гидробионттар, ұрықтандырылған уылдырық және клетка (зигота) шаяндар, жібек көбелектерi және олардың пiлләлары, қолда ұсталған аңдар, сондай-ақ жердегi және қос мекендi организмдер түрлерi; өнiмдер - ет және ет өнiмдерi (үй, жабайы және теңiз жануарларының) және олардың жартылай өңделген өнiмдерi, оның iшiнде жануарлардың бас-сирақ, өкпе-бауырлары, ет концентраттары, шұжықтар, ет, балық консервiлерi, сүт, құрғақ сүт, балық және балық өнiмдерi, жұмыртқа және жұмыртқадан жасалған өнiмдер, меланж, бал және ара шаруашылығы өнiмдерi, құстар мен жабайы құстар ұшалары (тушки); шикiзаттар - жануарлардың барлық түрлерiнiң терiлерi (үй, жабайы және теңiз жануарларының) және олардың жартылай өңделген өнiмдерi, аң терiлерi, жуылған және жуылмаған жүндер, жүн қыл-қыбырлары, мамықтар, қауырсындар, эндокриндiк және шек шикiзаттары, қан, сүйек, мүйiздер мен тұяқтар, жалдар, құйрықтар, шошқа қылдары, сондай-ақ басқа да жануар тектестер шикiзаттары; азықтар - ет, сүйек, ет-сүйек және балық ұны, шөп ұны, балықтарға арналған құрғақ құрама жемдер мен тiрi азықтар, өсiмдiктен алынған азықтар, жемдiк астық, бидай, жүгерi, бұршақ, құрама азықтар, жем қоспалары және қосымша жемдер, кебектер, шроттар, күнжара, азықтық тамыржемiстер, пiшен, пiшендеме және жануарларға арналған басқа да азықтар, мақта және мақта өндiрiсiнiң қалдықтары, бор, известь, ұны, азықтық тұз, бақалшақтар (жануарлар мен құстарды азықтандыруға пайдаланылатын); мал дәрiгерлiк препараттар - микробтық және вирустық дақылдар, саңырауқұлақтар, биологиялық және мал дәрiгерлiк препараттар және медикаменттер, жануар тектестердi коллекциялау заттары, аңшылық олжалар, сондай-ақ жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын таратушылар бола алатын басқа да заттар мен материалдар; жануарлар ұрықтары мен эмбриондары жатады. ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.09. № 651 қаулысымен. 3. Мемлекеттік шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау: тексерiлетiн жүктердiң барлық түрлерiн мемлекетаралық тасымалдау кезiнде мал дәрiгерлiгi ережелерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады; мүдделi республикалық органдармен бiрлесе отырып тексерiлетiн жүктердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiн белгiлейдi және оларда мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалауды ұйымдастырады. 4. Мал дәрiгерлiк комитетi республика аумағын мал ауруларының қауiптi жұқпалы және паразитарлық қоздырғыштарын әкелуден қорғау жөнiнде мемлекеттік бағдарлама әзiрлеп, оны бекіту үшiн Үкiметке ұсынады. 5. Мемлекеттік шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалауға: басқа мемлекеттерден түскен бақылаудағы жүктердi қарап, тексеруге және кейiнгi тасымалдаудың мүмкiндiктерi мен шарттары туралы шешiмдер қабылдауға; теңiз және өзен порттарына (кемежайларға), әуежайларға, темір жол стансаларына, пошта үйлерiне, карантин базаларына, тиеу-түсiру алаңдарына, меншiктiң барлық түріндегі басқа да мекемелерге, сондай-ақ дайындау, сақтау және ұқсату жұмыстарымен, бақылаудағы жүктердi экспорттық-импорттық тасымалдаумен айналысатын мекемелер аумағына кедергiсiз кiрiп-шығуға, тазартылған аймаққа кiру қажет болған жағдайда шақыру арқылы жүзеге асырылады; кеден, теңiз және өзен порттары (кемежайлар), әуежайлар, темір жол стансалары басқа да мекемелер әкiмшiлiктерiнен әкелiнетiн, сақталатын және жiберiлетiн бақылаудағы жүктер туралы барлық қажеттi мәлiметтер мен тиiстi құжаттарды алуға; Мал дәрiгерлiк комитетiнiң рұқсатынсыз, тиiстi мал дәрiгерлiгi сертификатынсыз Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнетiн және шетке шығарылатын бақылаудағы жүктердi кiдiртуге, өнiм беру жөніндегі мал дәрiгерлiк шарттар бұзылған жағдайда бұл жүктердi тиеу, түсiру және өткiн асырап әкетудi тоқтатуға немесе тыйым салуға; бақылаудағы жүктердi тасымалдау кезiнде анықталған мал дәрiгерлiк ереже бұзушылықтарды жою туралы орындалуы мiндеттi бұйрықтар беруге, белгiленген тәртiп бойынша бақылаудағы конфискеленген жүктердi өткізу немесе жойып жiберу туралы шешiмдер қабылдауға; тексеруге және кейiнгi зертханалық зерттеулерге арналған мал шаруашылығы өнiмдерi мен шикiзаттарының сынамалық үлгiлерiн iрiктеуге құқық берiледi. Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. № 1132 қаулысымен. 6. Шекараның мал дәрiгерлiк бақылау пункттерi шетке шығарылатын бақылаудағы жүктерге мал дәрiгерлiк сертификаттар бередi, ал республикаға шеттен әкелiнетiн бақылаудағы жүктерге мал дәрiгерлiк куәлiктер бередi, аумақ арқылы бақылаудағы жүктердi шеттен әкелу және өткiн асырып әкету кезiнде басқа құжаттарды ресiмдейдi. 7. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрiгерлiк комитетiнiң, сондай-ақ шекарадағы мал дәрiгерлiк бақылау пункттерiнiң республика аумағын басқа мемлекеттерден малдардың жұқпалы және паразитарлық ауруларын әкелуден қорғау мәселелерi жөніндегі ережелерi, қағидалары және басқа нормативтiк актілері барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың, республикаға әкелiнген жүктер мен көлiк иелерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. 7-1. Малдәрiгерлiк қадағалау қызметiнiң заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсеткенi үшiн түсетiн қаражаттар республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледi деп белгiленсiн. ЕСКЕРТУ. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. № 708 қаулысымен. 8. Шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау өз мiндеттерiн Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетпен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Кеден комитетiмен, Сыртқы iстер министрлігімен, Iшкi iстер министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Көлiк және коммуникациялар министрлігімен, Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесе отырып жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы № 1205 қаулысына 5-қосымша Мемлекеттік мал дәрiгерлiк қызмет органдары сақтандыру және күресу шараларын мемлекеттік бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асыратын жұқпалы iндеттер ТIЗБЕСI Жануарлардың бiрнеше түрлерiне ортақ iндеттер - құтыру, бруцеллез, Ауески ауруы, кампилобактериоз, ақ қан кеселi, лептоспироз, листериоз, пастереллез, сальмонеллез, сiбiр язвасы (терi шикiзатын асколизациялаудан басқа), трихинеллез, туберкулез, аусыл (сарып) эхинококкоз, Ку қыздырмасы, токсаплазмоз. Мүйiздi iрi қара мал аурулары - вирусты диарея, жұқпалы ринотрахеит, псороптоз, парагрипп, оба, көршиқан (эмкар), солма. Мүйiздi ұсақ мал аурулары - анаэробты энтеротоксемия, төлдердiң анаэробты қантышқағы, ұлтабар құрты, брадзот, қойлардың жұқпалы эпидидимитi, жұғымтал эктима (қой мен ешкiнiң қара сүйелi), мониезиоз (таспақұрт ауруы), жұмыртқұрт ауруы, шешек, жай өрбитiн жұқпалы аурулар (скрепи, маэдивисна), псороптоз, хламидиоз, айналма. Жылқы аурулары - африка обасы, жұқпалы қан аздық, энцефаломиелит, маңқа (сары қолқа), сақау, сальмонеллездi iш тастау, қарақаптал, iндеттi лимфангоит (бластомикоз), тымау, ринопневмония. Түйе аурулары - бұзаутаз, су-ауру, iндеттi лимфангоит, оба, паратуберкулез, контагиозды эктима. Шошқа аурулары - африка обасы, классикалық оба, Тешен ауруы, тiлме, қантышқақ, трихинеллез. Құс аурулары - жұқпалы ларинготрахеит (ЖЛТ), кокцидиоз, Ньюкасл ауруы, Гамборо ауруы, Марек ауруы, шешек. Мамық жүндi аңдар мен қояндар аурулары - қара күзендердiң алеут ауруы, қояндардың вирусты геморрагиялық аурулары, қара күзендердiң жұқпалы энцефалопатиясы. Ит пен мысық аурулары - етқоректiлер обасы, құтыру. Балық аурулары - тұқы балықтардың гемморрагиялық септицемиясы, дифиллоботриоз, описторхоз. Ара-аурулары - варроатаз, аскоферез. Ескерту: Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнде мемлекеттік мал дәрiгерлiгi желiсiнiң мекемелерi өткiзетiн малдардың жұқпалы ауруларының алдын алу, олардың таралып кетуiн болдырмау және оларды жою жөніндегі шаралар мемлекеттік бюджет есебiнен қаржыландырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы № 1205 қаулысына 6-қосымша Малдарды жатсындыруға және мал өнiмдерiн қолданудан алып тастауға жол берiлетiн аурулар ТIЗБЕСI 1. Малдар аса қауiптi жұқпалы және паразитарлық ауруларға шалдыққан кезде оларды жатсындыруға жол берiледi:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |