Халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбір ережелердi бiрдейлендiру үшiн Варшава қаласында
2001 ж. 25 маусымдағы № 215-II Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы осы Хаттамаға қосылды
Қол қойған үкiметтер халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбір ережелердi бiрдейлендiру үшiн Варшава қаласында 1929 жылғы 12 қазанда қол қойылған Конвенцияға түзетулер енгізу орынды деп есептей отырып, төмендегi туралы келісімге келдi:
I ТАРАУ КОНВЕНЦИЯҒА ЕНГIЗIЛЕТIН ТYЗЕТУЛЕР I бап
Конвенцияның 1-бабында: а) 2-параграф алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын: «2. Осы Конвенцияның мағынасында халықаралық тасымал деп, егер аялдама екiншi мемлекеттiң аумағында, тiптi осы Мемлекет Мәртебелi Уағдаласушы Тарап болып табылмаса да, Тараптар анықтамасына орай тасымалда немесе қайта тиеуде үзiлiс бар ма, жоқ па, шығу орны мен бару орны екi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағында, не болмаса сол бiр Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағында орналасқанына қарамастан, кез келген тасымал аталады. Бiр Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағындағы екi пункттiң арасындағы осындай аялдамасыз тасымал осы Конвенцияның мағынасында халықаралық тасымал ретiнде қаралмайды». б) 3-параграф алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын: «3. Бiрнеше дәйектi әуе тасымалдаушылары арқылы жүзеге асыруға жататын тасымал осы Конвенцияны қолдану мағынасында, егер оны Тараптар, ол бiр шарт немесе бiрнеше шарт түрiнде жасалғанына қарамастан, бiр операция ретiнде қараса және ол бiр немесе бiрнеше шарттар дәл бiр мемлекеттің аумағында толық орындалуы тиiс болғандықтан ғана өзiнiң халықаралық сипатын жоғалтпаса, бiртұтас тасымалды құрайтын болып есептеледi». II бап Конвенцияның 2-бабындағы 2-параграф алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын: «2. Осы Конвенция почталық хат-хабарды және почта жiберiлiмдерiн тасымалдау кезiнде қолданылмайды». III бап Конвенцияның 3-бабында: а) 1-параграф алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын: «1. Жолаушыларды тасымалдау кезiнде: а) шығу орны мен бару орны көрсетiлген; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|