Мәжбүрлі еңбекті жою туралы № 105 Конвенция Конвенция Қазақстан Республикасының 14.12.00 ж. № 117-II Заңымен бекітілді Женевада Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi шақырған және 1957 жылдың 5 маусымында өзiнiң қырқыншы сессиясына жиналған, Халықаралық Еңбек ұйымының Бас Конференциясы сессияның күн тәртібінiң төртiншi тармағы болып табылатын мәжбүрлi еңбек туралы мәселенi қарап, 1930 жылғы Конвенцияның мәжбүрлi еңбек туралы ережелерiн ескере отырып, мiндеттi немесе мәжбүрлi еңбек құлдыққа тең жағдайларға апарып соқтырмауы үшiн барлық шаралар қолдануды көздейтiн құлдық туралы 1926 жылғы Конвенцияны және борышқор кiрiптарлық пен басыбайлы тәуелдiлiктi толық жоюды көздейтiн құлдықты, құл саудасы мен құлдыққа ұқсас институттар мен ғұрыптарды жою туралы 1956 жылғы Қосымша конвенцияны назарға ала отырып, жалақыны қорғау туралы 1949 жылғы Конвенция жалақының уақытында төленуiн көздейтiнiн және еңбеккерлердiң жұмыстан кету мүмкiндiгiнен айыратын қандай да болсын еңбекақы жүйесiн қолдануға тыйым салатынын назарға ала отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында айтылған және Жалпыға бiрдей адам құқығы декларациясында жарияланған мәжбүрлi және мiндеттi еңбектiң кейбір түрлерiн жоюға қатысты қосымша ұсыныстар қабылдауға қаулы ете отырып, осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын берудi шеше отырып, осы бiр мың тоғыз жүз елу жетiншi жылдың жиырма бесiншi маусым айында, мәжбүрлi еңбектi жою туралы 1957 жылғы Конвенциясы деп аталатын төмендегi Конвенцияны қабылдайды: Осы Конвенцияны бекiтетiн Халықаралық Еңбек Ұйымының әрбiр Мүшесi мәжбүрлi немесе мiндеттi еңбектi жоюға және оның қандай да бiр болмасын нысанына: a) саяси ықпал ету немесе тәрбие құралы ретiнде немесе белгіленген саяси, әлеуметтiк немесе экономикалық жүйеге қарсы саяси көзқарасын бiлдiргенi немесе идеологиялық сенiмi болғаны үшiн жазалау шарасы ретiнде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|