«Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту Күрделi эпидемиологиялық жағдайды еңсеру, дәрiгерлiк қызмет көрсету сапасын түбiрiмен жақсарту, көрсетiлетiн қызметтер көлемiн ұлғайту және азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын iске асыру мақсатында қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: 1) бес жасқа дейiнгi балалардың жаппай иммунитетiн нығайтуға дереу кiрiсетiн болсын; 2) жаңа туған сәбилерге Б вирустық гепатитiне қарсы вакцина егу бағдарламасын iске асыруға, ал дерттену мейлiнше көп тараған аймақтарда - балаларға А вирустық гепатитiне қарсы вакцина егуге кiрiссiн; 3) 1998 жыл iшiнде туберкулезге шалдыққан науқастарды Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ұсынған әдiстеме бойынша емдеу бағдарламасын енгiзсiн; 4) жаңа туған сәбилердiң жыл сайын иммунитетiн нығайтумен толық қамтылуын қамтамасыз етсiн; 5) осы мақсаттарға арнап қажеттi қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын. 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен 1998 жылғы 1 шiлдеге дейiн: 1) өнеркәсiп орындарының атмосфера мен суға тасталатын қалдықтарының жол берiлетiн деңгейiне қойылатын талаптарды қатайтуды; 2) халықты ауыз сумен жабдықтаудың дәйектi түрде жақсартылуын; 3) қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудiң жетiлдiрiлуiн; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|