|
Ресей Федерациясы ?кіметi мен Қазақстан Республикасы ?кіметi арасындағы Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді Ресей Федерациясы ?кіметi мен Қазақстан Республикасы ?кіметi, бұдан былай - "Келiсушi Жақтары" деп аталатын болады, - транспорт саласындағы ынтымақтастықты одан әрi дамытуға ынталанысты басшылыққа ала отырып, екi елдiң арасындағы жүк және жолаушылар қатынасын, сондай-ақ оларды өз территориялары арқылы үшiншi елдерге транзиттiк түрде өткізудi жеңiлдету мақсатымен, төмендегi келісімдерге келдi: Келiсушi Жақтары транспорттың барлық түрлерi саласындағы өзара экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыта және тереңдете беретiн болады. Келiсушi Жақтардың әрқайсысы өзара сенiмдiлiк принциптерiне сүйене отырып, екi ел арасында жолаушылар мен жүк тасымалдайтын және олардың территориялары арқылы транзиттiк түрде өтетiн екiншi Келiсушi Жақтың транспортының барлық түрлерiнiң жұмысына өз территориясында қолайлы жағдайлар туғызуды қамтамасыз етiп отырады. Осы Келісім негiзiнде Келiсушi Жақтардың бiрiнiң тасушылары екiншi жақтың территориясы арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдағанда, сондай-ақ олардың тасымалдау iсiн атқаратын транспорттық құралдары жолдарды және басқадай қатынастық құбырларды пайдалану мен күтiп ұстауға қатысты, немесе осы транспорттық құралдарға олардың игiлiгi мен пайдалануына қатысты салынатын салықтардан және мемлекеттік алымдардан, сондай-ақ тасымалдау жұмыстарынан түсетiн табыстары мен пайдаларына салынатын салық пен алымдардан босатылатын болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|